Сүтқоректiлер эволюцияның алдыңғы шегiнде



Дата08.07.2016
өлшемі49.92 Kb.
#184744
 Кайназойдағы тiршiлiктiң дамуы.

        Кайнозой -  жаңа өмiр эрасы - гүлдi өсiмдiктердiң, жәндiктердiң және сүтқоректiлердiң гүлдену уақыты.

        Сүтқоректiлер эволюцияның алдыңғы шегiнде. Динозаврлар тiршiлiк еткен кезеңнiң өзiнде сүтқоректiлердiң ата-тектi тобы да болды - кiшкентай, жүндi жамылғысы бар жануарлар, олар бауырымен жорғалаушы жыртқыштардың бiр тобынан – тераспидтерден немесе аңтәрiздiлерден пайда болды. Ұзақ уақыт, шамамен 150 млн. жыл, алғашқы майда сүтқоректiлер үлкен кесiрткелер көлеңкесiнде қалып қалды. Бордың екiншi жартысында қалталы және плацентарлы сүтқоректiлер пайда болды. Олар прогрессивтi биологиялық ұйымдасқан едi. Ұзақ уақыт баланы ана денесiнде көтеру, эмбриондардың анасы мен ұрық қанайналымын байланыстыратын плацента арқылы қоректенуi - өзгерiп тұратын тiршiлiк жағдайларына жақсы бейiмделуiне мүмкiндiк беретiн сүтқоректiлер құрылысының прогрессивтi белгiсi. Бауырымен жорғалаушылар дене температурасының тұрақсыздығына, жұмыртқалауына байланысты орта жағдайларының ауытқуына үлкен тәуелдiлiкте болды және таралуының шектеулi мүмкiншiлiгi болды. Тiрi туу, ұрпаққа қамқорлық және жылықандылық қасиеттерiне ие бола отырып, сүтқоректiлер бауырымен жорғалаушыларға қарағанда басым болып, орта өзгеруiне тәуелдiлiгi де азайды. Тiрi туу, жылықандылық, жақсы дамыған ми және онымен байланысқан жақсы белсендiлiк сүтқоректiлердiң прогрессiн қамтамасыз етiп, эволюцияның алдыңғы шегiне шығарды.

        Үштiк кезең. Кайнозой бiрдей емес екi кезеңге бөлiнедi: үштiк және төрттiк. Үштiк кезеңнiң өзiнде сүтқоректiлер құрлық, су, ауаның әртүлi жағдайларына бейiмделiп, мезазойдағы бауырымен жорғалаушылардың орнын басты. Палеоцен мен эоценда жәндiкқоректiлерден алғашқы жыртқыштар түзiледi, ал олигоценде олардан қазiргi кездегi үлкен жыртқыштар: аюлар, мысықтұқымдастары, иттұқымдастары бөлiнiп шықты. Үштiк кезеңнiң бiрiншi жартысында жыртқыштар теңiзге өте бастады, олардың ұрпақтары – ескекаяқтылар мен киттәрiздiлер. Ежелгi палеоцендi жыртқыштардан алғашқы тұяқтылар шықты, кейiн олар: жұпаяқтылар, тақаяқтылар, пiлтұмсықтылар бұтақтарын бердi.

        Үштiк кезеңнiң бiрiншi жартысында (әсiресе олигоценде) тропикалық және субтропикалық ормандар кең таралды, ал үштiк кезеңнiң соңына қарай (плиоценде) құрлықтың далалану процесi басталды. Венгриядан Монголияға қарай жайылған қоңыржай аймағында өскен тропикалық және саванналық ормандар климаттың құрғауына байланысты ашық ландшафтарға ауысты. Бұл өзгерiстер дәндi дақылды өсiмдiктердiң дамуына әкеп соқтырды, олар жабықтұқымдылардың жеке тобы және құрғақ, маусымды-қуаңшылық климатта тiршiлiк етуге бейiмделген. Дәндi дақылдардың пайда болуы мен таралуына байланысты далалар, саванналар, прериялардың үлкен аудандары да түзiлдi. Сонымен бiрге, шөптесiн дәндi дақылдардың жақсы қорытылатын және қорекке бай тұқымдары, жапырағы мен бұтақтары сүтқоректiлердiң тез дамушы топтарына тамаша қорек болды.

        Құрлықтың далалануына байланысты сүтқоректiлер жабыны жоқ ортаға түстi. Сүтқоректiлердiң бiр тобы (тышқандар) эволюциясында күрделi iндер салу жолымен жүрдi, ал үлкен түрлерi (бөкендер және жылқылар) миграцияланған көшпендi тiршiлiк түрiне көштi. Бiртiндеп саусақ саны азая бастады. Мысалы, ашық кеңiстiкке көшу жылқылардың ата-тегiнiң үш саусақтылықтан бiр саусақты түрге өтуiнiң қарқынды эволюциясына мүмкiншiлiк жасайды. Далаларды басып алу, табының мөлшерiнiң өсуiне, жанұя - топтық тiршiлiк табынды - үйiрлiгi өтуiне әкеп соқтырды. Таулы - орманды бөкен - горалланың кiшкене табынын дала сайғағының мыңдаған табынымен салыстырыңыз. Орман бұғысы: асыл маралдар, тарғыл изюбрлар - ешқайдан 20-30 бастан көп табын түзбейдi. Сiбiр бұғысының орманды түрасты үшiн үлкен топтары да белгiсiз, ал ашық ландшафтың мекендеушiлерi - тундралы сiбiр бұғылары үлкен табын түзедi.

        Бiр сигналдар орнына сыртқы дүниеден сезiм мүшелерi қабылдайтын басқа сигналдар келедi. Орманда желденетiн ашық кеңiстiктерге қарағанда, иiс ұзақ сақталады. Сондықтан орман мекендеушiлерiнде маңызды орын алатын иiс пен дәм, ашық кеңiстiкте жануарлар арасындағы арақашықтық алыс болатындықтан маңызды емес. Табындағы иiс, дәм, көру және қимылдар екiншi орынға көшедi, ал дыбыс сигналдар мен есту мүшесi бiрiншi орынға шығады.

        Үштiк кезеңнiң бiрiншi жартысында сүтқоректiлердiң қазiргi отрядтары түзiлдi, ал ортаңғы кезеңiнде адамтәрiздi маймылдар мен адамдардың жалпы ата-тегi кең тарады.

        Құрлықтың далалануы мен орман аудандарының қысқаруына байланысты адамтәрiздi маймылдардың бiр түрi орманға кеттi, екiншiлерi ағаш басынан жерге түсiп, ашық кеңiстiкте орын тептi. Соңғыларының ұрпағы үштiк кезеңде пайда болған адамдар болып табылады.

        Төрттiк кезең; қазiргi кездегi ландшафтардың түзiлуi. Төрттiк кезең шамамен 1-1,5 млн жылға созылды. Уақыттың көп бөлiгi мұздық ғасырға- плейстоценге келедi. 12000- 20000 соңғы жылдарда соңғы ғасыр - голоцен болады. Плейстоценнiң басында Европа және СССР фаунасы жылу сүйгiш болды, көптеген субтропикалық түрлердi сақтады. Плейстоцен барысында Евразия және Солтүстiк Америка территориясы төрт рет мұздануға ұшырады. Мұздың тiлшесi Скандинавиядан басталып, Киевке, Харьковск және Воронежге жеттi. Антарктида, Исландия, Солтүстiк Жер, Франц-Иосиф Жерi, Памир және Тянь-Шянь мұздығы төрттiк мұзданудың қалдықтары.

        Төрттiк кезең барысында мастодонттар (ежелгi пiлдер), мамонттар, қылыштiстi жолбарыс, үлкенмүйiздi бұғылар жойылды. Үлкен сүтқоректiлердiң жойылуына ежелгi аңшылар себеп болды. Олар мамонт пен Евразиядағы жүндi мүйiзтұмсықты, мастодонттарды, жылқыларды Америкадағы теңiз сиырларын құртып жiбердi. Үлкен жыртқыштардың жойылуы (үңгiр арыстаны, үңгiр аюы) адамның олардың жемтiгiн – үлкен тұяқтыларды жойып жiберуiмен байланысты.

        Мұздану аймағындағы жылудың терiс балансы су буының қар түрiнде конденсациялануына әкеп соқтырды, ал мұздар мен қардың еруi жыл сайын түскен қардан аз су бердi. Құрлықта мұздың үлкен қорының жиналуы дүниежүзiлiк мұхиттың деңгейiнiң түсуiне әкеп соқтырды. Нәтижесiнде континентальдi Европа мен Британдық аралдар, Азия мен Солтүстiк Америка, Приамурье мен Сахалин арасында Үндi Қытай жартылай аралы мен Зонд архипелагының аралдары арасында құрлықтық көпiр түзiлдi. Құрлықтың бұл бөлiктерi арасында жануарлар мен өсiмдiктер арқылы алмасу жүрдi.

        Құрлықтағы жануарлар мен өсiмдiктер арасындағы жолдар болатын құрлықтық көпiрлер бұрын араласатын теңiздер арасындағы фауна және флора алмасуына кедергi жасады. Азия мен Австралия арасында құрлықтық көпiрдiң болмауы, қарапайым сүтқоректiлер - клоакалы және қалталыларға өмiрiн сақтап қалды, олар үштiк кезеңде басқа континенттегi плацентарлы сүтқоректiлермен ығыстырылған.

        Ескi дүниеде (Мадагаскардан басқа) адам 500 мың жыл бұрын мекендей бастады,. Соңғы мұзданудан бұрын (шамамен 35-40 мың жыл бұрын) қазiргi Беринг бұғазы арқылы өтетiн құрлықтық көпiр арқылы ежелгi аңшылар Азиядан Отты жерге дейiн қоныстанған Солтүстiк Америкаға өттi. Мұздықтардың еруi барысында мұздықтан босатылған территорияларға адамдардың екiншi қоныстануы жүрдi.

        Шамамен 10000 жыл бұрын Жердiң жылы аудандарында (Орталық теңiз, Таяу Шығыс, Индия, Қытай) жануарларды үйге үйретiп, өсiмдiктердi мәдени түрге айналдыра бастады.

        Адамның жинау мен аңшылықтан егiншiлiк пен мал бағуға өтуiмен байланысқан, «неолитикалық революция» басталды.

        Адамның белсендi қызметi: жер жырту, ормандарды сиретiп, өртеу, жайылымдарды жасап, үй жануарларымен шөптердi таптау, тiкелей жою- көптеген дала жануарлар ареалының қысқаруы мен жойылуына (тур, тарлан), шөлдер ауданының кеңеюiне (Сахара, Қарақұм), қозғалғыш құмның пайда болуына әкеп соқтырды.

        Ескi дүниедегi бүкiл төрттiк кезең адамның қатысуымен жүрдi. Бұл органикалық дүниенiң қазiргi кездегi түрлiк құрамын анықтады, организмдердiң қазiргi биогеоцендарды түздi және қазiргi аймақтылыққа әкеп соқтырды. Түртүзiлу мен таралуында құрлықтық көпiрлер, мұздықтармен изоляциялану үлкен роль атқарды. Төрттiк кезең бойы көптеген түрлер мен түрастылар дамыды.



 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет