Ауд.сабақ №7-8 Тақырып: «Аурушандықтың көрсеткіштері. Аурушаңдықты зерттеу әдістері»
Дәрістің жоспары:
Аурушаңдық, аурушаңдықтың көрсеткіштері және оны зерттеу әдістері
Аурулар номенклатурасы мен жіктемесі және өлім-жетімнің себептері
“Аурулық-сыркаулық” деп халық ерасында бір жыл ішінде алғашқы рет анықталып, тіркелуге алынған аурулардың жиынтығын айтады. Ал, “аурулық”, яғни “аурулардың таралуы” - бір жыл ішінде халық арасындағы тіркелген барлық аурулардың саны. Нақтылап айтқанда - бұл биылғы жылы бірінші рет анықталған аурулар мен өткен жылдары анықталып, биылғы жылы бір-ақ рет тіркеуге алынған аурулардың жинағы (мысалы, созылмалы аурулар: жүрек және қан айналым жүйсінің, асқазан, бауыр, бүйрек және т.б. аурулар).
Статистикалық зерітеудің күрделігі - халық аурулығының жалпы сипаттамасы, әрі оған баға беруі, әлеуметтік жағдайға әр түрлі себептердің аурулық деңгейіне және оның қүрамына әсер етуіне байланысты болады.
“Патологиялык зақымдалу” дегеніміз - дәрігерлік қарауда айқындалған аурулар мен түрлі морфологиялык және функционалдық өзгерістердің жиынтығы. Аурулықты зерттеу үшін және оны уақыт, кеңістік бойынша салыстыратын керекті бір жағдай - ол қазіргі номенклатура, яғни аурулардың, жарақаттанулардың, өлім себептерінің жіктелуін қолдану.
Аурулар түрлерінің және денсаулыққа әсер ететін жағдайлардың халықаралық статистикалық жіктелуі, яғни оныншы рет қайта қаралуы (халықаралық аурулар жіктелуі, ХАЖ - 10) былайша таратылады:
Жұқпалы және паразитарлы аурулары.
Ісік аурулары.
Қан ауруы, қан түзу ағзаларының және иммунды механизмі бұзылуына қатысты жеке аурулары.
Эндокринді аурулары, тамақтану және мінез-құлқының бұзылыстары.
Психиканың бұзылулары және мінез-құлқының бұзылыстары.
Жүйке жүйесінің аурулары.
Көз және оның қосымшаларының аурулары.
Құлақ және емізік тәрізді өсінді аурулары.
Қан айналым жуйесінің аурулары.
Тыныс алу жүйесінің аурулары.
Ас қорыту жүйесінің аурулары.
Тері және тері асты шелінің аурулары.
Тері-бұлшық ет жүйесінің және дәнекер тінінің аурулары.
Зәр шығару және жыныс жүйесінің аурулары.
Жүктілік, туу және туғаннан кейінгі кезеңдерінің асқынулары.
Перинатальды кезеңде пайда болған кейбір жағдайлар.
Туа пайда болған ақаулары, түр өзгеру және хромосомдық бұзылыстар.
Жарақаттану, улану және сыртқы ортаның әсерінің басқа да әсерлері.
Аурулық пен өлімнің сыртқы себептері.
Халық денсаулығыиа және емдеу мекемелеріне қаралуға әсер ететін жағдайлар.
Қалыпты жағдайдан ауытқу белгілері.
Ауруға шалдығу туралы мәліметтердің маңызы өте зор.
Олар:
Халық денсаулығы жағдайының өзгеруін адамдардың ауруға шалдығу көрсеткіштері арқылы білуге болады. Аурулық деңгейіне, адамның жасы мен жынысы, әлеуметтік-гигиеналық, өндірістік, климаттық - географиялық факторлар әсер ететіндегі арқылы айқындауга болады.
Аурулықтың деңгейінің өсуі мен артуын, емдеу-профилактикалық мекемелерінің ең маңызды, тиімділік қөрсеткіштері арқылы анықтауға болады.
Ауруға шалдыу жөніндегі денсаулық сақтауды ұйымдастыруды қазіргі таңда және келешекте жаксарту үшін пайдаланылады.
Тұрғындар сырқаттанушылыгын зерттеу-халық денсаулығын (санитарлық жағдайын) зерделеудін негізгі керсеткіиіі.
Сырқаттанушылықты зердедеудің негізгі төрт әдісі бар:
Емгерге қаралу есебі бойынша.
Медициналық қараулар натижесі бойынша.
Сауалдау.
Өлім себептерін талдау.
Келтірілген әдістердің әрқайсысының өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Мысалы, сауалдау әдісін қолданғанда тұрғындардың сырқаттану барысында әлде бір себептермен емгерлерге қаралмаған жағдайларда есепке алынуы мүмкін. Бірақ, әрбір тұрғын өзінің қашан, қанша уакытқа және немен сырқаттанғанын еске сақтай бермеуі де мүмкін. Мұндай деректерді тек ресми жүргізілетін құжаттар арқылы ғана жинақтауға болады. Соңдыктан сырқаттанушылықты емхана кұжаттары негізінде жүргізілетін тұрғындардың емгерлерге қаралуы бойынша зерделеу әдісінің бұл тұрғыдан бір шама артықшылыктары бар. Бірак бұл әдістің де өзіндік кемшіліктері бар. Біріншіден, сырқаттанған адамдар әрқашан емгерге қаралмауы да мүмкін; екіншіден, сырқаттана қалғанда негізінен үлескелік емгерге қаралатындыктан, бойда бар, бірак тек қана арнайы мамандар ғана анықтай алатын кейбір дертер (патологиялық ауытқулар) есепке алынбауы мүмкін. Патологиялық ауытқулар тек қана арнайы мамандардың қатысуымен жүргізілетін медициналық байқаулар нәтижесінде анықталады.
Осы себептерге байланысты тұрғындар сырқаттаушылығын зерделеу үшін әдетте осы үш әдісті қатар, бір мезетте қолданылғаны дұрыс. Сонда ғана, жинакталған деректерді бір-бірімен салыстыра, толықтыра отырып, шындыққа саятын, тұрғындар сырқаттанушылығын ақиқатты сипаттаушы мәліметтер алып, олардың денсаулық (санитарлық) жағдайын бағалауға болады.
Қазакстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің 28.05.1997 жылғы № 259 бұйрығына сәйкес, денсаулык сақтау мекемелерінің сыркаттанушылық жайлы алғашқы бірегей құжаты ретінде “Амбулаториялық пациенттің статистикалық картасы (е.п. № 025 - 2 (е - у)) және “Науқасханадан шыққан адамның статистикалық картасы”: (е.п. №066 (е-у) стоматологтар үшін “стоматолог-емгердің күнделікті жұмысын есептеу парағы” (е.п. №037 е - у) пайдалыналады.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасы бойынша таратыла бастаған азаматтардың “Жеке медициналык кітапшаларын” тұрғындар сырқаттанушылығын зерделеу үшін қолдануға болады. Бұл кітапшада азаматтардың денсаулық жайында көптеген негізгі деректердің жинақталуы (бұрынғы сыркаттанулар, созылмалы дерттер, медициналық қараулар нәтижесі, туберкулез, венерологиялық және басқа жұқпалы дерттерге лабораториялық тексерулернәтижелерінің тіркелуі) көзделген.
Тұрғындар сырқаттанушылығын зерделеу үшін азаматтардың “Жеке медициналық кітапшасы” әсіресе сауалдау әдісін қолданған жағдайда оның ақиқатгылығын арттыруға мүмкіндік береді. Халық денсаулығын сырқаттанушылық көрсеткіштері арқылы сипаттау кезінде қолданылатын көрсеткіштердің бірі - сырқаттанушылыққа байланысты еңбекке жарамсыздықты зерделеу. Уақытша еңбекке жарамсыздыққа байланысты халық денсаулығын зерттеу, оны зерделеу тәсілдері жеке, арнайы (тақырып) түрінде өткізіледі
Достарыңызбен бөлісу: |