Сабақ Арамен тозаңданатын қияр сорттары мен гибридтерін өсіру технологиясы



Дата17.11.2023
өлшемі15.95 Kb.
#483543
түріСабақ
zerthanal k sabak zhko


Зертханалық сабақ


Арамен тозаңданатын қияр сорттары мен гибридтерін өсіру технологиясы.

Арамен тозаңданатын сорттар мен гибридтер Манул, Марафон, ТСХА Эстафета т.б. бұл сорттармен қатар жылыжайларға Марфинский, Тепличный 40, Алма-Атинский 1 сияқты тазаңдандырғыш-сорттарды отырғызады, олар жалпы ауданның 10-15 % алады.


Себу және отырғызу мерзімдері партенокарптылардан бір-екі аптаға кешірек жүргізіледі. Себу және отырғызу мерзімдері жарық аймағына және сорт пен гибридке байланысты.
Себу үшін 1 классты тұқымды алады. Тұқымды себер алдында дайындау тәсілдері іріктеу, термиялық өңдеу (40-52 0С 3 тәулік және 1 тәулік 70-80 0С), залалсыздандыру ТМТД (1 кг тұқымға 4г). Тұқымды қысқы-көктемгі айналымда көшетті отырғызардан 30-35 күн бұрын құмыраға себеді. Құмыраларды полиэтиленді пленкамен жауып, шамдардың астына бірқалыпты жарықтанатындай етіп орналастырады. Ауа мен топырақтың температурасы 25-30 0С. Өскін пайда болғанда пленканы алып тастайды.
Көшетті өсіру үшін ең жақсы қоспа компост. Шымтезек 60%+шымдақты топырақ 20%+қарашірік20%; қарашірік 45%+көң10%+ағаш үгіндісі45%. Көшет өсіру үшін шымтезектітопырақты, шымтезектіцеллюлозалы немесе пластмассадан жасалған көлемі 8х8х8 – 10х10х10 болатын құмыраларды пайдаланады. 1 м2 жерге 80-100 құмыра келеді. Көшетті күн ара суғарады, өйткені лампаның астында топырақ тез кебеді. 2 аптадан соң көшеттерді 1м 2 жерде 45 дана болатындай етіп бір-бірінен алшақтатып орналастырады.
Блокты жылыжайларда арамен тозаңданатын сорттар мен гибридтерді 100+50х35(40) см, 120х25(30) см үлгісімен отырғызады.
Ангарлы жылыжайларда 80+60х35(40) см; 80х50 немесе 100х35 см отырғызу үлгісін қолданады.
Өсімдіктердің жоғары жағынан бір-бірінен 30-40 см қашықтықта параллель шпалера тартылады. V тәрізді етіп байланады. Аптасына бір рет өсімдікті жіпке шырмап байлауды жүргізіп отырады. Арамен тозаңданатын сорттиптері жылуға талабы жоғары, сондықтан күндізгі температура 1..3 0С жоғары болу керек. Алғашқы өнімді жинап алған соң түнгі температураны 18..19 0С төмендету керек, ол өсімдіктің жақсы бұтақтануына әкеледі.
Арамен тозаңданатын сорттар мен гибридтерді жүйелеудің өзіндік ерекшелігі бар, еңбекті көп қажет етеді. Негізгі сабақты 8-9 жапырақтан кейін тұқыртады, тұқыртып қиюды жемістен соң жапырақ қалдырып барып қияды. Әр бүйірлік өркенде 2 жемістен қалдырады. Шпалерадан асқанда 3-4 жапырақ қалдырып сымның бойымен орап екі жерінен байлайды. Жапырақ қолтықтарынан шыққан 2-3 өркенін қалдырып төмен қарай бағыттайды, жерге жетпей 1-1,2 м биіктікте тұқыртып қиып тастайды. Төменгі бүйірлік өркендерін екінші жапырақтан кейін, ортаңғы және жоғарғы өркендерін үшінші-бесінші жапырақтан соң тұқыртып қияды.
Сарғайып, қатқылданған жапырақтарын ашық күні таңертеңгі мезгілде өткір пышақпен кесіп алып тастайды.
Тозаңдандыру үшін жылыжайға 1000 м2 – 1 балұясын қояды. Жылыжайда ауаның ылғалдылығы, температурасы, СО2 мөлшері жоғары болса, улыхимикаттар қолданылған жағдайда аралардың белсенділігі төмендейді. Мұндай жағдайда қосымша араұясын ұстау керек.
Алғашқы толқын өнімдерін жинағаннан кейін өсімдік әлсірейді. Бұл уақытта түнгі температураны 16-17 0С дейін төмендетіп, тамыр жүйесін үстеме қоректендіру жүргізіледі (мочевина 50-60 г/м2 немесе 10 л суға 30 г). СО2 газымен үстеме қоректендіру жүргізіледі. Бұл өсімдіктің қартаюын баяулатып, бүйірлік өркендері мен тамырының өсуін күшейтеді.
Ерте көктемде наурыз, сәуір айларында күн сәулесі интенсивтілігі жоғары болғанда шамадан тыс қызу өсімдікке кері әсер етеді. Мұндай жағдайда шашыратып суғару жұмысын жүргізеді, жылыжай шатырын бордың ерітіндісімен бояйды. Қыста ертекөктемде желдету табиғи жолмен жүреді, күн сәулесі көбейген сайын желдетуді күшейтеді. Жылыжайдағы температура 29-30 0С көтерілсе жоғарғы фрамугаларды, 33-34 0С көтерілсе шеткі фрамугаларды ашып желдетіледі.
Өнім жинау 1-2 күн сайын жиі жүргізіледі. Өнімділігі 20-28 кг/м2.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет