Семинарлық сабақ №1 Жұмыстың мақсаты: Жердің дамуы (архей эрасының ерекшеліктері бойынша) Көрнекілік құралдар: Геохронологиялық шкала
Жұмыстың мазмұны: Архей эрасы (3,8-4 млрд. жыл бұрын) – өте көне геологиялық кезең. Қазіргі геохронологиялық кесте архей эрасынан басталады.
Геохронологиялық шкала (г.ш.). Қазіргі геохронологиялық шкала 2000 жылы Бразилияда (Рио-де-Жанейро қаласында) өткен XXXI халықаралық геологиялық конгрессте қабылданған. Бұған дейін 1993 жылы қабылданған геохронологиялық шкала қолданылып келді. Ал бұлардың айырмашылығы – 1993 жылғы геохронологиялық шкалада акротеме деген бірліктің болуы еді. Кейін бұл бірлік алынып тасталды да, архей және протерозой эратемалары эонотемаға көшті, осыған байланысты Жер тарихындағы эон саны 5-ке жетті. Олар мыналар: KZ – кайнозой, MZ – мезозой, PZ – палеозой, PR – протерозой, AR – архей.
Халықаралық геохронологиялық шкала (Рио-де-Жанейро, 2000 ж.) Төрттік кезең