Бекітемін
«Ерейментау ауданы
білім бөлімі» ММ-ң
басшысы
___________Е.Жапабаев
«17» ақпан 2016 жыл
Республикалық Педагогикалық оқулардың
аудандық кезенің ұйымдастыру және өткізу туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже Республикалық Педагогикалық оқуларды (бұдан әрі -
Педагогикалық оқулар) өткізу және оған қатысу тәртібі мен шарттарын
реттейді.
1.2.ІІедагогикалық оқулар - педагогикалық қызметкерлерді ғылыми-
зерттеу жұмысына тартудың тиімді тәжірибелерін таратудың нысаны болып
табылады.
1.3.Педагогикалық оқуларды өткізу педагогикалық ғылым мен
практиканың бірігуіне, білім беру жүйесіндегі инновациялық қызметтің
нысаналы дамуына, педагогтердің ииновациялық мәдениетін қалыптастыруға
ықпал етеді.
1.4. Педагогикалық оқулар кезең-кезеңмен өткізіледі:
- білім беру ұйымының ішінде - ағымдық жылдың 29 ақпанына дейін;
- аудандық (қалалық) Педагогикалық оқулар - ағымдағы жылдың 16 наурызы;
- облыстық Педагогикалық оқулар - ағымдағы жылдың сәуірі;
- республикалық Педагогикалық оқулар - ағымдағы жылдың маусымы.
1.5. Аудандык кезеңді ұйымдастыру және өткізу Ерейментау ауданының әдістемелік кабинетіне жүктеледі.
1.6. Түскен жұмыстарға сараптама мен бағалау жүргізу мақсатында ғылыми дәрежелері мен атақтары бар білікті мамандардан тұратын Сараптау кеңесі құрылады және тиісті кезеңнің ұйымдастыру комитетінің төрағасымен бекітіледі.
1.7. Педагогикалық оқулар үш жылда бір рет өткізіледі.
2. Мақсаты мен міндеттері
Педагогикалық оқуларды өткізу мақсаты:
Білім беру саласы қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік инновациялық педагогикалық тәжірибелерді қорыту және тарату.
Міндеттері:
- педагогикалық қызметкерлердің өз шығармашылық мүмкіндіктерін жүзеге
асыру үшін, республика педагогикалық қауымдастығының мәдени-кәсіби
құндылықтарын бекіту және дамыту үшін жағдай жасау;
- педагогикалық бастамаларды қолдау, позитивті білім беру практикаларын
анықтау және тарату;
- инновациялық қызмет идеялары мен тәжірибені жинақтау бойынша
педагогикалық қауымдастықтың қызметін біріктіру;
- кәсіби қарым-қатынас аясын кеңейту;
- өз жұмыс тәжірибесін жинақтау арқылы педагогикалық қызметкерлердің
рефлексивті икемдерін дамыту.
3. Педагогикалық оқулар жұмысының мазмұны мен нысандары:
3.1. Педагогикалық оқулар жұмысының мазмұны «Білім туралы» Заңға
және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың басым
бағыттарына сәйкес анықталады.
3.2. Педагогикалық оқулардың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру
үшін:
-
пленарлық отырыстар мен секциялық жұмыстарды ұйымдастыру;
-
педагогикалық идеялар аукционының таныстырылымдары көзделеді.
3.3. Педагогикалық оқулардың басым бағыттары:
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту. «Мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру ортасының ғылыми-әдістемелік, мазмұндық, технологиялық және ресурстық негіздерін жаңарту».
Бастауыш білім беру.
«Дамушы білім беру ортасы бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту ресурсы
ретінде».
Орта білім беру.
«Білім беру үдерісін технологияландыру мектептік білім беру мазмұнын жаңарту ресурсы ретінде».
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеялары аясында тұлғаны тәрбиелеу және әлеуметтендіру.
Қосымша білім беру.
«Азаматтық белсенділікті, патриотизмді және көшбасшылық қасиеттерді
қалыптастыру қосымша білім беру жағдайында тұлғаны тәрбиелеу және
әлеуметтендіру негізі ретінде».
Техникалық және кәсіби білім беру.
«Экономиканың индустириалдық-инновациялық дамуы жағдайында техникалық және кәсіби білім беру жүйесін жетілдіру».
Жоғары білім
«Білім мен ғылымның бірігуі арқылы жоғары педагогикалық мектептердің білім беру процестерін жүйелі жаңғырту»
Білімдегі менеджмент
«Педагогикалық менеджмент басқару қызметінің мәдениетін дамыту факторы
ретінде».
4. Педагогикалық оқуларды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
4.1. «Ерейментау ауданы білім бөлімі » ММ-ң ұйымдастыру комитеті оқулардың республикалық Педагогикалық оқулар аудандық кезеңінің мерзімі мен өтетін орнын анықтайды.
4.2. Педагогикалық оқуларды өткізу жөніндегі Ұйымдастыру комитеті
Педагогикалық оқуларды дайындап, өткізу бойынша іс-шаралар жоспарын жасайды, Сараптама кеңесінің жұмысын қамтамасыз етеді.
5. Педагогикалық оқуларға қатысу тәртібі:
5.1. Педагогикалық оқуларға қатысу үшін педагогикалық ұжымдар, педагогикалық қызметкерлер, меншіктік нысаны мен түріне, ведомстволық қатыстылығына қарамастан мектепке дейінгі, бастауыш, орта, техникалық және кәсіби, жоғары (кәсіби мамандықтар), қосымша білім беру ұйымдарының басшылары шақырылады.
-
Педагогикалық оқуларға қатысушылар жеке орындалған жұмыстарды, содай-ақ авторлық ұжым орындаған жұмыстарды да ұсына алады.
-
Педагогикалық оқулардың басым бағыттарына сәйкес қатысушылар жұмыстарын: инновациялық жоба; авторлық бағдарлама; білім беру ұйымын дамыту бағдарламасы түрінде ұсына алады.
-
Педагогикалық оқуларды өткізу форматы – тікелей қатысу. Автордың баяндамасы Power Point, Prezi.com. таныстырылымымен бірге болуға тиіс.
-
Аудандық кезеңнің Ұйымдастыру комитеттері облыстық білім басқармасының ұйымдастыру комитетіне «Педагогикалық оқулар» деген белгісі бар ұсынымдарды (1- қосымша) және мазмұны Педагогикалық оқулардың бағыттарына сәйкес келетін көлемі 6 парақтан аспайтын материалдарды қатысушыларға электронды поштамен жібереді .
5.6. Қатысушылардың жұмыстары мен фотосуреттері (формат *.jpg) файлдың атауы ретінде қатысушының тегі көрсетілген (мысалы, Иванов.jpg, Иванов.docx), жеке файлдарда ресімделеді.
5.7. Кешіктіріліп алынған материалдар қарастырылмайды. Материалдарға қатысты авторлық құқықтар Педагогикалық оқуларға қатысушыларда сақталады. Ұйымдастырушылар тек материалдарды басып шығаруға мүмкіндік береді. Авторлық құқықтардың сақталуы мен ұсынылған материалдардың мазмұны үшін жауапкершілік жұмыс авторларына жүктеледі, ол қатысушының өтінімін толтырумен расталады.
6. Ұсынылатын материалдардың өлшемдері
6.1. Инновациялық жобаларды бағалау өлшемдері:
-
Жоба мазмұнының Педагогикалық оқулар бағыттарына сәйкестігі;
-
Жұмыс тақырыбының өзектілігі, ҚР білім беру жүйесін дамытудың
басымдықтарына сәйкестігі;
-
Мәселені мазмұнды және нақты қою;
-
Тақырып өзектілігінің және зерттеудің теориялық-әдіснамалық
негіздерінің дәйектілігі:
-
Ғылыми машықта баяндалуы;
-
Жоба идеясының сонылығы,
-
Жаңашылдығы.
-
Практикаға енгізу перспективасы.
-
Материалды ұсыну қисындылығы және бірізділігі. Іс жүзінде жүзеге
асырылу деңгейі, нәтижеліліктің, рефлексияның болуы.
-
Әлеуметтік мәнділігі.
Өлшемдердің әрқайсысы бойынша 0-ден 2 баллға дейін (іске асырылмаса -0
балл, жартылай іске асырылса - 1 балл, толықтай іске асырылса - 2 балл)
қойылады.
Баяндамашының таныстырылымдық құзірет деңгейі жеке бағаланады –
ең жоғарысы - 2 балл.
Баллардың ең жоғары саны – 22.
6.2. Авторлық бағдарламаларды бағалау өлшемдері:
-
Жұмыс тақырыбының өзектілігі.
-
Оқушылар үшін жаңашылдық деңгейі; қызметтің өнімді тәсілдерін
дамыту бағдары.
-
Бағдарлама құрылымының басылымның осы түріне қойылатын
талаптарға сәйкестігі.
-
Бағдарламаның барлық құрылымдық элементтерінің өзара байланысы.
-
Материалдардың практикаға бейімділік, ғылыми және оқушылардың
жасерекшеліктері принциптеріне сәйкестігі.
-
Оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейіне талаптардың болуы.
-
Бағдарламаның әдістемелік жарақтандырылудың болуы.
-
Бағдарламаны ресімдеу мәдениеті (бағдарламаның мазмұны мен сыртқы пішінінің бірізділігі, заманауи техникалық құралдарды пайдалану);
Өлшемдердің әрқайсысы бойынша 0-ден 2 балға дейін (іске асырылмаса - 0 балл, жартылай іске асырылса - 1 балл, толықтай іске асырылса - 2 балл)
қойылады.
Баяндамашының таныстырылымдық құзірет деңгейі жеке бағаланады – ең
жоғарысы - 2 балл. Баллдардың ең жоғары саны – 18.
6.3. Білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламаларын бағалау
өлшемдері:
1. Өзектілігі. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесін дамыту басымдықтарына сәйкестігі. Дамыту стратегиясының теориялық негіздемесінің болуы.
2. Білім беру үдерісі сапасының ағымдағы жағдайын көрсететін талдамалық бөлігінің болуы (жағдай сапасы, ресурстар сапасы, нәтижелер сапасы).
3. Қойылған мақсаттар мен міндеттердің шынайылығы, олардың ұйым қызметінің миссиясына сәйкестігі.
4. Қабылданған шаралардың қойылған міндеттер мен мақсаттардың жүзеге асырылуына бағдарлануы.
5. Жоспарланған нәтижелерге қол жеткізудің нақты мерзімдері мен индикаторларының болуы.
6. Бағдарламаны ресімдеу мәдениеті (бағдарламаның мазмұны мен сыртқы пішінінің бірізділігі, заманауи техникалық құралдарды пайдалану);
Өлшемдердің әрқайсысы бойынша 0-ден 2 балға дейін (іске асырылмаса - 0 балл, жартылай іске асырылса - 1 балл, толықтай іске асырылса -2 балл қойылады. Баяндамашының таныстырылымдық құзірет деңгейі жеке бағаланады – ең жоғарысы 2 балл.
Баллдардың ең жоғарысы – 14.
Ескертпе. Талқылауларды қоса алғанда, қатысушылар баяндамалырының ең жоғары ұзақтығы – 10 минут.
Таныстырылым үшін қатысушыларға мультимедиалық жабдықтар кешені беріледі (ноутбук, мультимедиалық проектор).
6.4. Материалдар талаптарға сәйкес ресімделуі тиіс (2-қосымша).
7. Қорытындылау, қатысушыларды марапаттау.
-
Педагогикалық оқулардың қорытындысы бойынша әрбір аталым бойынша орындар белгіленеді: жеңімпаз (1-орын) – 1 қатысушы, жүлдегерлер (2-орын) – 2 қатысушы, жүлдегерлер (3-орын) – 3 қатысушыға дейін.
Ерекше жағдайларда Ұйымдастыру комитеті Төрағасының шешімі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер орындарының саны көбеюі немесе азаюы мүмкін.
7.2. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, барлық қатысушылар Педагогикалық оқуларға қатысқандықтарын растайтын сертификаттармен мараптталады.
7.3. Педагогикалық оқулардың қорытындылары бойынша қатысушылардың жұмыстары енгізілген материалдар жинағының электрондық форматы қалыптастырылады. Педагогикалық оқулардың әрбір қатысушысы «PDF» форматындағы материалдар жинағын алатын болады.
Республикалық Педагогикалық оқуларының
аудандық кезені туралы Ережеге
1-қосымша
Республикалық Педагогикалық оқуларының
аудандық кезенінің
Ұйымдастыру комитетіне
Ұсыным
__________________________________________________________________
(мектептің атауы)
Республикалық Педагогикалық оқулардың аудандық кезеніне қатысу үшін мектепшілік кезенінің мына жеңімпаздарын ұсынады:
№
|
Автордың /теңавтордың тегі, аты-жөні (толық)
|
Жұмыс орны
|
Лауазымы
|
Ғылыми дәрежесі, атағы
|
Жұмыстың атауы
|
Байланыс телефоны
|
E-mail
|
Ескертулер
|
|
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бастауыш білім
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Орта білім
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Техникалық және кәсіптік білім
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жоғары білім
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қосымша білім (тәрбие жұмысын ұйымдастыру)
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Білімдегі менеджмент
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Республикалық Педагогикалық оқулардың
аудандық кезені туралы Ережеге
2-қосымша
Ұсынылған жұмысты ресімдеуге қойылатын талаптар:
-
Мәтін MS Word редакторында, Times New Roman қаріпімен теріледі; қаріп көлемі 14; жоларалық қашықтық – дара; парақтың шеті: сол жақ - 3 см, оң жақ - 1 см., жоғарғы, төменгі - 1 см.; абзацтың қойылуы – 1,25 см., парақтарға нөмір қойылмайды.
2.Бірінші парақта мынадай ақпарат болуы қажет: парақтың орта тұсында – қалыңдығы орташа кіші әріптермен жазылған жұмыстың тақырыбы, оның астында бос орыннан кейін - автор(-лар)дың аты-жөні, тегі, тегінің астында - автор туралы мәлімет: ғылыми дәрежесі, қызметі, жұмыс орны және тұратын жері, бір бос орыннан кейін кейін негізгі мәтін беріледі.
Жұмысты ресімдеу үлгісі
ЖАЛПЫ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРДІҢ ҚАЛЫПТАСУ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІН ӘЗІРЛЕУ
А.Б. Айдосов
№5 жалпы орта білім беру мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
Ақмола облысы, Бурабай ауданы
Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін, Мәтін
Әдебиеттер тізімі
3. Формулаларды тек қосымшада ғана формулалар редакторында (Microsoft Equation) теру қажет. Кестелер мен сызбалар зерттеу жұмысының қорытындыланған материалдары ретінде ұсынылады. Суреттер анық және оңай көшірілуі тиіс. Суреттердің атауы мен нөмірлері суреттердің астында, кестелердің атауы мен нөмірлері кестелердің үстінде көрсетілуге тиіс. Мәтінде тиісті сурет пен кестеге сілтеме болуы керек.
4. Сілтемелер мен әдебиеттер тізімі жұмыс мәтінінің соңында көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |