Қазіргі сабақ және оның түрлері
Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі негізгі мәселелерінің бірі–оның түрлері мен құрылымы.
Мектеп тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан, оқыту жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан зор. Сол себептен әрбір мұғалімнің сабақ классификациясын ойдағыдай білуі шарт.
Сабақ классификациясы (жіктелуі) –сабақтарды құрылысы жөнінен топтастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Бұл мәселе турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пікірлер әлі де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс–тәсілдерінің де өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз.
Сонымен қатар, сабақты жіктеу әрбір пәннің ерекшеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді.
Мысалы, И.Н.Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С.В.Иванов оқыту процеінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Ал, Данилов пен Есипов сабақтың негізгі дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Бұлардың сабақ түрлерін топтастыру ұстанымдары әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір–біріне өте ұқсас келеді.
И.Н.Казанцев бойынша:
Алғашқы сабақ –әр пәннен оқу жылының басында өтетін сабақтар.
Кіріспе сабақ – бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан өтетін бірінші сабақ.
Жаңа білімді меңгеру сабағы–жаңа оқу материалы өтетін сабақ.
Пысықтау сабағы–өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
Жаттығу сабағы–оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
Тәжірибелі сабақ–оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын көрсететін сабақтар.
Қайталау –қорыту сабағы–өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды қайталау –қорыту сабақтары.
Тексеру сабағы –оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.
Білім сапасын бағалау сабағы–оқушылардың алған білімін бғалау сабақтары.
Қорытынды сабақ–оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту сабақтары.
Достарыңызбен бөлісу: |