Сабақ Қазақтың ұлттық ою түрімен құрлық суын бейнелеу



Дата10.06.2016
өлшемі440 Kb.
#126232
Кіріктірілген сабақ
Қазақтың ұлттық ою түрімен құрлық суын бейнелеу
Садыкова Жаңылсын

Абай орта мектебінің биология, география пәндері мұғалімі.

Мамаева Арайлым

Абай орта мектебінің еңбек пәнінің мұғалімі.
Мектепте өткен жаратылыстану, еңбек және сурет пәндері апталығына байланысты 10 сыныпта география және еңбек пәнінен «Құрлық суын қазақтың ұлттық ою-өрнегімен бейнелеу» тақырыбындағы өткізілген сабақ мақсаты: құрлық суы мен оның жекелеген бөліктерінің орнын қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен бейнелеу арқылы оқушылардың білімін жетілдіру.

Сабақтың түрі: кіріктірілген

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

жарты шарлар картасы

ою үлестірмелері

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру

ІІ. Жаңа материалдарды түсіндіру.



Жаңа сабақты түсіндіру пәнішілік байланыс арқылы миға шабуыл сұрақтарымен жүзеге асты. Оқушылардың алдыңғы курсталған алған білімдерін еске түсіру мақсатында сұрақтарқойылды.

  1. Гидросфера дегеніміз не?

  2. Гидрология қандай ғылым саласы?

  3. Су табиғатта қандай күйде кездеседі және қандай қасиеттері бар?

  4. Жер шарында су қалай таралған?






Жаңа сабақты түсіндіру.

«Атымда менің сырым бар» дегендей, әр ою-өрнектің астарында алуын мағыналы тарихи ақпарат жатыр. Мысалы, еліміздің туындағы ирек су оюы - өмір жолы, дөңгелек күн оюы – жарық өмір, құсқанат оюы – еркіндікті, қошқармүйіз оюы – молшылықты, тоқтылықты, байлықты бейнелейді. Ал көк түс ашық аспан бейбітшілікті білдіреді.

Мына схемадан құрлық суын бейнелеуде қазақтың тұмарша оюынан- беткі су, айшық оюынан- өзен, өркеш оюынан - құдық, өркеш оюынан-көл , ирек оюынан –жер асты суын, ал дөңгелек оюынан жазылған сипаттамаларды көріп отырмыз.


Беткі су






oval 14






Өзен жүйесінің сызба нұсқасын қазақтың ұлттық ою түрлері жапырақ бейнесімен, тұмарша, дөңгелек, ирек оюларымен бейнелеп көрсету.







Байкал көлі – Азия бөлігінде орналасқан жер шарындағы ең терең тектоникалық көл. Қаншұңқырдың ұзындығы – 636 км, ені-80км, ауданы-31,5мың км2, тереңдігі-1620м. Көлде 26 арал орналасқан, ең ірісі – Ольхон аралы. 336 өзен құяды, жалғыз Ангара өзені ағып шығады.


Мұздықтар – обсолюттік биіктігі 3400-4000 км, тұщы су қоры 70%. Жамылғы мұздық, тау мұздықтары болып екіге бөлінеді.

Корженовский мұздығы ұзындығы 12 км, қалыңдығы 210-300 м.

Тапсырма. Қазақтың ұлттық ирек оюы арқылы қар жиегінің жату биіктігінің географиялық ендікке байланысты қалай өзгеретінін сипаттау.

Биіктік

м
























0 30 60 90 Ендік


Сәйкестендіру тесті
Промелле мұзтау

Айсберг өмір жолы

Ертіс-Қарағанды мұздық мұзы

Цунами өрнектерді бөліп тұрған жолақ

Артезиан ұлан ғайыр дала

Су өрнегі қармұз

Қошқармүйіз канал

Ирек сумүйіз тұздылық көтсеткіші

Дөңгелек өрнектерді бөліп тұрған жолақ

Космогондық жанартау атқылауынан,жер сілкінісінен туатын толқын

Нунатак тоқтықты, еркіндікті бейнелейді

Фирн жарықты бейнелейді

Глетчер қысымды су
Ең,Ең,Ең ...
Дүние жүзіндегі ең терең әрі ең үлкен мұхит.

Дүние жүзіндегі ең терең шұңғыма.

Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен.

Дүние жүзіндегі ең суы мол өзен.

Дүние жүзіндегі ең үлкен көл.

Дүние жүзіндегі ең тұзды теңіз.

Дүние жүзіндегі ең терең көл.

Дүние жүзіндегі ең ылғалды жауын шашын көп түсетін белдеу.

Дүние жүзіндегі ең ұзын мұздық.
Осындай дәстүрлі емес сипатта өткен сабақта оқушылар белсенділігін арттырып, ой-өрісін дамытып, ұжыммен бірлесе жұмыс істеуге және ұлттық педагогикалық көзқарастарын қалыптастыруға зор ықпал етеді.
Шағырлой ауылы,

Сырым ауданы,

Батыс Қазақстан облысы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет