Сабақ: «Асыл қасиет»



бет1/3
Дата28.02.2023
өлшемі34.96 Kb.
#470154
түріСабақ
  1   2   3
Асыл касиет кмж


Сабақ:
«Асыл қасиет»

Мектеп: №47 жалпы орта білім беретін мектеп

Күні: 20.02.18

Мұғалімнің аты – жөні: Абат Асылайым Абайқызы

Сынып: 5




Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

5.2.6.1 (О)-оқылым стратегияларын қолдану; жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу
5.3.1.1 (Ж)-берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру.
5.4.4.3-сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану, сын есімдерді зат есім орнына қолдана білу

Сабақтың мақсаты:

Барлығы: берілген мәтіннің мазмұнын түсінеді, адам бойындағы асыл қасиеттерді ұғынады.

Көбі: сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін таниды.

Кейбірі: сын есімдерді зат есім орнына қолдана біледі.

Күтілетін нәтижелер

Адам бойындағы асыл қасиеттерді бағалай білуге үйрену,
сын есімдердің, шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ

Қажетті құрал-жабдықтар

Кітап, тақта, электронды тақта,бор, компьютер, қағаз қиындылары, маркер, парақтар.

Оқыту әдістері

Сөздік, «Тәтті таяқшалар» әдісі , «Ауа райы» әдісі, «Санамақ» әдісі, «Жұмбақ суреттер» әдісі

Дереккөздері

Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар.

Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Жоспарланған уақыт:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Ресурстар

Сабақтың басы
15 минут

Оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұрап, кезекшімен сұхбат жүргізеді, оқушыларды түгендейді.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:


Күнге қарап қолымды
Бір, екі, үш деп соғайын. /қолды соғу/
Қарап тұрған көршіме
Мен қолымды бұлғайын/бір-біріне қол бұлғау/
Жылы-жылы жүзбенен,
Маңдайыңнан сипайын. /сипау/
Жылы-жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын. /жүректі ұсыну/
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бер қысайын. /қолды қысу/
Амандасып өзіңмен,
Құшақтасып алайын. /құшақтасу/

Үй тапсырмасы «Санамақ» әдісімен сұралады.


Балалар рет бойынша 1,2,3,4 деп саналып,
1-ші номерлер үй тапсырмасын,
2-ші номерлер сұрақ қойып,
3-ші номерлер қиналған сұраққа көмектесіп,
4-ші номердегі оқушылар сабақ айтқан оқушыларды бағалайды. Сол рет бойынша топқа бөлініп отырады.

1-топ: Сыйластық
2-топ: Адамгершілік
3-топ: Мейірім
4-топ: Жанашырлық
-Оқушылар, осы сөздердің барлығы қандай ұғымға саяды?

Амандасады, сабақ құралдарын шығарып, кезекші өз міндетін атқарады. Назарларын сабаққа аударады.

Орындарынан тұрып, парталас көршілеріне қарап, өлең жолдарын қайталайды және іс-қимылмен көрсетеді, сабаққа деген қызығушылықтары артады.

Оқушылар рет бойынша саналып, үй тапсырмасы тексеріліп, бағаланады.

-Менің ойымша, адам бойындағы асыл қасиеттер.


слайд



Дәптер қалам


Сабақтың ортасы
20 минут

«Асыл қасиет»
1-тапсырма. Тыңдалым
«Адам көркі - шүберек», «Киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады» деген мақалдар бар. Дүниеде әр халықты басқа халықтардан ерекшелеп тұратын салт-дәстүрі, ішер асы мен киер киімдері, сыртқы түрі мен келбеті болады. Сондықтан сыртқы келбеттің де әркімнің өз ұлтының, халқының мәдениетіне, таным-түсінігіне сай болуы шарт.
Бұл өмірде адамдардың жан-дүниесін танып-білудің, әрқайсының сана-сезімімен санаса келіп, олардың жеке-дара өзгешеліктерін түсіне білудің маңызы айрықша. Ол әрине, өзара қарым-қатынас жасау, сыйласу барысында анықталатын қасиеттер. Тек есте болатын бір жағдай, жеке адамның әртүрлі ерекшеліктерінің дамып, қалыптасуы оның өзі өмір сүріп отырған ортасына, ондағы қоғамдық қатынастарға (экономикалық, саяси) тәуелді. Өмірдің бір орында тұрмайтыны белгілі. Адамның айналасындағы жағдайлар үнемі өзгеріп отыратындықтан, оның әртүрлі психикалық өзгешеліктері де біртіндеп өзгеріске түседі. Соған қарамастан, адам тану бойынша зерттеу жүргізушілер адамның сыртқы кескін-келбеті, жүріс-тұрысы, сөйлесу, сәлемдесу әдебі, ұйықтау, отыру мәнері арқылы-ақ оның қандай мінезді, ақыл-парасатының, ерік күшінің, белсенділігінің қаншалықты екенін аңғаруға болады деп есептейді.
(М.Сабыр)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет