Мазмұны
Кіріспе
Шойын мен болат өндірісі туралы мәлімет
Шойын өндірісі
Шойын қорыту
Домналық балқыту өнімдері
Болат өндіру
Мартен пештерінде болат өндіру
Оттектік конвертерлерде болат өндіру
Болатты тарата құю
Кіріспе
Металлургиялық өндіріс – бұл кокстелетін көмірдің кен орындарына, энергетикалық кешендерге негізделген әр түрлі өндірістердің күрделі жүйесі. Оның құрамына кен және тас көмір шығаратын шахталар мен карьерлері, кен-байту комбинаттары; көмірді кокстауды және олардан пайдалы химиялық өнімдерді шығарып алуды жүзеге асыратыны коксохимиялық зауыттар; таза ауа (домна пештеріне үрлеу үшін), оттегі алуға арналған металлургиялық газдар тазалауға арналған энергетикалық цехтар; шойынды және ферроқорытпаларды балқытуға арналған домна цехтары немесе темір кенді металданған шекемтастар өндіруге арналған цехтар; ферроқорытпалар өңдеуге арналған зауытар; болат өңдіруге арналған болат балқыту цехтары (конвертер, мартен, электр болат балқыту) ; болат құймакесектерін илемдерге қайта өңдейтін илемдеу цехтары.
Қара және түсті металлургияның негізгі өнімі қолданбалы және құйма шойындар, болат құймакесектер, түсті металдардың құймакесектері, лигатуралар болып табылады.
Мақсаты: металлургия саласындағы шойын мен болат туралы мәлімет алу . Химия пәнінен қосымша материал бойынша білім деңгейімізді көтеру.
Шойын және болат өндірісі туралы мәліметтер
Шойын және болаттың қазіргі металлургиялық өндірісі түрлі өндірістердің күрделі кешендерінен:
Тасты көмірді, флюстерді, отқа берік материалдарды өндіретін шахталардан және кеніштерден.
Қазбаларды балқытуға дайныдайтын тау – байытқыш комбинаттардан.
Кокхимиялық цехтардан және зауыттардан, мұнда коксаланатын көмір дайындығын іске асырады, оларды кокстаушы пештерде кокстау (ауаны кіргізбей 10000С температура барысында құрғақ айдау) және одан құнды химиялық өнімдерді алу (бензол, фенол, тас көмір, қарамай және т.б.).
Электрэнергиясына, домналы процестер барысындағы үрлеуге, шойын мен болатты балқытуға, оттегіні алу және тасымалдауға, сондай-ақ ауа бассейінінің тазалығын сақтау және табиғатты қорғау мақсатында металлургиялық өндірістегі газдарды тазалауға қолданылатын энергетикалық цехтардан.
Шойын және ферроқорытпаларды балқытуға арналған домна цехтардан.
Түрлі ферроқорытпалар өндірісіне арналған зауыттардан.
Конвертерлі, мартенді, электрболат балқыту цехтарынан.
Прокаттау цехтары, мұнда болаттан жасалған қыздырылған қалыптар қайта өңделелді, әрі қарай сорттау прокатынан, құбырлар, тақташа, сымдар және т.б. тұрады.
Болаттың қазіргі өндірісі екі сатылы сызбаға негізделген, ол шойынды домналық балқытудан және оны қайта өдңудің түрлі тәсілдерінен тұрады.
Қара металлургияның негізгі өнімі мыналар болып табылады:
Қайта өнделетін шойны
Құйма шойыны
Домна ферроқорытпалары
Болат құймакесектері
Прокаттау
Шойын – темірдің көміртекпен (2,14% аса), кремниймен, марганецпен, күкіртпен және фосформен қорытпасы.
Қайта өңделетін шойны – болатқа қайта өңдеу үшін қолданылады (көміртек 4,0 – 4,4% кремний 0,6 – 0,8%; марганец 0,25 – 1,0%; фосфор 0,07 – 0,3 %; күкірт 0,03 – 0,07%). Балқытылған шойынның 90% -ға дейіні қайта өңдеуге кетеді.
Құймалы шойын – машина жасау зауыттарында, қорытпа өндірісінд қолданылады, құрамында кремний көп болады (2,75-3,25%-ға дейін).
Ферроқорытпалар – темірдің марганец, кремний, ванадий, титан және басқа металдармен қорытпасы. Оларды қоспалы болат өндірісінде пайдаланады. Ферроқорытпаларға жататындар:
Домна ферросилицийі
Домна ферромарганеці
Жалтыр шойыны
Болатты құймакесек қысым арқылы өңдеуге қажет.
Прокат құрылыстарға, бөлшектерді кесу арқылы дайындау үшін пайдаланылады.
Профиль – прокттарған металдың көлденең қимасының пішіні.
Сортамент – әр түрлі өлшемдегі әр түрлі профильдерінің жиынтығы. Прокатталған профильдердің сортаментін келесі топтарға бөледі:
Дайындама
Сортты прокат
Жаймалық прокат
Құбырлар
Арнайы прокат
Дайындамаларды құймакесектерден ыстық күйінде прокаттайды. 150х150, 450х450 мм дейінгі өлшемдері бар шаршы қиманың дайныдамаларын люмдер деп атайды. Қалыңдығы 65-300 мм және ені 600-1600 мм тікбұрышта қиманың дайындамаларын слябтар деп атайды. Оларды жуан беттерді прокаттау үшін пайдаланады.
Сортты прокатты профилі бойынша еі топқа бөледі:
Жай геометриялық пішіндер – шаршы, дөңгелек, алтықыр, тікбұрыш.
Күрделі геометриялық түрлер – фасонды түрлер (швеллер, қостоварлы арқалықтар, рельстер, бұрыштар, т.б.).
Жаймалық прокатты – белгіленуі жән қалыңдығы бойныша бөледі (электртехникалық, кеме құрылысы және т.б.).
Қалыңдығы 4-160 мм болатын жайма болатты қалың жайма деп атайды, ал қалыңдығы 0,2-4 мм болса, жұқа жайма дейді. Қалыңдығы 0,2 мм-ден жұқа жайманы фольга деп атайды.
Құбырлар белгіленуі және жасау тәсілі бойнша бөлінеді. Олар жіксіз және пісірілген болады (тік және спиральды жікпен).
Прокаттың арнайы түрлері – теміржол вагондарының доңғалақтары және осьтері, сақиналар, тісті доңғалақтар, кезеңдік профильдер және т.с.с. Кезеңдік профиль деп қиманың пішіні мен ауданы ось бойынша кезекпен өзгеріп отыратын прокатталған дайындаманы айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |