«с. Торайғыров оқуларын» өткізу ережелері І. Жалпы ережелер



Дата21.09.2023
өлшемі52.5 Kb.
#478164
Торайгыров ережесі


Қазан
Екібастұз өңірінің жалпы білім беру ұйымдары оқушыларының
арасында «с.Торайғыров оқуларын» өткізу ережелері


І. Жалпы ережелер



  1. Осы ереже Екібастұз өңірінің жалпы білім беру ұйымдары оқушыларының арасында өткізілетін «С.Торайғыров оқуларын» өткізу тәртібін айқындайды.

  2. Байқау мақсаты:

  3. Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы» Заңы, мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы шеңберінде жалынды ақын С.Торайғыров мұрасын жас ұрпаққа таныту, олардың азаматтық ұстанымының, ұлттық ой-санасының қалыптасуына ықпал ету.Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа тәрбиелеу.

3. Міндеттері:
- мектеп оқушыларының ақын өмірі мен шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыру, ақынның рухани мұрасы мен өмірі жайлы мәліметтерді игеруді насихаттау;
- мектеп оқушылары арасында С.Торайғыров шығармаларын насихаттау;
- оқушыларда шығармашылық қабілетін, эстетикалық сезім, тұлғаның сезімталдық мәдениетін дамыту;
- оқушыларда адамгершiлiкке, демократияға, азаматтыққа бағытталған тарихтық ойшылдық, тұрақты өмірлік ұстаным, сана-сезім қалыптастыру, поэзияға сүйіспеншілік, Абайдың рухани мұраларына тәрбиелеу.
4. «с.Торайғыров оқуларын» өткізу мерзімі және тәртiбi:
Қалалық Сұлтанмахмұт оқулары үш айдар бойынша өткізіледі:

  • «Болмасаң да ұқсап бақ» - Сұлтанмахмұт өлеңдерін жатқа оқу. Қатынасушы өзі жатқа білетін өлеңдерінің тізімін байқау басталғанға дейін (сұраныспен бірге) ұсынуы қажет. Сұлтанмахмұт өлеңдерін жатқа көп білетін оқушыға жоғары ұпай қойылады.

  • «Сөйлей-сөйлей шешен боларсың...» - әңгіме, повесть, поэма, романдарынан монолог оқу. («Қамар сұлу», «Кедей», «Кім жазықты» «Ауырмай есімнен жаңылғаным» т.б.

  • «Жас дарындар» - конкурсы. Өз шығармаларын орындау. Қатысушы өз шығармаларының жинағын қазылар алқасына алдын ала тапсыруы тиіс. 

  1. Сұлтанмахмұт оқуларына қатысу сұранысы қазан айының 24 күніне дейін Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөліміне келесі asem.ilyasova77@mail.ru электрондық почтасына жібересіздер. Қалалық сайыс қазан айының соңғы аптасында С.Торайғыров атындағы №22 мектеп-гимназиясында өткізіледі.

ІІ. Қалалық Сұлтанмахмұт оқуларына қатысушылар

  1. Қалалық Сұлтанмахмұт оқуларына қазақ, орыс мектептерінің 5-11 сынып оқушылары қатысады.



ІІІ. Қаржыландыру



  1. Мектеп оқушыларының Сұлтанмахмұт оқуларына қатысуға байланысты шығындарын жіберіп отырған мекемелері көтереді.

  2. Қалалық Сұлтанмахмұт оқуларын ұйымдастыру және өткізу үшін жауапкершілік қалалық білім бөліміне жүктеледі.



ІV. Жұмыс органдары

  1. Сұлтанмахмұт оқуларын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру және үйлестіру мақсатында білім бөлімінің бұйрығы негізінде ұйымдастыру комитеті құрылады.

  2. Сұлтанмахмұт оқуларын ұйымдастыру комитеті:

  • Сұлтанмахмұт оқуларын өткізудің жалпы тәртібін белгілейді.

  • Тікелей басшылық жасауды жүзеге асырады.

  • Қалалық Сұлтанмахмұт оқуларының қорытындыларына талдау жасайды және жинақтап қорытады.

  • Сұлтанмахмұт оқуларының материалдарын баспасөзге жариялайды.

  1. Қалалық ұйымдастыру комитетінің төрағасы – қалалық білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиетіне жауапты әдіскер.

  2. Қалалық Сұлтанмахмұт оқуларының қазылар алқасы.

  • Сұлтанмахмұт оқуларының қазылар алқасының құрамы әр айдар бойынша 1 төрайым және 2 алқа мүшелерінен тұрады.

  1. Қалалық Сұлтанмахмұт оқуларының қазылар алқасы:

  • Қатысушылардың өнеріне талдау жасайды және «10» ұпайлық жүйемен бағалайды;

  • Қатысушылардың өнерін бағалаудағы даулы мәселелерді талқылайды, қажет болған жағдайда тиісті түзетулер енгізеді;

  • Жеңімпаздарды анықтайды және жүлделі орындарды бөледі;

  • Қалалық білім бөліміне қалалық Сұлтанмахмұт оқуларының қорытындылары туралы есеп береді.



V. Қорытындылау және қатысушыларды марапаттау

  1. Қалалық Сұлтанмахмұт оқуларының ашылуы, қорытындылануы және қатысушыларды марапаттау рәсімі салтанатты, мерекелік жағдайда өткізіледі.

  2. Қалалық Сұлтанмахмұт оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешімі бойынша дипломдармен марапатталады.

  3. Сұлтанмахмұт оқуларының әр айдар бойынша Бірінші орын -1, екінші орын -2, үшінші орын-3 белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет