6 САБАҚ
«Әр нарсеннің өлшемі бар...»
«Қажет» пен «қалау» арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтауға болады
Сабақтың мақсаты: ата-аналардың жасөспірімнің талаптары мен қалауы арасындағы тепе-теңдікті ұстау қабілетін дамыту, ата-аналар мен балалар арасындағы жағымды қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Міндеттері:
- ата-аналардың баламен оң қарым-қатынас жасауға, жасөспірімдер ортасында құқық бұзушылықтардың алдын алуға деген ұмтылысын дамыту;
- ата-аналардың жағымсыз эмоциялармен жұмыс істеу алгоритмі және мінез-құлықты реттеу тәсілдері туралы түсініктерін кеңейту;
- жасөспіріммен жағымды қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.
Жоспар
I. Ұйымдастыру бөлімі
Негізгі бөлім:
Ақпараттық блок.
Практикалық бөлім. «Қажет» пен «қалау» интерактивті жұмыс. Ересектердің талаптары мен баланың қалауын қалай теңестіруге болады.
Эмоционалды тепе-теңдікті қалай сақтауға болады (эмоциялар картасы). Жасөспірім өтініштерге эмоционалды түрде жауап бергенде не істеу керек.
Жағымсыз эмоциялармен жұмыс істеу алгоритмі (чек-парақ): 10 мин. Ата-анаға жағымсыз эмоциялармен қалай күресуге болады және оны балаға қалай үйретуге болады.
«Математиканы жек көремін!» / «Менің атым – Арман», 8-серия бейнероликтері. https://www.youtube.com/watch?v=1H6EfBtob9o
«Жасөспірім демалыста оқығысы келмейді» кейсі . Талқылау: 10 мин.
Баламен байланыста болу – жасөспірімдердің құқық бұзушылықтарының алдын алудың басты шарты («Сіз қандай ата-анасыз» тесті).
III. Қорытынды бөлім
Достарыңызбен бөлісу: |