Сабақ жоспарының Үлгісі мұғалімнің аты-жөні: Қуандық Қалбынұр Пән/Сынып: қазақ тілі, 5-сынып



бет1/2
Дата19.09.2023
өлшемі184.29 Kb.
#477892
түріСабақ
  1   2
1-сабақ . Сырлы да сиқырлы аспан әлемі


ВИДЕО САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ ҮЛГІСІ

Мұғалімнің аты-жөні:

Қуандық Қалбынұр

Пән/Сынып:

қазақ тілі, 5-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

ІVТоқсан, 1 апта, №1 сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

9-бөлім.
Аспан әлемінің құпиялары

Сабақтың тақырыбы:

Сырлы да сиқырлы аспан әлемі

Оқу мақсаттары:

5.1.4.1 тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау;
5.ӘТН4.Сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді зат есім орнына қолдана білу. (дара және күрделі сан есімдер)

Сабақ мақсаты:

Барлығы: мәтін мазмұнын түсініп, тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайды.
Көбі: сан есімнің мағыналық түрлерін ажыратады, сан есімді зат есім орнына қолдана біледі.
Кейбірі: дара және күрделі сан есімдерді ажырата біледі.

Бағалау критериі:

  • ұсынылған ақпараттан негізгі ойды анықтайды;

  • сан есімнің мағыналық түрлерін біледі;

  • берілген мәтіннен дара және күрделі сан есімдерді таба біледі.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны



Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут



Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме?
5-сыныптың қазақ тілі пәніне қош келдіңіздер!
Сабағымыздың тақырыбы: «Сырлы да сиқырлы аспан әлемі»
Бүгінгі сабақта:
Сенің білетінің:
аспан әлемінің сырлары
Сенің меңгеретінің:

  • мәтін мазмұнын түсініп, тірек сөздер мен жетекші сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтайсың;

  • сан есімнің мағыналық түрлерін ажыратады, сан есімді зат есім орнына қолдануды үйренесің;

  • дара және күрделі сан есімдерді ажыратасың.




Видео-аудио суреттер, кесте, диограмма, презентация, электронды құралдар, т.б.

3-5 минут

Жаңа сабақ










1-3 минут



Тапсырмалар

1-тапсырма. Мәтіндегі тірек сөздерді тауып, негізгі ойын 1-2 сөйлеммен жазыңыз.
Арғы ата-бабаларымыз апан денелерін зерттеп, аса құнды еңбектер жазған. Орта Азияның ұлы астрономдары қатарына Әбу Насыр әл-Фарабиді, Әбу Райхан әл-Бируниді, Омар Һайамды, Мұхаммед Тарағай Ұлықбекті жатқызамыз. Әл-Фарабидің мол рухани қазынасының ішінде астрономияға қатысты еңбектері де көп. Ал әл-Бируни Орта Азияда жыл санаудың екі жүйесі болғанын анықтаған. Уақытты есептеу әдістері, жыл мен ай, апта мен күн есептері туралы айтқан. Омар Һайам күнтізбені дәл жасаған. Күнтізбедегі жылбасы 22 наурызға сәйкес келеді. Ұлықбектің үлкен ерлігі – Самарқанда үлкен астрономиялық обсерватория салдырып, жұлдыздардың жаңа тізбесін жасауы.

Дескрипторы:



  • мәтіннен тірек сөздерді анықтайды;

  • мәтіннің негізгі ойын анықтайды.

Өзіңді тексер! (оқушы жауабы ескеріледі)


Мәтіндегі тірек сөздер: аспан денелері, ұлы астрономдар, құнды еңбектер, күнтізбе.
Мәтіннің негізгі ойы: аспан денелерін зерттеген ата-бабаларымыздың құнды еңбектері туралы ақпарат беру.
2-Тапсырма. Берілген мәтіннен сан есімнің мағыналық түрлері тауып, ажыратыңыз. Күрделі және дара сан есімдерді екі бағанға теріп жазыңыз. Заттанып тұрған сан есімдерді табыңыз.
 Біздің сыныпта жиырма оқушы бар. Қазір бесінші сыныпта оқимыз. Біздің көбіміз екі мың оныншы жылы дүниеге келгенбіз. Сабақта екі – екіден отырамыз. Жиналысқа он шақты ата – ана қатысып отыр. Бүгінгі сабақ бес жарым сағатқа созылады. Сегіз сабақтың алтауы өтілді.
Дескрипторы:

  • Мәтіннен сан есімнің мағыналық түрлерін табады;

  • Мәтінде берілген сан есімдерді құрамына қарай ажыратады;

  • Зат есім орнына жұмсалып тұрған сан есімдерді табады.

Өзіңді тексер!


Жиырма – есептік сан есім
Бесінші – реттік сан есім
Екі мың оныншы – реттік сан есім
Екі-екіден – топтау сан есімі
Он шақты – болжалды сан есім
Бес жарым – бөлшектік сан есім
Сегіз - есептік сан есім
Алтауы – жинақты сан есім





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет