Сабақ Қазақ тілі ыбырай алтынсарин сәуір Мұғалім: Қабдырашова А.Қ



Дата25.02.2016
өлшемі44 Kb.
#19567
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің

Негізгі жалпы білім беретін №14 мектебі» ММ

Ашық сабақ

Қазақ тілі

ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН


Сәуір

Мұғалім: Қабдырашова А.Қ.

2009 – 2010 оқу жылы

Күні:

Пәні: қазақ тілі

Сынып: 7 «А»



Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин

Сабақтың мақсаты:

  1. Ыбырай Алтынсарин өмірінен жалпы түсінік; Етіс, етістің түрлерін ажырата білуге үйрету;

  2. Оқушылардың сөздік қорын, сөз байлығын, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту;

  3. Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу, ұлы ғұлама ақындарымыздай білімге, өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, проблемалық сұрақ, ой толғау, қорытындылау.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, ақынның портреті, сызбанұсқа, үлестірмелі кеспелер



Қолданылған әдебиеттер: Қазақ тілі. Орыс тілінде оқитын негізгі жалпы мектептің 7 сынып оқулығы. Алматы «Атамұра», 2007 ж. Отцы «Драгоценных слов». Издательство «Аруна», 2002 г., Айтыс. Издательство «Аруна», 2002 г.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. оқушылармен амандасу

  3. Гимн орындау

  4. кезекшімен сұхбат

  5. Білімді жан-жақты тексеру:

  • етістік дегеніміз не?

  • Етістікке жалғанатын қандай жұрнақтар бар?

  1. Үй тапсырмасын сұрау

  2. Досмағанбет пен Жамбыл айтысынан үзінді (118 – бет, 5 – тапсрыма, жатқа);

119 – бет, 8 – тапсырма (сөз тіркесін құрау)

зат есім + зат есім

сын есім + зат есім

есімше + зат есім

зат есім + көсемше

  1. Жаңа сабақ: Ыбырай Алтынсарин

(оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру)

Қазақ әдебиетінің атасы,

Ұлы педагог, жазушы
(1841-1889)
1841 жылы Торғай жерінде дүниеге

Ыбырай Алтынсарин келген

Ата-анасынан жастайынан қалған

Атасы Балқожа бидің тәрбиесінде болған
Торғайда, Қостанайда мектеп, училище,

лицей-интернант ашқан
Мақсаты: ұстаздық қылу, мектеп ашу, балаларды оқыту

Шығармалары: “Қазақ хрестоматиясы”(1879 ж оқулық)

“Кел, балалар, оқылық”, “Өнер-білім бар жұрттар, Асан мен Үсен”, “Бай баласы мен жарлы баласы”, “Әдептілік”, “Әке мен бала”, “Таза бұлақ”, “Өзен” және т.б.


9. Жаңа сөздер:

Ағартушы – просветитель

Тілмаш – переводчик

Ұрпақ – поколение

Лайықсыз – неуместно

Әдептілік – воспитанность

Жарлы – бедный

Бейшара – несчастный

Иілу – склониться

Тақсыр - господин


  • алдымен мұғалім өзі оқиды;

  • барлық балалар топпен оқиды;

  • топ - топқа бөлініп оқиды;

  • дәптерлеріне жазады.

1 – тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгенін сұрау

Етістіктерге етіс жұрнағын жалғау

Білгір, көрген, туған, тәрбиелейді, істейді, етеді, ашады, салдырады, жазады, арнап, үйрету, шығарады, арналған, көптеген, аударады, өсті.


Өздік (возвратный)

-ын, -ін, -н

Ырықсыз (страдательный)

ыл, -іл, -л



Өзгелік (понудительный)

ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -тыр



Ортақ(взаймный)

-ыс, -іс, -с

3 – тапсырма. Сөйлемдерді толықтырып жазыңдар

10. Бекіту:

INSERT


“V”

Білдім

“-”

Білмедім

“?”

Білгім келеді?



ТЕСТ

  1. Ыбырай Алтынсарин кім?

А) жырау В) ұлы педагог С) әнші Д) жыршы Е) айтыскер

2. Қай жылы дүниеге келді?

А) 1831 В) 1821 С) 1851 Д) 1841 Е) 1861

3. Торғайда қай жылы мектеп ашты?

А) 1834 В) 1824 С) 1854 Д) 1844 Е) 1864

4. «Қырғыз хрестоматия» оқулығы қашан басылып шықты?

А) 1879 В) 1869 С) 1859 Д) 1849 Е) 1889

5. Кімнің тәрбиесінде болған?

А) әжесінің В) апасының С) атасының Д) ағасының Е) әкесінің

6. Шығармасын тап

А) 45 қара сөз В) Таза бұлақ С) Өмір Д) Далада Е) Отбасы

7. Етістің неше түрі бар?

А) 1 В) 2 С) 3 Д) 4 Е) 5

8. Өзгелік етіс жұрнағын тап

А) –ын,-ін, В) –ыс,-іс С) –ған, -ген Д)-ар,-ер Е) –ғыз,-гіз

9. Жаздыр – қандай етіс?

А) өздік В) өзгелік С) ырықсыз Д) ортақ Е) тұйық

10. сөйле..., бар..., тұр... – етіс жұрнақтарын жалға.

А) –кіз,-қыз,-қыз В) –тір,-дыр, -дыр С) -тір Д) -қыз Е) –гіз, -ғыз, -ғыз
Жауаптары


  1. В 6. В

  2. Д 7. Д

  3. Е 8. Е

  4. А 9. В

  5. С 10. Е


Үйге тапсырма:

- 120 – бет, 2 – тапсырма

- жаңа сөздер


Сабақ аяқталды!

Сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет