«Ақылды сабақ – білім сапасын көтеру» жобасының мақсаты - оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудың стандартты емес, тиімді формалары мен әдістерін табу және дамыту. Бұл - оқу процесінің сапасын арттырудың негізгі факторы, оқушының сабақтағы білімдік мақсатты жүзеге асыруда жетістікке жетуге мүмкіндік береді.
Міндеттері:
- білім беру үдерісінде тиімді инновациялық технологияларды қолданатын мұғалімдердің кәсіби өсуіне жағдай жасау;
- әдістемелік идеялардың электрондық банкі мен мұғалімдерді өзара әдістемелік қолдау үшін жұмыс істейтін виртуалды алаң құру, тәжірибе алмасу, шеберлік сыныптары мен тренингтер өткізу;
- мұғалімнің қашықтан оқыту технологияларын толық меңгеруі және цифрландыру жағдайында өзін-өзі үздіксіз дамыту және кәсіби шеберлігінің өсуін қамтамасыз ету;
- оқыту үдерісінің сапасын арттыру;
- оқушының ақыл-ой, шығармашылық дамуын қамтамасыз ету.
Сабақ – білім беру процесін жүзеге асырудың негізгі түрі әрі басты құрамдас бөлігі. Оқушының оқу-танымдық іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен сабақта жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |