Na+ катионына сапалық реакциялар.
1. Калий дигидроантимонаты КН2SbO4 Na+катионымен ақ кристалдық натрий дигидроантимонаты тұнбасын түзеді:
NaCI + KH2SbO4 → NaH2SbO4 ↓ + KCI
Na+ + H2SbO4- → NaH2SbO4 ↓
Тәжірибе. 5-6 тамшы натрий тұзы ерітіндісіне осындай мөлшерде KH2SbO4 ерітіндісін құйып араластырғанда ақ кристалдық NaH2SbO4 тұнбасы түзіледі.
2. Микрокристаллоскопиялық реакция.
Тәжірибе. Заттық әйнекке натрий тұзы ерітіндісі тамшысын алып, құрғағанша қыздырады. Суытып, уранилацетат ерітіндісін ИО2(СН3СОО)2 қосқанда натрий уранилацетатының NaCH3COOИО2(СН3СОО)2 кристалдары түзіледі.
3. Жалын түсінің өзгеруі.
Т ә ж і р и б е. Платиналы немесе нихромды сымтемірді натрий тұзы ерітіндісіне батырып, жалында қыздырғанда, жалынның түсі сары түске өзгереді. Реакция өте сезімтал, 10 – 15 секундта сары түс жоғалады.
NH4+ катионына сапалық реакциялар.
Сілтілер аммоний тұздарын аммиак газы бөлінгенше ыдыратады:
NH4СІ + NаОН → NH3↑ + NаСІ + Н2О
NH4+ + ОН- → NH3 ↑ + Н2О
Т ә ж і р и б е. Заттық әйнекке 2 – 3 тамшы аммоний тұзы ерітіндісін және 3-4 тамшы сілті ерітіндісін құйып, қыздырады. Бөлінген газ иісіне көңіл бөлу керек.
Несслер реактиві К2[НgJ4] NH4+ катионымен қызыл – күңгірт тұнба түзеді:
NH4СІ + 2К2[НgJ4] + 4КОН → [ОНg2 NH2 ]J↓+ КСІ + 7КJ + 3Н2О
NH4+ + 2[ НgJ4]2+ + 4ОН- → [ОНg2 NH2] J↓ + 7J- + 3Н2О
Достарыңызбен бөлісу: |