Психологиялық ахуал (Оқушылар бір-біріне сәттілік тілейді)
Ал, балалар, саспайық,
Көңілді сабақ жасайық.
Атсалысып,аянбай,
Бар өнерге басайық.
Роза гүлдерінің сабақтарында масса, күш, жылдамдық деп жазылған, сол бойынша топтарға бөлінеді
Білу,тану
1 тапсырма: Білуі тиіс: «Ой қозғау» Еске сақтау қабілетін байқау,ойымызды саралау көзделеді.
(Өткен материалдарды қайталау сұрақтары)
1) Ньютонның І заңын калай тұжырымдаймыз?
(Егер денеге басқа денелер әрекет етпесе немесе олардың әрекеті теңгерілген болса, онда дене не тыныштықтағы күйін сақтайды, не түзу сызықты бірқалыпты қозғалысын жалғастырады.)
2)Күштің қандай түрлерін білесіңдер?
(Ауырлық күші, серпімділік күші, үйкеліс күші, тіректің реакция күші.)
3) Ньютонның ІІ заңын калай тұжырымдаймыз?
(Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура , ал оның массасына кері пропорционал.)
4) Ньютонның ІІІ заңын калай тұжырымдаймыз?
(Әрекет етуші күшке әрқашан тең қарсы әрекет етуші күш бар болады. Басқаша айтқанда, денелерді бір – біріне әрекет етуші күштері модулі бойынша өзара тең және бағыттары қарама қарсы)
5)Бүкіләлемдік тартылыс заңы қалай тұжырымдалады ? (Екі дене бір – біріне масссаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал арақашықтықтарының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады.)
6)Бірінші ғарыштық жылдамдық дегеніміз? (Бүкіләлемдік тартылыс күші әрекетінен дененің дөңгелек орбите бойымен қозғалысы жүзеге асатын жылдамдық )
7) Екінші ғарыштық жылдамдық дегеніміз?(параборалық траекторияға сәйкес келетін жылдамдық)
8 ) Дененің салмағы деп... (Дененің Жерге тартылу салдарынан оның тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші )
9) Асқын салмақ деп нені айтамыз?(Тіректің немесе аспаның үдемелі қозғалысынан туындайтын дене салмағының артуын айтамыз) )
10) Салмақсыздық деген не? (Дененің салмағы нөлге тең болатын дененің күйі)
Түсіну
«Ой толғау»-Джиксо әдісібойынша топтар жаңа тақырыпты оқып, топта талқылап, қорғайды.