Сабақ Қысқа мерзімді жоспар: 2в отарлау және ұлт-азаттық күрес Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 7



Дата03.01.2024
өлшемі25.36 Kb.
#488393
түріСабақ
11 сабақ 1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі


1-сабақ



Қысқа мерзімді жоспар:
7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес




Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

1836-1838 жж. Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі


әуелгі сабағы (1-сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;

7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру



Сабақ мақсаттары

1836-38жж Бөкей Ордасындағы отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық басталуы, барысы мен нәтижесі туралы зерттейді



Бағалау
критерийлері

Қолдану- тарихи оқиға орнын картаға түсіреді;
Сын тұрғысынан ойлау мен талдай отыра көтерілістің басталуын, барысын, нәтижесін, тарихи мағызын талдайды;
Бағалау барысы- көтеріліс жетекшілерін бағалайды

Тілдік
мақсаттары

Пәндік лексика мен терминология:
Ішкі Орда, барымта, буферлік аймақ

Оқушылар Бөкей Ордасындағы көтерілістің басталуы, жүру барысы мен нәтижесі туралы зерттеу жұмыстары жүргізіледі. «Махамбет пен Исатайдың ортақ идеясы қандай болды?» тақырыбына ой-түйін жасайды. (оқылым,айтылым, тыңдалым, жазылым дағдысы)




Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:
Махамбет пен Исатай бастаған ұлт-азаттық көтерілістің басты себебі...
Махамбет пен Исатайдың ортақ идеясы...
Исатай мен Махамбетті ..... біріктірді
Бұл оқиға/тұлға маңызды болды, өйткені...
Бұл оқиғаның салдары...

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» идеясының «Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы» құндылығын, көтерілістің себептерін, салдарын, маңызын талдау барысында жүзеге асады.
құндылықтарынан «Функционалды сауаттылық», «Құрмет пен ашықтық» сабақ бойы іске асады.
Жаһандық азамат ретінде-Ресей империясының отарлау саясатының нәтижесіндегі болашақ өзгеріске дайын болу қажеттігін түсінеді

Пәнаралық байланыстар

География, дүние жүзі тарихы пәндерінен алған білімдерін картамен жұмыс жасау барысында пайдаланады. Әдебиет пәнінен алған білімін Махамбеттің ақындық өнерін бағалағанда қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында интерактивті тақта мен жеке ноутбук қолдануға рұқсат етіледі. Қауіпсіздік ережелерін сақтау үнемі бақыланады.

Бастапқы білім

ХVІІІ ғасырда басталған Ресей империясының отарлау саясатының мақсаттары мен алғашқы әрекеттерін біледі




Сабақтың жоспарлан
ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
(Ой-қозғау)
10 мин



Б Оқушыларды топтастыру. Қызығушылықты ояту.
«Миға шабуыл»

Оқушыларға «Махамбет Өтемісұлы» бейнематериалынан үзінді көрсетіледі (7:37 -12:04 аралығы)


Бейнематериалмен тыңдата отырып, келесі тапсырмаларды орындатыңыз. Оқушыларға кемінде маңызды деген 6 немесе 4 мағлұматты дәптерге жаздыртып, сол мәліметтер арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтатуға әрекет жасаңыз. Бір- екі оқушының жазған маңызды ақпаратымен тақырыпты анықтатыңыз.


Б Сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстырылады. Сабақтың тарихи концептісі мен зерттеу сұрағына назар аударылады.



https://www.youtube.com/watch?v=p9CexAqM80o

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінгі дейін). Бес томдық. ІІІ т. – Алматы: «Атамұра», 2010 ж.


Қазақстан тарихы. 8 сынып. Хрестоматия. М. Өтемісұлы өлеңдері. 59 бет.

Махамбеттің өлеңдері: «Ереуіл атқа ер салмай», «Қызғыш құс», «Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзі»


Қосымша-1


Карта

Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Кітаптар және басылымдар. Қазақстанның Мәдени мұрасы


http://www.madenimura.kz/kk/culture-legacy/books/book/kazak-edebieti-enciklopedialyk-anyktamalyk?category=all&page=4

Қосымша-1


Мәтін таратпалар



Сабақтың ортасы
(Мағынаны тану)

10 мин
Дайындық-қа


Әр топқа қорғауға 3 минуттан
12 мин.

7 мин


Мұғалім көтеріліс туралы қысқаша мағлұмат береді.

Зерттеу сұрағы:


Исатай мен Махамбеттің ортақ идеясы қандай болды?

Көтерілістің барысы жайлы айту


Сұрақ :
1.
2.
3.
Жауап:
1.
2.
3.
Көтерілісшілердің хан ордасын қамау
Мәтінмен жұмыс.
Т Оқушыларды төрт топқа бөліп, мәтін таратып беріңіз. Оқушылар берілген мәтінді оқып, топ ішінде талқылайды, нақты сұраққа жауап қарастырады. Мұғалім топтағы оқушыларды аралап, қолдау-көмек береді.

Топтық тапсырмалар:


1-топ. Көтеріліс не себепті дәл осы уақытта болғаны мен қамтыған аймағы және тарихи тұлғаларды анықтайды.


Дескриптор:


-Көтеріліс қамтыған аумақты картада көрсетеді;
-Көтерілістің басталуына сылтау болған оқиға мен 2 тарихи тұлғаға сипаттама береді;
-Көтерілістің Бөкей Ордасы территориясын ғана қамтығанын 2 дәлел келтіреді

2-топ. Көтерілістің алғышарттары, басталу себептері, көтерілісшілердің мақсаты мен қозғаушы күштерін анықтайды.


Дескриптор:


-Көтерілістің алғышарттарын анықтайды;
-Көтерілістің 3-4 себебін атайды;
-Көтерілістің қозғаушы күштерін анықтайды;
-Көтерілісшілердің мақсатын сипаттайды;
-Көтерілістің басталуына түрткі болған жағдайды түсіндіреді.

3-топ. Көтерілістің кезеңдері, барысы, негізгі ошақтары


Дескриптор:
-Көтерілістің негізгі кезеңдерін көрсетеді;
-Шайқас болған негізгі ошақтарды анықтайды;
-Көтерілісті басуға жіберілген жазалау отрядтары туралы әнгімелейді;
-Көтерілістің үдеуі қандай өзгерістерге әкелгенін талдайды.

4- топ. Көтерілістің нәтижесі, жеңілу себептері мен тарихи маңызы


Дескриптор:
-Көтерілістің нәтижесін анықтайды;
-Көтерілістің жеңілу себептерін атайды;
-Көтерілістің тарихи маңызын түсіндіреді;
Көтерілісшілердің түпкі мақсаты неге орындалмағанын талдайды
Кері байланыс. Мұғалімнің кері байланыс беруі.
Интерпретация
«Исатай мен Махамбетті қандай ортақ идея біріктірді?» деген сабақтың зерттеу сұрағына қайта оралып, оқушыларға қойыңыз. Сыныптық талқылау ұйымдастырыңыз. Оқушыларға көмекші сөздер ұсыныңыз.
Үлгі:
Исатай мен Махамбетті ..... біріктірді
Исатай мен Махамбеттің ортақ идеясы...
Бірінші .....
Екінші .....
Үшінші .....
Бұл оқиға/тұлға маңызды болды, өйткені...
Бұл оқиғаның салдары...
Кері байланыс. Мұғалімнің кері байланыс беруі

Сабақтың соңы
(Ой-толғау)

1 мин

Үйге тапсырма


Рефлексия


Бүгінгі сабақта маған ________________ қызықты болмады.
Маған ________________ қиындық туғызды.
Менің көңіл күйім ________________

Тақырып бойынша материалдарды қайталау-пысықтау



Стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Оқушыларды топтарға бөлгенде әр топта қабілеті жоғары оқушылар болғанын қадағалаймын. орыс сыныптарында тілдік қабілеті жоғары оқушылар қалған оқушыларға қолдау көрсетеді.

Оқушылар өзара критерийлер арқылы бағалайды.
Мұғалімнің кері байланысы.

Интерактивті тақтамен мөлшерлі жұмыс жасайды.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?





Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет