Оқулық. қамсыздандыру: Жұмыс дәптері



Дата22.02.2016
өлшемі119.5 Kb.
#30
түріОқулық
Мерзімі «___» _____________________
Сабақтың тақырыбы: Windows 98 ОЖ жұмыс үстелі. Объектілерді іздеу . Бағыттауыш. Анықтама . Windows 98 анықтама жүйесімен жұмыс істеу

Бағдарламалық – ОЕТС, Windows ОЖ.

дидактикалық Оқулық.

қамсыздандыру: Жұмыс дәптері.

Сабақтың мақсаты: 1. Windows-98 операциялық жүйесінің жұмыс үстелі тақырыбы бойынша оқушылардың білімі мен біліктілігін бекіту және мауспен манипуляциялау, Windows терезелерін басқарудың негізгі әрекеттерін меңгерту, есептер тақтасын , менюді, басқару батырмаларын ұғынып қолдануына көз жеткізу, жұмыс үстелінің қасиеттерін баптауды игеру. Windows-98-дің анықтама жүйесінің мүмкіндіктерімен танысу. Windows-98 –де жұмысқа дағдылануға берілген бағдарламалық жабдықтаманың анықтама жүйесі беретін айтарлықтай көмекті көрсету. Анықтамалық жүйеден мәлімет алу тәсілін оқып білу. Экранда қарап шығуды, анықтамалық мәліметтерді көшіру мен басып шығаруды игеру. Windows-98 анықтамалық жүйесімен жұмыс істеу біліктілігін қалыптастыру.

2. Оқушылардың Windows 98 ОЖ жұмыс үстелі, Windows терезесі түсінігін,

Windows 98 анықтама жүйесімен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.



Сабақтың типі: Көрсетіп –түсіндіру. Зертханалық жұмыс

Білім – біліктілікке Оқушылар білуі тиіс:

қойылатын талаптар: - Windows терезесі түсінігін;

- терезелерді көрсету нұсқаларын;

- активті терезе түсінігін;

- меню анықтамасы мен қасиеттерін;

- қолданбамен жұмыс істеу қасиеттерін;

- файлдар мен қапшықтарды олардың атауы мен атау бөліктері бойынша табуды;

- бағыттауыш дегеніміз не екенін және оны қалай қолдану керек екенін ;

- анықтамалық жүйенің құрылымын;

- Windows 98-дің анықтамалық жүйесі дегеніміз не екенін;

- Windows 98 анықтамалық жүйесінің мүмкіндіктерін;

- анықтамалық ақпаратты іздеу режімі мен әдістерін;

- кез-келген қолданбада анықтаманы қалай қолдануға болатынын;

- анықтамалық жүйесінен ақпарат алу тәсілдерін.

Оқушылар үйренуі тиіс:

- активті терезені анықтауды және терезені активті қалыпқа келтіруді;

- Windows оқулығымен жұмыс істеуді;

- терезелердің көлбеу және созылған менюін қолдануды;

- терезелерді экранда көрсетуді және маустың көмегімен қолданбаны іске қосуды;

- берілген файлдарды табуды;

- анықтама жүйесін қолдануды ;

- қойылған сұрақтарға анықтамалықжүйеден жауаптар таба білуді ;

- экранда анықтамалық материалдарды қарап шығуды ;

- алынған ақпаратты басып шығаруды ;

- алынған ақпаратты көшіруді.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Зертханалық жұмыс барысы

Терезе элементтері және оның өлшемдерін өзгерту тәсілдері



  1. тапсырма. «Менің компьютерім» терезесінің тақырыптар аумағын, Жыймалау, Жаймалау, батырмаларын, жүйелік меню батырмасын табыңдар.

  2. тапсырма. Терезені экран бойы жылжытыңдар.

  3. Тапсырма. Терекзенің биіктігі мен енін өзгертіңдер.

  4. Тапсырма. Терезені айналу жолақтары пайда болатындай етіп өзгертіңдер. Түсіндіріңдер.

Windows –тың негізгі ұғымдарын бекіту, «Активті терезе», Windows –тағы тізімдер мен ауыстырып-қосқыштар

1-тапсырма. Экранда бірнеше терезе ашыңдар. Олардың әрқайсысын кезекпен тікелей терезеде шертіп, барлық терезелерді активті қалыпқа келтіріңдер.

2-тапсырма. Пернетақтаның берілген қаріпін ауыстырып қосыңдар. Есептер тақтасындағы пернетақтаның индикаторы қалай өзгерді?.

Жұмыс үстелінің қасиеттерін баптау.

  1. Тапсырма. Қасиеттер диалог терезесін ашыңдар (маустың оң жақ батырмасының көмегімен).

Жұмыс үстелі үшін сурет немесе өрнек көріңдер де таңдаңдар.

  1. Тапсырма. Бастау таңдап қолданыңдар, оның параметрлерін беріңдер

  2. Тапсырма. Терезені безендіру схемасын өзгертіңдер.

Әдістемелік нұсқаулар.

Жұмыстың 1-2-ші бөлімдерін оқушылар өз бетімен орындайды және бағаға тапсырып

қорғауына болады.

Жұмыстың 3-ші бөлімі оқушылардың дайындық деңгейіне байланысты, мұғалімнің басқаруымен және қатысуымен орындалуы мүмкін.


Тақырып бойынша бақылау мен білімдерінің деңгейін

тексеру сұрақтары:

1.Windows-98 та экранының фонының түсін қалай баптауға болады?

2. Windows-98 -та экран сақтаушысын қалай баптауға болады?

3.Жұмыс үстелі метафорасын түсіндіріңдер

4.Активті терезе деген не? Қазіргі кезде ашық тұрған терезелердің қайсысының активті екенін қалай анықтауға болады? Терезені активті қалыпқа қалай келтіреміз?

5.Активті терезе толық экранға үлкейтілгенде, қалған ашық терезелер қандай күйде болады?

6.”Жабу» және «Жыймалау» ұғымдарының айырмашылығы неде?

7. Windows-98 жүйесінің жалпы сипаттамасын беріңдер.

8.Windows-98 жүйесінің Бас менюі дегеніміз не?

9.Есептер тақтасы дегенімізне?

10.Windows98 жүйесімен жұмысты аяқтау ретін сипаттаңдар.

11.Мауспен жұмыстың қандай әдістері бар?

12.Жұмыс үстелінде пиктограмманы қалай белгілеуге болады?

13.Белгілеуді қалай алып тастауға болады?

14.Пиктограмманы қалай жылжытуға болады?

15.Пиктограммада екі рет шерту қандай нәтиже береді?


Обьектілерді іздеу.

Windows98-де обьектілерді атауы, орналасқан орны, құру мерзімі (уақыттың интервалы көрсетіледі) жадтың алып тұрған орны бойынша іздеуге болады. Файлдарды, бағдарламаларды, құжаттарды, қапшықтарды,таңбашаларды іздеу үшін Бас менюдегі ПускПоиск-Файлы-Папки командасын орындау керек.

Диалогті терезеде «Найти: Все файли» іздеу үшін мыналар қолданылады:


  • «Аты» енгізу өрісі. Өріске іздеп отырған обьектінің аты енгізіледі;

  • «Тізімді ашу» батырмасы. Мауспен басқанда олар бойынша іздеу жүргізілген сөздер тізімі ашылады, мауспен таңдалғансөз енгізу өрісінде пайда болады;

  • «қапшық» енгізу өрісінің де ашылатын тізімі бар;

  • «Шолу» батырмасы қапшықтардың және компьютердің құрылғыларының тізімін ашады. Қапшықтар бұтақтары бойынша жылжып отырып, ізделушіні табуға болады. Іздеу аумағы кішірейеді және іздеу уақыты шамамен бес есе қысқарады;

  • Қосымша іздеу параметрлері «Өзгерту мерзімі» қосымшасында–белгілі уақыт аралығында файлдарды іздеу, немесе соңғы бірнеше ай немесе күн және қосымша-өлшемімен типі бойынша іздеу беріледі.

Іздегенде файлдардың қосымша типтерін, кеңейтулерін көрсетпей нұсқауға болады.

Сондай – ақ шаблондар бойынша іздеу мүмкіндігі бар , мұнда* белгісі белгісіз символдардың кез келген санын , ? белгісі бір ғана белгісіз символды белгілеу үшін қолданылады . Мысалы , *Д* құрамында Д әрпі бар ат , онда белгісіз символдар Д әрпін қоршап тұр ,?? И ? – бұл И әрпінің алдында екі символ , ал соңында бір символ бар ат . Табылған объектіні маустың батырмасын екі рет шертіп бастауға болады .


Бағыттауыш .

Windows бағыттауышы -бұл қапшықтар мен деректердің құрылымын қарап шығуға арналған арнайы “қолданба“ .Оны іске қосу үшін Бас менюден “Программы “ пунктін, содан кейін “Проводник “пунктін немесе контексті меню арқылы “ Пуск батырмасын (маустың оң жақ батырмасын басу) таңдау керек. Windows бағыттаушының терезесінің сол жақ бөлігі ДК –ге мүмкін барлық ақпаратты көрсетеді, терезенің оң жақ бөлігі - сол жақтан таңдалған дискінің немесе қапшықтың ішіндегісін. Windows бағыттаушының терезесінің оң жақ бөлігі-сол жақтан таңдалған дискінің немесе қапшықтың ішіндегісін. Windows бағыттаушының терезесінің оң жақ бөлігіндегі таңдалған объектіні бастай алады .


Көмек сөз алу

Анықтама мүмкіндіктері .

Windows 98 анықтама жүйесінен ақпаратты әр түрлі әдістермен алуға болады. Мазмұнын әдеттегідей қолмен қарау және сөздерді пәнді көрсеткіштен іздеуден басқа ақпаратты анықтама сөздерінің деректер базасында іздеу жүйесі ұйымдастырылған. Іздеу жүйесін басқару қажет анықтама мәліметтерін жылдам алуға мүмкіндік береді. Іздеу нәтижесінде терминолгия бойынша ұқсас бөлімдер шығарылады, оларды сендер аз уақыт ішінде қарап шыға аласыңдар.



Меню пунктіндегі «?» белгісі

Кез келген терезенің менюінде мауспен «?» сұрақ белгісінде басыңдар. «Анықтаманы шақыру» опциясы бар созылған меню пайда болады. Терезенің анықтама жүйесін ашу үшін осы опцияны таңдаңдар да қажет ақпаратты іздеуді жалғастырыңдар.


Терезенің менюдегі «Бұл не?» анықтамасы

Кейбір терезелерде «?» белгісінің суретіне маустың батырмасын басқанда «Бұл не?» опциясы бар созылған меню пайда болады. «Бұл не?» командасын орындағанда маус нұсқағышы түрін «?» белгісі бар бағдаршаға өзгертеді. Бұл нүсқағышты диалог терезесінің өздеріне қажет элементіне апарып, маустың батырмасын басыңдар. Сонда көрсетілген элемент жөнінде анықтама мәтіні бар қалқып шығатын терезе пайда болады


«Анықтама» батырмасы

«Анықтама» батырмасын басу бағдарламаның жұмысы туралы ақпарат береді және әрі қарай орындайтын әрекеттер бойынша нұсқау береді.


F1 пернесі (баяндау-көрсету)

Ақпарат алу үшін дәстүрлі F1 батырмасы үш қосымшасы бар анықтама жүйесінің терезесін ашады, онда сендер қажет анықтаманы іздеу үшін мәлімет енгізулерің керек. Егер терезенің жоғарғы оң жақ бөлігінде не батырма, не Анықтама батырмасы, не сұрақ белгісінің суреті жоқ болса, онда оны басыңдар.


Жұмыстың негізгі әдістері туралы анықтама алу.

Анықтама жүйесі Windows 98-дің интерфейсінің жаңа элементтерімен жылдам танысуға мүмкіндік береді. Жұмыстың негізгі әдістері туралы анықтама алу үшін «Мазмұны» қосымшасында екі рет шертіңдер, алдымен «Windows-ке кіріспе» анықтама жүйесінің бөлімінің аты бар жолда, содан соң «Жұмыстың негізгі әдістері» дегенде шертіңдер. Бағыныңқы бөлімдердің тізімі пайда болады. Тізімнен пункттерді таңдай отырып, сендер Windows 98-дің жаңа интерфейсімен негізгі жұмыс әдістерімен жылдам танысасыңдар.


3.2.7 және 3.2.8 тапсырмалары бұл тақырыпты оқулықтан оқу конспектісі болып табылады Ол оқушылардың тақырыпты менгеруін бақылау үшін қолданылады
3.2.7. Тапсырма . Сұрақтарға жауап бер

  • «Анықтама» не үшін керек?

Windows – та жұмыс істегенде , қиындық туған жағдайда кеңесті пайдалану үшін қажет

  • «Анықтаманы» қалай алуға болады?

  1. Меню жолындағы ? батырмасын шерту

  2. Анықтаманы шақыру командасын таңдау


3.2.8. Тапсырма.

АНЫҚТАМАЛЫҚ ЖҮЙЕ: Windows терезесі қосымшаларының көмегімен қандай ақпарат алуға болады?



Іздеу

Пәндік нұсқағыш

Мазмұны

Анықтаманы бөлек сөздер немесе сөйлемдер бойынша береді

Анықтамалық ақпаратты алфавиттік ретте орналасқан тізімнен таңдауға болады

Анықтама алуға болатын бөлімдер топтарын білдіреді

Бөлімдегіні бөлек терезеге шығарады


IV. Жаңа тақырыпты бекіту

Зертханалық жұмыс, 3.2.7, 3,2,8 – тапсырмаларды орындау
V. Қорытындылау

1)Үйге тапсырма

Windows 98 ОЖ жұмыс үстелі. Объектілерді іздеу . Бағыттауыш. Анықтама . Windows 98 анықтама



жүйесімен жұмыс істеу

2)Оқушыларды бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет