С. Сейфуллин атындағы Қазату-дың оқытушылары «жоо-ның үздік оқытушысы-2011» мемлекеттік грантын иеленді



Дата04.07.2016
өлшемі8.61 Kb.
http://www.inform.kz/kaz/article/2443569

24 Ақпан 2012, 11:02


С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың оқытушылары «ЖОО-ның үздік оқытушысы-2011» мемлекеттік грантын иеленді

АСТАНА. 24 ақпан. ҚазАқпарат - Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 8 оқытушысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2011» мемлекеттік грантының иегері болды.

Педагогтарға мемлекеттік гранттарды тапсыру салтанаты Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде өтті.

Еске салайық, дәстүрлі байқау өткен жылы 8 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өтті. Оған 83 жоғары оқу орнынан 600-ден астам үміткер қатысып, нәтижесінде 200 ұстаз «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері атанды. Олардың арасында Астананың ең көне университеті - С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың 8 оқытушысы бар: Сәрсенбай Әбдірахманов, Жайдары Әбілдина, Болат Әбдікәрімұлы, Юрий Балджи, Нұрлыбай Қажығалиев, Николай Костюченков, Саяхат Нөкешев және Базархан Рүстембаев.



Әр гранттың құны - 3,2 млн. теңге. Бұл қаражатқа байқау жеңімпаздары ғылыми жұмыстарын жалғастырып, шет елдің жетекші жоғары оқу орындарында тәжірибе жинақтай алады.
Каталог: docs
docs -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері
docs -> Бекітемін Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің деканы
docs -> Программа по истории Казахстана: программа для 5-9 кл. / Б. К. Абдугулова. Алматы, 1999. 42 с. Абдугулова, Б. К. «Воспитание учащихся в духе дружбы народов при изучении истории ссср»
docs -> Қазақстан Республикасының Заңы
docs -> А. С. Пушкин атындағы шығыс қазақстан облыстық кітапханасы а. С Пушкин атындағы кітапхана қорына түскен жаңА Әдебиеттер тізімі


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет