Сабақ жоспары Пән: Қазақ тілі Т2



бет1/3
Дата11.10.2023
өлшемі154.5 Kb.
#480384
түріСабақ
  1   2   3
2 саб-1


Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Пән: Қазақ тілі Т2

Бөлім: І Жанды табиғат

Күні :

Педагогтің аты-жөні: Э.Құрманғалиева

Сынып: 3 «Ә»,
« Б»

Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар :

Сабақтың тақырыбы: Жанды және жансыз табиғат

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

3.​1.​2.​1 баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсіну
3.​2.​4.​1 жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндау

Сабақтың мақсаты :

Барлық оқушылар: баяу және анық айтылған жиі қолданылатын сөздер және сөз тіркестерінен құралған шағын мәтіндердегі сөйлемдердің мазмұнын түсінеді,
жоспар (сурет, сызба түрінде) және тірек сөздер негізінде оқиға желісін сақтай отырып мазмұндайды.



Тілдік мақсаттар

Жанды, жансыз, өсімдік,өседі

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
(5 минут)

„Өзіңізге тілегенді – басқаларға тілеңіз!“
Әр оқушыға 10 -15 секунд уақыт аралығында ішінен өзіне бір ізгі тілек тілеу тапсырылады.Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір- бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек.

«Балмұздақ таяқшалары» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау.(Сыныптағы оқушылардың есімдері жазылған қағаздардың кез келгенін таңдау арқылы)


Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.

Үлгі: „Мен саған денсаулық тілеймін“, „Сабақты тек 5-ке оқы“, „Саған сәттілік тілеймін“
Сабақтың тақырыбын, мазмұнын суреттер арқылы болжайды.



Қолпаштау




Сабақтың ортасы
(6-37 минут)



1.Сөздікпен жұмыс. Жанды-живая
Жансыз-неживая
Өсімдік-растение
Өседі-растет
Жаңа сөздермен таныстырады, оқушыларға қайталатады.


2. Тыңдалым
1-тапсырма. Мәтінді тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
Әлібек атасымен баққа барды. Олар ағаштарға, гүлдерге су құйды.
Атасы Әлібекке:
- Табиғатты қорғау керек, -деді.
-Ата, табиғат деген не?- деп сұрады Әлібек.
- Балам,табиғат – бізді қоршаған орта. Біз суды, тамақты, қажет заттарды осы табиғаттан аламыз. Табиғат жанды және жансыз болады,-деді атасы.
-Ата, мен түсінбедім,-деп таңқалды Әлібек.
-Жанды табиғат су ішеді, қоректенеді. Олар: жануарлар, өсімдіктер, жәндіктер, балықтар. Адам да табиғаттың бір бөлшегі-деп түсіндірді атасы.

3.2-тапсырма


Тірек сөздерді пайдаланып, тыңдаған мәтіннің мазмұнын әңгімеле.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет