2-курс студенті дәрбаева сапаргүлдің



бет1/7
Дата17.12.2022
өлшемі2.75 Mb.
#467389
  1   2   3   4   5   6   7
САПАРГҮЛ



Өзбекстан Республикасы Жоқары және орта арнаулы білімдендіру министірлігі
Әжинияз атындағы Нөкіс Мемлекеттік Педагогикалық Институты

БАСТАУЫШ ТӘЛІМ ФАКУЛТЕТІ
2-КУРС СТУДЕНТІ
ДӘРБАЕВА САПАРГҮЛДІҢ
ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

НУКУС-2022


Тақырып: Дене салмағы және дене салмағын өлшеу.Уақыт аралығы және уақыт аралығын өлшеу.Дене салмағы туралы жалпы түсінік.Массалық қәсиеттер. Дене салмағы н өлшеуге үйрету . Уақыт аралығы және оларды өлшеу.Математиканың басқа курсында оқытылатын басқа шамалар.Уақыт,жылдамдық,жүріп өткен жол
ЖОСПАР

  1. Дене салмағы және дене салмағын өлшеу.

  2. Уақыт аралығы және уақыт аралығын өлшеу.

  3. Дене салмағы туралы жалпы түсінік.Массалық қәсиеттер. Дене салмағы н өлшеуге үйрету .

  4. Уақыт аралығы және оларды өлшеу.

  5. Математиканың басқа курсында оқытылатын басқа шамалар. Уақыт,жылдамдық,жүріп өткен жол

Салмақ бойға қарағанда тұрақты көрсеткіш емес, бір тәулік ішінде 1-ден 1,5 кг дейін өзгеріп отырады. Дұрыс қойылған және тексерілген медициналық таразыда өлшеуді жүргізеді. Кәзіргі уақытта электрондық таразылар көп қолданылады (сурет 38). Өлшеуді таңертең аш қарынға, қуық пен ішекті босатқаннан кейін жасайды.



Шараның орындалуы:
1. Таразыны қосу
2. Сандық тақтадан 0 көрінуін тосу қажет.
3.Науқасқа алаңның ортасынатұруын өтіну (аяқ киімсіз), қажет болса науқасқа көмектесу.
4. Таразы салмақты көрсеткенін тосу қажет.
5. Таразыдан түсуге науқасқа көмектесу.
6. Нәтижені тіркеу қажет.
Дене салмағының индексі (бой-салмақ көрсеткіші, Кетле индексі) – адамның дене салмағының бойына сәйкес келу дәрежесін бағалайтын көрсеткіш. Дене салмағының индексін (ДСИ) білу арқылы семіздікті немесе дене салмағының жеткіліксіздігін анықтауға болады. ДСИ есептеу формуласы:
ДСИ = дене салмағы (кг)
бойы(м)2
Қалыпты ДСИ - 18,5 - 25.

  • егер ДСИ < 18,5 – дене салмағы жеткіліксіз,

  • егер ДСИ 25-29,9 – дене салмағы артық (семіздіктің алды),

  • егер ДСИ > 30 – семіздік.

Майдың іш аймағында жиналуы денсаулыққа қауіпті, себебі жүректің ишемиялық аурулары, артериалық гипертония, қантты диабет және т.б. жиі кездеседі. Әлем статистикасы бойынша әйелдердің 30-40%, ал еркектердің 10—20% -ы семіздікке жиі ұшырайды.
Семіздіктің 3 түрі бар:
- әйелдерге тән түрі (гиноидты семіздік) – тері асты май сан және жамбас аймағына жиналады (сурет 40 а);
- еркектерге тән түр (андроидты немесе висцеальды семіздік) – майдың іште жиналуы (сурет 40 б);
- аралас түр.
Біз уақыт ұзақтығы яғни уақыт аралығы ұзындық, аудан, масса және т.с.с шамалардын қасиеттеріне ұқсас қасиеттерге ие болатын аддитивті скаляр шама ретінде қарастырамыз. Сондықтан, уақыт аралықтарын салыстыруға, қосуға, азайтуға,оң нақты санға көбейтуге болады,уақыт аралықтарын өлшейді. Алайда уақыт өлшеу процесі ұзындық,аудан,масса сияқты шамаларды өлшеуден өзгешелеу. Мәселен мынада, бірлік ретінде алынған уақыт бірлігі аралығы бір ғана рет қолдануымыз мүмкін.
Сондықтан уақыт бірлігі ретінде жүйелі қайталанатын процес алынуы қежет болады. Осындай бірлік бірліктердің халықаралық си жүйесінде секунд деп аталған. Жыл-Жердін күнді айналып шығу уақыты.Тәуліктер-Жердің өз осінен айналып шығу уақыты және т.с.с.
Уақыттың бірліктері мыналар. ғасыр, жыл, ай, апта, тәулік, сағат, минут, секунд. Уақыт бірліктері арасындағы қатынас төмендегі кестемен сипатталады.
1ғ=100жыл, 1жыл=3651/4 тәу(келесі жылы 366 күн,жай жылы 365күн )бар. 1жыл=12ай,1апта 7күн,1тәулік 24сағат ,1сағат 60минут360секунд,1минуд 60секунд.
Жалпы, ғылым мен техниканың дамуы уақыт бірлігін анықтауда өзгерістердің жиі енуіне себепкер болғандыгын айта кетуге тиіспіз.
Негізі бірліктерден туынды бірліктер, мәселен жалғаулар арқылы (мега,кило,дека ) еселік,сондай-ақ үлестік(деци, санти, милли. микро, нано )бірліктер жасалады.
Дене салмағы - адам денесінің дамуын керсететін негізгі белгілердің бірі. Ол көптеген спорт түрлерінде спорттық нәтижелердің жетістіктерін анықтайтын шешуші фактор бола алады. Салмақ категорияларына бөлінетін күресте, бокста, ауыр атлетикада спортшыларға өз салмағына ерекше мұқияттылықпен қарауға тура келеді. Дененің оңды (нақты) салмағы жөнінде түсінік бар, ол арнайы дайындалған кесте, номограмманың көмегімен анықталады, оларды пайдалана отырып өзінің денесінің нақты салмағын белуге болады. Дене салмағына әсер ететін негізгі факторлар тамақтану мен адамның қозғалыс белсенділігі болып табылады.
Шамалар және олардың өлшемі тұрғысынан алғанда ұзындық, масса және сыйымдылық жайында түсініктер беріледі. Мұнда да оқушылардың 1-сыныпта алған білімдері тірек болып табылады. Бұрыннан белгілі шама- ұзындықты және оның бірліктерін пысықтай келе, ұзындықты өлшеудің жаңа бірілігі- метрді енгізудің тұрмыстық қызметтегі мен мұқтаждығынан туындайтынын көрсетіпберген жөн.
Әрине, 2- сыныпта шымаларды қарастырудың оқушыларға таныс шама- ұзындықтан бастауы өте орынды. Сондай-ақ, ұзындықтың, сантиметр, децеметр және метр сияқты бірліктердің сандар нумерациясындағы сәйкес бірліктердің, ондықтардың және жүздіктердің баламасы болатыны да ескерілген. Ұзындықты өлшеу бірліктерінің ара қатынасы – ондық санау жүйесіндегі сәйкес разряд бірліктерінің ара қатынасындай. Ендеше, Олардың қатаынастарына қарастырылуы өте орынды.
Ұзындық- затттың қасиетін сипаттайтын шама екені оқушыларға бірнеше сыныптан белгілі. Осыған ұқсас, масса және сиымдылық та заттың қасиетін сипаттайтынын оқушылар түсінуі тиіс. Сондықтан «Масса» және «Сиымдылық» ұғымдары мен терминдері өтілетін сабақтарды алдымен оқушылардың сәйкес шама туралы түсінік деңгейлерін анықтау керек. Мәселен : өлшемдері бірдей екі заттың адамның қолына әсері әр түрлі болуы, өлшемдері әр түрлі ыдысқа құйылатын сұйықтықтардың мөлшері әр түрлі болатыннын көз мөлшер мен байқау және т.б. осыдан кейін біртекті шамалар салыстырылады (сезіну, көз мөлшермен, беттестіру арқылы, лайықтап алынған шартты өлшеуіштер көмегімен және т.б. арқылы ). Айталық, массаны салыстыруды – таразымен, ал сиымдылықты салыстыруды- стандарт шыны т.б. ыдыстарға құйылған сұйықтар және бір ыдыстағы суды басқа ыдыстарға қайтарып құю арқылы жүзеге асырудың мүмкіндігін көрсетіп беруге болады.
Әр қарай шаманың негізгі өлшеу бірлігі таңдалып аланады да, онымен таныстырылады және өлшеу құрал-жабдықтары көрсетіледі. Мәселен, массаны өлшеу үшін қолданылатын таразы түрлері және кіртастары, негізгі өлшем бірлігі – килограмм, ал сиымдылықты өлшеу үшін қолданылатын іштілігі әр түрлі ыдыстар және литрлік ожау мен банка, негізгі өлшеу бірлігі- литр.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет