Сабақ жоспары Пән: Қазақ тілі Т2 Бөлім «Менің мектебім»



бет1/2
Дата02.09.2024
өлшемі94 Kb.
#503306
түріСабақ
  1   2
2-3-8 Еңбек


Білім беру ұйымы:
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: Қазақ тілі Т2

Бөлім:3 .«Менің мектебім»

Педагогтің Т.А.Ә.:




Күні :




Сынып: 2

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Еңбек

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.3.3.1* мәтіннің жанрын (өлең, жаңылтпаш, жұмбақ, ертегі, әңгіме) ажырату
2.5.1.1* мұғалімнің қолдауымен заттың атын/сынын/іс-қимылын
білдіретін сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану

Сабақтың мақсаты :

Барлық оқушылар: мәтіннің жанрын (өлең, жұмбақ) ажыратып, өлеңді түсініп оқуды;жұмбақты оқып, шешуді үйренеді.
Оқушылардың басым бөлігі:жаңа лексиканы меңгереді, оларды сөйлесім барысында тиімді қолдана алады. 
Кейбір оқушылар: тақырып аясында еркін сөйлейді,жаңа сөздерді орынды қолданады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/
уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Білім алушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
(10 минут)



1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу.


2.Қызығушылықты ояту - «Орамал тастау» ойыны ( сөздік қорын тексеру мақсатында )
3.(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа тақырыпты жариялау .
--Суреттерге қараңдар. Сұраққа жауап беріңдер.
- Суретте не көріп тұрсыңдар?
Сабақтың тақырыбын болжату.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру

«Шаттық шеңбері»
Ашық аспан болсын!
Әр күніміз біздің
Сәттілікке толсын!
Қазақ тілі пәнінен
Білмегенді білейік
Үйренейік, күлейік!
Шеңбер бойымен тұрады. Мұғалім лақтырған орамалды тосып , сөздің аудармасын айтып , орамалды қайта лақтырады.
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.
Болжау. Сабақтың тақырыбын,мазмұнын сұраққа жауап беру арқылы болжайды.


Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!
Өзара бағалау: «Өте жақсы», «Жақсы», «Талпын»

Суреттер



Сабақтың ортасы
(11-42 минут)


1 Сөздікпен жұмыс.
Жаңа сөздер:
су құю -поливать
баптау- ухаживать
зерлеу-украшать вышивкой
еден жуушы- уборщица
Дұрыс айтуға жаттықтырады.
2. Тыңдалым.Мәтінді екі рет тыңдатады.
1 – тапсырма. Тыңда. Суреттерге қара Сұрақтарға жауап бер.
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты - еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты - еңбек.
(Нурхан Жанаев)
-Мәтін қай жанрда жазылған?
А) жұмбақ
Ә) ертегі
Б) өлең
-Өлең не туралы?
Сергіту сәті «Еден-төбе-мұрын»
3.4-тапсырма. Суреттерге қара.
Мамандық иелерін қайталап (еден жуушы , дәрігер,аспаз)
«бағбан»мамандығымен таныстыру .
- Сөйлемдер құрап айтайық.
4.2 – тапсырма. Жүмбақ өлеңдерді оқы. Шешуін тап.
Тазалайды, жинайды,
Мектепте шаң болмайды.
Оқушы да, ұстаз да
Ол кісіні сыйлайды.
Бұл кім?
Гүлзар егіп құлпыртып,
Қолдан орман жасайды.
Қызыл, жасыл, көк, сары Гүлдерді күнде баптайды
Бұл кім?
Іш ауырса, тіс ауырса,
Бізге дәрі береді.
Барлық ана, барлық бала
Оны жақсы көреді.
Бұл кім?
Күнде ерте келеді,
Асханада жүреді.
Мейірімді апай бізге
Дәмді тамақ береді.
Бұл кім?
-Жұмбақ кім туралы деп ойлайсыңдар?
5. 3-тапсырма. Суретке қара. Балалардың іс-әрекетін айт.
Үлгі: Айдана қызанақ жинады

Тыңдалым,айтылым.
Жаңа сөздермен танысады
Жаңа сөздерді тыңдайды, оқиды, мұғалім соңынан қайталайды.
Жаңа сөздерді сөздікке жазады.
Сөз тіркесін, сөйлемдер құрайды.


2. Тыңдалым/Айтылым
Оқушылар мәтінді екі рет тыңдайды.Сұрақтарға жауап береді.
Өлең жанрын ажыратады ,не туралы екенін айтады.
Жаңа сөздері бар сөйлем-дерді тауып оқиды.
Сергіту сәтінде «Еден-төбе-мұрын» ойынын ойнайды
Сандар арқылы 4 топқа бірігеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет