С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева



бет96/142
Дата19.04.2024
өлшемі5.86 Mb.
#499222
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   142
Кабиева С.Н. Клиникаға кіріспе оқулық, том I. С. М. Кабиева, А.Т. Туймебаева, Г.Л. Алишева. - Алматы Эверо, 2015. – 287 б.

Тыныстың тереңдігі. Науқастың тыныштық жағдайында дем алу және дем шығару ауа көлемімен анықталады. Үлкен адамда тыныс алу көлемі орташа 500 мл құрайды. Дем алған және дем шығарған ауа санына байланысты тыныстың тереңдігі көбеюі (терең тыныс) немесе азаюы (беткей тыныс) мүмкін. Беткей тыныс көбінесе тыныстың ақаулы жиілеуімен бірге жүреді. Терең тыныс керісінше, тыныс жиілігінің сиреуімен бірге жүреді.
Тыныстың ақаулы типтеріне Чейн-Стокс, Биот, Куссмауль тыныстары жатады (сур. 47).


Чейн-Стокс тынысы



Биот тынысы




Куссмауль тынысы

www.medcourse.ru


Сурет 47.


Тыныстың ақаулы типтері



    • Чейн-Стокс тынысы тыныс тереңдігінің біртіндеп үдеуімен сипатталады, біртіндеп барынша көтеріледі, сосын біртіндеп түседі және үзіліске ауысады – апноэ (0,5-тен 1-ге дейін). Қанайналым бұзылыстары, миға қан құйылғанда, менингитте, ми ісігінде, химиялық уланудан болған ауыр интоксикацияда және басқалары кезінде байқалады. 

    • Биот тынысы минутқа дейін созылатын кенеттен болатын үзіліспен сипатталады, тынысы қалыпты типті, тыныс саны және үзіліс ұзақтығы арасында тұрақты заңдылық жоқ. Ми ісігінде, менингитте, менингоэнцефалитте, диабеттік комада байқалады. 

    • Куссмауль тынысы бірыңғай сирек, шулы және терең тыныспен сипатталады. Бұл тыныс типін туғызатын ең негізгі ақау процессі ацидоз болып табылады: диабеттік кома, ацетонемиялық құсу, метаболикалық ацидоз.

Тыныс ырғағы. Дені сау адамның тынысы ырғақты болады, дем алу мен дем шығару арасындағы уақыт аралығы тең, дем алу мен дем шығару тереңдігі мен ұзақтығы бірдей болады. Дем алу немесе дем шығару фазаларының ұзаруы және қиындауы түрінде тыныстың бұзылуы ентігу деп аталады. Тыныс ырғағының бұзылуы қатерлі асқынудың дамығандығын көрсетеді және дәрігердің кеңесін қажет етеді.
Ентігу – тыныс жиілігінің, ырғағының, тереңдігінің бұзылуы, ауа жетпеу сезімімен көрінеді. Физиологиялық және ақаулы ентігуді ажыратады. Физиологиялық ентігу дені сау адамдарда физикалық күштен кейін, нервтік күйзелісте, ақаулы – тыныс алу мүшелері, нерв және жүрек-тамыр жүйесі ауруларында кездеседі.
Ақаулы ентігу түрлері


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   142




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет