Мотивациялық қозғаушы
Ұйымдастырушы ізденуші
Ревлексивті коррекциялау
|
Шарттың шеңбері
Армысың, Аспан арайлы
Армысың, Күннің шуағы
Армысың, қасиетті, Жер-ана,
Армысың, бақ дәулетті жерім менің Армысың, асқар тау көлім менің Армысың, балабақша достарым Армысыздар, қонақтар!
Осы жақсы көңіліңізбен орнымызға отырайық.
-Қане балалар есімізге түсірейікші, бүгін аптаның нешінші күні, қалай аталады?
-Апта күндері туралы тақпақты кім айтады?
-Жылдың қай мезгілі ?
Қай ай?
-Көктем туралы қандай тақпақ білесіңдер?
Маңғыстаудағы жайылымның негізін құрайтын басты мал азығы жусан.
Түпқараған ауданымызда мынадай өсімдіктер өседі:
(Жусан, мортық, бәйшешек, сүттіген, жантақ, қаражусан, қамыс, қырыққұлақ)
Көктемгі төл шөптерінің ішіндегі шаруашылық үшін ең пайдалы шөп мортық. Маңғыстаудың байтақ даласында кездесетін емдік шөптерді атайтын болсақ жусан, адыраспан, қаражусан осылар кіреді.
Қамыс-ең көп тараған өсімдік. Суда, ылғалды жерде өседі. Қазақстанда -14 түрі бар. Тамыры тереңге жайылып өседі. Сабағынан түрлі тоқыма бұйымын жасап, жылу ұстағыш құрылыс материалдарын дайындайды.
Дәрілік өсімдік санап тамырын тағам ретінде де пайдаланылады.
Қырыққұлақ –көп тілімді әсем жапырақты өсімдік . 12 мыңнан астам түрі бар.Қазақстанда 35 жуық түрі кездеседі.
Жапырағы қыран құстың қанатына ұқсайды. Гүлдемейді, кейбір түрлерін дәрілікке, тамаққа пайдаланылады.
Балалар ендеше сұрақ қоямын:
-Өсімдікке нелер жатады?
-Өсімдік құрылысын ата?
-Өсімдіктердің өсуіне не қажет?
-Өсімдіктер тамыры қайда орналасқан?
-Тамыры арқылы өсімдік топырақтан не алады?
Сергіту сәті
Көкке бойын созады
Күн сәулесін шашады
Соқса самал желімен
Ырғалады тербеліп
Балалар енді тыйым сөздер, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, тақпақтар кім айтады?
-Балалар біз бүгін өсімдіктермен таныстық
Қане айтыңдаршы өсімдіктер тамыры қайда орналасқан?
Өсімдіктер топырақтан не алады екен?
Өсімдіктердің өсуіне не қажет екен?
Қандай өсімдіктерді білдік?
Жарайсыңдар балалар бүгінді іс-әрекетке жақсы қатыстыңдар
Анеля өте жақсы қатыстың
Нұрлыбек, Мұрат өте жақсы тақпақ айттыңдар.
Бүгінгі іс-әрекетіміз осымен аяқталды. Қатысқандарыңа көп-көп рахмет.
Қонақтарға бәріміз сау болыңыз айтамыз.
|
Шеңберге тұрады.
Қимыл қозғалыс арқылы көрсетеді.
Апта деген атайдың жеті бірдей ұлы бар
1-шісі дүйсенбі
2-шісі сейсенбі
3-шісі сәрсенбі
4-шісі бейсенбі
5-шісі жұма
6-шысы сенбі
7-шісі жексенбі
-Көктем мезгілі сәуір айы
Көктем келді далаға
Келді сұлу шағала
Аспандағы ақ құстар
Ауылымды арала
Анеля
Табиғат әсемдіктің төркінісің
Ән саламын бір сенің көркің үшін
Жан –жануар табынып бір өзіңе
Сенен алып тұрғандай бар тынысын
Ұлдана
Хош иіс гүлдер орап атырабыңды
Жайыпсың жиһан түзге жапырағыңды
О сұл шын дем емен сырлам емен
Нәр алған сүйейінбе топырағыңды.
адыраспан, жусан, алабұта
-тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі
-су, ауа, жылу
-топырақта
қоректі заттар
Тыйым сөз
Нұрлыбек
Гүлді жұлма
Ағашты жастай қырықпа
Мақал мәтел
Ағаш тамырымен
Адам достарымен мықты
Жаңылтпаш
Шөмеленбеген шөпті мен шөмелемей кім шөмелейді.
Тақпақтар
Құқығың жоқ гүлдерді
Көк шөпті жұлуға
Құқығың жоқ құстардың ұясын бұзуға
Құқығың жоқ тәртіпсіз боп
Қызарып тұруға
Мұрат
Сүйемін табиғатымы аялап
Бізде одан жақсыларды аялайық
Анадай табиғаттың аясында
Жадырап жас балаша аялайық.
Сау болыңыздар!
|