Сабақ №14 5-сынып Информатика Сабақтың тақырыбы



Дата05.07.2016
өлшемі105.04 Kb.
#179542
түріСабақ

Алматы облысы, Қарасай ауданы,

Қаскелең қаласы

«Алтын ауыл орта мектебі мектепке

дейінгі шағын орталықпен» кмм

информатика пәнінің мұғалімі

Еликбаева Айгуль Мамырбековна


Мерзімі:9.01.2015

Сабақ №14

5-сынып

Информатика

Сабақтың тақырыбы

Paint графикалық редакторы. Сурет салу, сақтау және ашу.Графикалық редактордың сурет салу құралдары.

Сілтеме

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Марта Бронсон (2002ж) өзін-өзі реттеу, Диалог Александер (2008ж) , Выготский 1978ж

2. Информатика оқулығы.

Power Point таныстырылымы. Флипчарттар


Бағдарламалық-дидактикалық қамсыздандыру

ОЖ Windows ‘7. Суретті файлдар. Оқулық. Жұмыс дәптері

Жалпы мақсаты

Графикалық редакторын бағыттауды, қосуды, сурет салу және сақтауды үйрету. Растрлық графикалық редактор ұғымына түсінік беру, сурет салу құралдарын қолдана отырып шығармашылық қабілеттерін, қиялын дамыту.

Оқыту нәтижесі

Өзін-өзі реттей алады. Топпен жұмыс істей алады. Бірін-бірі бағалауды үйренеді.

Күтілетін нәтиже

1.Графикалық редактор не екенін;

2.Оның құралдарымен танысады;

3.Графикалық редактор не үшін қолданылатынын;

4.Paint редакторының терезесі неден тұратынын;

5.Редактор терезесінде тақталарды қалай баптау керек екенін саралайды;

6.Сурет салуды және оларды редакциялауды үйренеді



Ақпарат көздері

5-сынып оқулығы. Авторлары: Вьюшкова Е.А., Параскун

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Практикум элементтері бар баяндап көрсету.

Зерттеу, жүйелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап, диалог



Тапсырмалар





Кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру (2 мин.)

Амандасу. Сурет қиындысы арқылы 2топқа бөлу.

Оқушылар суреттерді таңдау арқылы топқа бөлінеді.




Қиылған суреттер

Үй тапсырмасын тексеру (5мин.)

1.Қызығушылы ғын ояту.

«Қарлы кесек» стратегиясы

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

1.Ақпараттың қандай түрлерін компьютерде өңдеуге болады?

2.Қандай графикалық редакторларды білдіңдер?

3.Компьютердің қандай құрылғысы графикалық ақпаратты өңдейді?

4.Бейнені қалай редакциялаймыз?

5. Компьютердің қандай құрылғысы графикалық ақпаратты шығарады?

6. Графикалық ақпаратты өңдейтін стандартты программаларды атаңдар?


Сұрақтарға жауап береді.

От шашу

Диалогтық оқыту. МАН

Бағалау критерийлерін құру.

Оқушылармен бірлесе отырып, критерийлер құру, топ мүшелерінің рольдерін нақтылайды.

Мұғаліммен бірлесе отырып, критерийлер құру




Топ ережесі

Жаңа сабақ

(10 мин.)



Теориясы:«Білу»

(тақырып мазмұны бойынша кім?не?

қандай? қалай?нені? қашан?не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеліну керек


Мұғалім топ оқушыларына оқулықпен жұмыс жасауды ұсынады.


Топ мүшелерінің тақырыпты тақтадағы флипчарт бойынша қорғайды. ДК-нің мәтіндік те, графикалық та ақпаратты өңдеу мүмкіндігі бар. Мұндай ақпаратты өндеудің қарапайым құралы стандартгы Windows’98 операциялық жүйесі болып табылады. Раіnt графикалык редакторы дегеніміз не? Бұл редактор растрлық бейнелермен (көптеген бөлек түрлі-түсті нүктелерден - пикселдерден тұратын) жұмыс істеуге арналған, сондықтан әрбір суретке қатаң анықталған орын беріледі (өлшем). Сонымен бірге бекітілген түстер саны қолданылады.

Графикалық редактор графикалық бейнелерді жасауға және редакциялауға арналған.

Редактор:


  1. Құрал-саймандар мен бояуларды қолдана отырып, сурет салуға;

  2. Суретгерді бөлек бөліктерден құрастыруға;

  3. Суретке мәтінді енгізу және қалыптастыруға;

  4. Бар графикалық объектілерді түзетуге;

  5. Схемаларды сызуға және т.б. мүмкіндік береді.

Paint бағдарламасын іске қосу. Пуск => Программы => Стандартные => Графический редактор Раint

Редакторды жүктегеннен кейін экранда әдеттегідей, тақырып жолынан, меню мен жұмыс үстелінен тұратын терезе пайда болады. Менюді пайдалана отырып, терезеде құрал-саймандар тақтасын, палитраны және қалып-күй жолын жарықтандыруға болады. Егер жұмыс ортасының өлшемі терезе өлшемінен үлкен болып берілсе, онда жұмыс ортасының төменгі және оң жақтарында айналдыру жолақтары пайда болады. Қалып күй жолында меңзердің пиксельдердегі координаттарын байқауға болады.




5,4,3 сандары жазылған дөңгелек термен формативті бағаланады.

Флипчарт, презентация

Теориясы: «Түсіну»

(неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады)

/2 мин/

Мұғалім оқушыларға постер түрінде қорғауға тапсырманы екі топқа береді.

Оқушылар тұжырымдамалық карта ретінде қорғайды.

СУРЕТ САЛУ КЕЗЕҢДЕРІ

Құрал-саймандар тақтасы жұмыс аймағының сол жағында орналасады және онда мынандай құрал-саймандар бар:



  • суреттің ерікті аймағын белгілеу;

  • суреттің тік төртбұрышты үзіндісін белгілеу;

  • суреттің белгілі бір бөліктерін өшіруге арналған өшіргіш;

  • тұйық контурды құю;

  • суреттен түс тандау;

  • экрандағы бейненің өлшемін өзгертуге арналған масштаб;

  • жіңішке сызықтарды сызуға арналған қарындаш;

  • ерікті сызықтарды сызуға арналған кисть (қылқалам);

  • түрлі түсті нүктелерді салуға арналған бүріккіш;

  • мәтінді енгізу мен қалыптастыруға арналған жазу (әріптердің пішіні мәтін атрибуттарының тақтасының көмегімен өзгертіледі, ол меню арқылы шақырылады);

  • түзу сызықтарды салуға арналған сызық;

  • қисық сызықтарды салуға арналған қисық (алдымен түзу сызық саламыз, содан кейін екі рет сызық қисықтығын береміз, бұл маустың сол жақ батырмасын басып жылжьпу
    арқылы орындалады);

  • тікбұрыш, көпбұрыш және эллипс — қажет фигураны салуға мүмкіндік беретін құрал-саймандар, фигура дұрыс салынуы үшін (шаршы, шеңбер) маусты жылжытқанда Shift пернесін басып ұстау керек.

— салынған кескінді болдырмау үшін Ctrl+Z пернесін басу керек.

Палитра.

Палитра жұмыс аумағынан төмен орналасқан және түстер жиынтығынан басқа (түрлі түсті шаршылар), негізгі және фонның түстерін көрсететін түс индикаторы бар. Түстер маус батырмасын қажетті түсте басу арқылы тандалынады. Оң жақ батырмамен — фонның, ал сол жақ батырмамен негізгі түсті тандаймыз. Өшіргіш кескінді фон түсімен өшіреді. Тікбұрыш, көпбұрыш және эллипс таңдалған режімге байланысты, фон түсімен боялуы мүмкін. Палитраны өзгерту үшін, оған маустың оң жақ батырмасымен екі рет шерту керек.



Сурет салу тәсілдері.

Маустың сол жақ батырмасын басу арқылы құрал тандаймыз. Егер қажет болса, сызықтар қалыңдығын, түсін, оның конфигурациясын немесе қажет режімді, мысалы, эллипсті таңдаймыз. Маустың сол жақ батырмасын басып отырып, сурет саламыз. Мәтінді енгізгенде аддымен жазу, қаріп, оның өлшемі және басқа атрибуттары орналасатын жерді белгілейміз.



Меню.

Меню алты пункттен тұрады, оларды маустың батырмасын басу арқылы тандауға болады. Менюдің әр пункті созылған бағыныңқы менюден тұрады. Меню арқылы терезенің түрін, жұмыс аймағының өлшемін өзгертуге, суреттің бөлігін көбейтуге, суреттің белгіленген бөлігінің түсін өзгертуге, еңкеюін ауыстыруға, суретгі сақтау немесе қалпына келтіруге, суреттің экранға беру режимін өзгертуге (масштаб), суреттің бір бөлігін көшіруге жөне оны алмасу буферінде сақтауға (ақпаратты уақытша сақтауға арналған жадтың арнайы аймағы) болады.




Топтардың бірін-бірі бағалауы.

Ватман.Оқулық

Практикасы:

Қолдану”



(Жеке жұмыс)

Презентациядағы фигуралар мен жұмбақтың шешуін табу арқылы шырша, үй, аққала суреттерін салдырту.

Оқушылар компьютерде оқулықтағы тәжірибелік жұмысты орындайды.

Уақытқа бағалау критерийлерге суреттердің сәйкес келуі.

«Таймер»- балауыз шам

Сергіту сәті.

«Сергіту»сәті «Шырша» билету.

Би қимылдары арқылы бойларын сергіту




Интерактивті тақта

2.«Мағынаны таны»

Теориясы:

Талдау”



(Салыстыр, Айырмашылығы неде?

Ұқсастығы неде?

Тақырыптың басты идеясын жаз, деген болу керек)

Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады

Графикалық редактор мен мәтіндік редактордың айырмашылығын Венн диаграммасы түрінде көрсету ұсынылады.

Екі редактордың ұқсастығы мен ерекшелігін салыстырады.

Өзара бағалау

Интерактивті тақта

Теориясы: «Жинақтау» (Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады)


«Блум» түймедағындағы сұрақтар қойылады.




Оқушылар түймедақ жапырақшасындағы сұрақтарға таңдау жасап, жауап береді.

Paint графиктік редакторын қалай іске қосамыз?

Paint графиктік редакторының атқаратын қызметі қандай?

Paint графиктік редакторының терезесінің бөліктерін атаңыз

Сурет салу әдістері қалай орындалады?

Түстер палитрасының қызметі қандай?

Меню жолының қызметі қандай?


Топтар дың өзара фишкаларды көрсету арқылы бағалауы.

Интерактивті тақта

«Бағалау»:

(сен қалай ойлайсың? Не істер едің?)

Не істер едін?

1.Бір қапшықта әртүрлі файлдар толып кетсе, ішінен графикалық редактор файлын қалай ажыратар едің?

2.Бумалардың, таңбашалардағы ақпарат мөлшерін қалай бағалауға болады?

3.Paint графикалық редактордың ұтымдылығын бағала.




Оқушылардың жауаптары

Топ басшысының кезеңдер бойынша бірін-бірі бағалау парағына бағалауы.

Жиынтық бағалау.



Ашық журнал, бағалау парағы, сынып журналы.

Үйге тапсырма.

Үй тапсырмасын тақтаға жазу. Нұсқау беру.

117-120бет оқу.



Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады.




Оқушылар күнделігі

Кері байланыс.

Жылжымалы тақтатаға ілінген суреттер бойынша кері байланыс алынады.Сабақ бойынша алған әсерлеріңді стикер түрінде берілген бейнелерге жазып жапсырыңдар.

1-Сабақтан алған ақпарат әлі де өңдеуді қажет

етсе еттартқышқа апарып жапсырамыз.

2.Сабақ өте керемет. Көп ақпарат



жинадым дегендер чемоданға апарып жапсырыңдар.
3. Маған бүгінгі ақпарат қажет емес дегендер қоқыс шелекке апарыңдар.





Оқушылар кері стикерге өз ойларын жазып, сәйкес суретке жапсырады.

Оқушылардың формативті бағалауы.

Үлестірме парақшалар (стикерлер)


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет