Сезімтал организм



бет1/25
Дата30.11.2023
өлшемі1.17 Mb.
#484994
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
1 рк биобез


  1. "Сезімтал организм"ұғымын түсіндіріңіз.

Ауруға бейім организм – патогенді биологиялық агентке инфекциялық немесе паразиттік аурудың дамуы арқылы реакция беретін немесе оның тасымалдаушысы болатын адамның, жануардың, өсімдіктің организмі.



  1. ҚР аумағындағы фармацияның даму тарихын айтып берсеңіз. Бұйрықтың №122 қолдану аясын сипаттаңыз. Биоқауіпсіздік тапсырмаларын тізімдеңіз.

Біздің елімізде дәріхана ұйымдары XIX ғасырдың басында құрыла басталды.
 1842 жылы Орал қаласында халыққа ақылы дәрі-дәрмек беретін алғашқы дәріхана ашылды. Ол көптеген жылдар бойы Қазақстанда жалғыз болды. Дәріханалар желісінің дамуы өте баяу жүрді, ал 1875 жылға қарай бүкіл Қазақстан аумағында тек 6 дәріхана болды — Орал, Семей және Петропавлда. Осылайша, бір дәріханаға 248,8 мың халық саны келді. Ширек ғасырдан кейін дәріханалар саны 18-ге жетті. ХХ ғасырдың басында дәріханалар қоныс аударатын ауылдарда, теміржол вокзалдарында немесе халық тығыз орналасқан аудандарда пайда бола бастады. 1907 жылы Қостанай облысы Федоровка ауылында, Қазалыда Шалқар станциясында және т.б. жеке дәріханалар ашылды. Соғыс жылдарында Қазақстан аумағында 47 дәріхана, 3 дәріхана қоймасы, 58 дәріхана пункті ашылды. Осы кезеңде көптеген фармацевтикалық зауыттар Украина, Ресей аумағынан көшірілді, сондықтан республикада фармацевтика өнеркәсібінің қарқынды дамуы байқалады. 

  • 1993 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан фармакопеялық және фармакологиялық комитеттер құрылды.

  • 1994 жылы Мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталық (МҒӨО) – «Медстандарт» және Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіп басқармасы құрылды.

  • 1995 жылы «Фармация» Холдингі қайта ұйымдастырылып, дәрілік заттар нарығы дамиды, сондай-ақ 1997 жылы «Медстандарт» МҒӨО «Дәрі-дәрмек» Дәрілік заттар орталығы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылады.

  • 2002 жылы «Дәрі-дәрмек» ДЗО РМК Дәрілік заттарды, медициналық техниканы медициналық мақсаттағы бұйымдарға сараптама жасау жөніндегі ұлттық орталық болып қайта құрылды.

  • Сондай-ақ, 2002 жылы ҚР ДСМ Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсібі комитеті құрылды.

Осы Заң Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеудің құқықтық негіздерін айқындайды және биологиялық қатерлердің алдын алуға бағытталған. Және ол биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.







  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет