86
табаққа аппақ тастарды шашып жібергенде,
жарқ-жұрқ еткен,
шағылысқан сиқырлы күлкі. Қыздың күлкісіне табынған лири-
калық кейіпкер бүкіл әлемге ғашық екенін жариялап, сезім отына
күйгелі алысқа қол созады. Отты сезім, тәтті қиял, арман, мұң,
махаббат – мұның бәрі де кейіпкердің бойында. Бұл - образдың
жасалу ерекшелігі.
Дегбірсізденген лирикалық қаһарман қыз алдында махаб-
бат үшін өлімге де даяр. Лирикалық кейіпкерге қатысты уақыт
пен кеңістікте шекара жоқ. Лирикалық қаһарманның ішкі әле-
міндегі ғашықтық сезімі романтикалық поэзияға тән (жұлдыздан
жүзік жасап, айды мойнына алқа ету) көтеріңкі леппен, құштар-
лықпен жырланады. Алайда лирикалық қаһарманды
шығарма-
ның нақты авторымен бір деп қарамаған дұрыс. Кейде лирика-
лық қаһарман авторға сезімдік күйлердің ортақтығына орай жа-
қын болуы мүмкін, дегенмен олардың арасында айырмашылық
бар, өйткені автордың әр шығармасындағы лирикалық қаһар-
манда оның адамдық тұлғасының бір бөлігі, кішкене бөлшегі
болады. Соның нәтижесінде оқырман да өзін лирикалық қаһар-
манға теңестіреді.
Автор ғана емес, лирикалық қаһарман басы-
нан кешірген сезімдерге тебіренген, ерекше әсерге бөленген
шығарманың оқырманы да лирикалық қаһарманға айналады
деуге болады.
Драмалық образдың жасалуында тартыстың мәні зор. Бұл
ерекшелік драма жанрының табиғатынан туындайды. Драмада
авторлық баяндаулар мен суреттемелер, ұзақ сипаттамалар жоқ.
Кейіпкер
бейнесі портрет, пейзаж, мінездеудің түрлері арқылы
да жасалмайды. Драмада кейіпкердің характерін, жан дүниесін
танытатын басты бейнелеу тәсілдері - диалог пен монолог.
Кейіпкердің сөз саптауы, сөйлеу мәнері,
өзін ұстауы мен іс-
әрекеті, қимыл-қозғалысы арқылы оның психологиялық ерекше-
ліктерін, мінез-құлқын аңғарамыз. Сондықтан драмалық бейне-
лердің жасалуында кейіпкер тілі басты роль атқарады. Кейіпкер
мінезі драманың негізін құрайтын қарама-қайшылықта, бітіспес
тартыста шыңдалады. Драмалық образ сахнада қолма-қол жаса-
лады. Сондықтан оны сахналық бейне деп атайды. Пьеса сахнада
қойылатындықтан драмалық образдың сомдалуына өз кезегінде
актер де қатысып, шеберлік те шешуші роль атқарады. Мысалы:
87
Қазіргі театр репертуарларынан түспей жүрген тәуелсіздік жыл-
дарында жазылған Д.Исабековтің «Актриса» драмасындағы
Айгүл Асанованың бейнесін сахнада Д.Темірсұлтанова сомдады.
Өнердің қиын да ауыр жолындағы қарапайым қазақ әйелінің тағ-
дырын бейнелеуде қандай дәрежеде болсын актердің де өзіндік
үлес қосатыны белгілі.
Достарыңызбен бөлісу: