Үйге тапсырма: Паскаль тілінің басқару: шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары
Пән аты: Информатика
Класы: 9 «А», 9 «Б», 9 «В», 9 «Г»
Сабақтың тақырыбы: Паскаль тілінің шартты алдын ала тексеретін қайталау
операторы - WHILE.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды Паскаль тілінің шартты алдын ала тексеретін қайталу – WHILE операторымен таныстырып, программа құруға дағдыландыру;
Дамытушылығы: Оқушылардың Паскаль программалау тілінде есеп шығару мүмкіндіктерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды тәрбиелікке, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақты түсіндіру
4. Компьютермен жұмыс
4. Сабақты бекіту
5. Үйге тапсырма
Өткен материалды қайталау сұрақтары
Шартты оператордың қандай түрлері бар?
If операторының жалпы жазылу түрі қандай?
Таңдау операторы не үшін пайдаланылады?
Жаңа материалды түсіндіру
Көп жағдайда аргументтердің әртүрлі мәні бойынша алгоритмнің белгілі бір бөліктерін бірнеше рет қайталауға тура келеді. Осындай процестерді ұйымдастыру үшін циклдық құрылымды алгоритмдер – қайталау операторлары қолданылады.
Цикл деп программадағы қайталанатын әрекетті айтады. Паскаль тілінде қайталау процесін жүзеге асыратын циклдік операторлардың үш түрі бар: арифметикалық цикл – FOR, шартын алдын ала тексеретін цикл – WHILE , шартты соңынан тексеретін цикл – REPEAT операторлары.
WHILE операторы. Алдын ала берілген шарт бойынша қайталуды жүзеге асыратын бұл оператор WHILE (оқылуы: уаил, аударылуы: әзірше) және DO (оқылуы: ду, орындау болып аударылады) түйінді сөздері қолданылып аударылады.
Цикл қайталанар алдында, логикалық өрнектің мәні тексеріледі. Егер True (ақиқат) болса, онда цикл денесі қайталанып орындалып отырады. Керісінше False (жалған) болса, циклдің орындалуы аяқталып, WHILE операторынан кейінгі жолдар орындалады.
Егер, ең басында өрнектің мәні False (жалған) болса, онда цикл бір ретте орындалмайды.
Мысалы: y = 3x+1, мұндағы х, -1 мен 2 аралығындағы сандарды қабылдайды, қадамы 0,5 тең.
Program eseptey;
Var x, y : real ;
Begin X:=-1;
While x<=2 Do
Begin Y:=3*x+1
Writeln (‘ x=’,x , ‘ ‘ , ‘y=’ , y) ;
X: = x+0.5;
End;
End.
Достарыңызбен бөлісу: |