С. Жайлауов физикалық химия


§ 38. СҰЙЫҢ — ГАЗ ЖАНАСУ ШЕПНДЕГІ АДСОРБЦИЯ



бет84/127
Дата21.11.2022
өлшемі2.46 Mb.
#465352
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   127
Ñ. Æàéëàóîâ ôèçèêàëû? õèìèÿ

§ 38. СҰЙЫҢ — ГАЗ ЖАНАСУ ШЕПНДЕГІ АДСОРБЦИЯ
(159) теңдеуден беттегі бос энергияньщ өлшемі бірліктегі бет-тік керілу күші өлшемімен бірдей екені байқалады. Ал беттік ке-рілу күші деп сұйық бетін шектейтін сызықтың бірлік өлшеміндегі ауданға әсер етуші күшті айтады. Әдетте беттік құбылыстарды талқылағанда беттегі бос беттік энергия деп айтпайды, тек ғана беттік керілу дейді. Мұның басты себебі беттік керілу деген ұғым суйық-гал немесе суйық-суйық сияқты системалардағы жанасу ше-гінде жиі кездеседі және оның мәнін тікелей өлшеп табуға болады.
Таза сұйықтардың беткі қабатының құрамы оның бүкіл көле-міндегі қүраммен бірдей болады. Сондықтан да еріткіште кез кел-ген затты еріткенде үш түрлі жай болуы мүмкін: берілген заттың еріткіште еруі оның беттік керілісін өзгертпейді; берілген заттың еріткіште еруі еріткіштің беттік керілуін жоғарылатады; берілген заттың еріткіште еруі оның беттік керілуін төмендетеді.
Термодинамиканың екінші заңына сәйкес беттік энергия өзінің ең кіші мәніне үмтылатындықтан, берілген зат еріткіштің беттік керілуін төмендетсе, онын, беткі қабатындағы еріген заттың кон-центрациясы ерітіндінің көлеміндегіден артық болуы керек. Ал еріткіштін, беттік керілісін арттыратын болса, онда ерітіндінің бет-кі қабатындағы еріген заттың концеитрациясы ерітінді көлемінде-гіден кем болуы керек. Олай болса, сұйық-газ жанасау шегінде еріген зат концентрациясы өзгереді, яғни адсорбция құбылысы байқалады.
Сұйық-газ жанасу шегіндегі адсорбцияны қатты дене — газ жанасу шегіндегі адсорбция процесімен салыстырсақ, ол өзіне тән кейбір сипаттамаларымен ерекшеленеді екен. Біріншіден, сұйық бетіндегі бөліктердін, бірдей немесе бір сипатта болуы адсорбтив молекулаларыньщ белгілі бір бөліктерге бағытталуын, жиірек шорырлануын болдырмайды. Екіншіден, адсорбтив молекулалары-ның сұйықтағы беткі қабатта емін-еркін жылжып, жылулық қоз-галыста болуға мүмкіндігі бар. Сол сияқты қатты адсорбенттің беткі қабатын анықтаудан сұйықтың адсорбциялайтын беткі қа-батының ауданын (5) дәл есептеп, өлшеу жеңіл. Суйық—газ жа-насу шегіндегі адсорбция процесінің тағы да бір ерекшелігі, ол адсорбция құбылысы жүріп жатқан сәттегі беттік энергиянын, өз-геруін тікелей өлшеп табу мүмкіндігінің болатындығы.
Барлық еритін заттар өздерінін суйык, газ жанасу шегіндегі адсорбциялану қабілетіне қарай екі топқа бөлінеді: беттік активті заттар; беттік активсіз заттар. Енді олардың әрқайсысьша жеке тоқталайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет