Сабақ жоспары пән: Биология



Дата13.06.2016
өлшемі74 Kb.
#131311
түріСабақ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАЛДЫҚОРҒАН ӨНЕРКӘСІПТІК ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ



АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пән: Биология

Тақырыбы: Нуклеин қышқылдары: ДНҚ және РНҚ. ДНҚ-ның құрылымы мен қасиеттері. ДНҚ-ның тұқым қуалаудағы ролі. РНҚ-ның құрылымы.

Оқытушы: Турлыбекова Ш.К.

Талдықорган қ. 2015ж.



САБАҚ ЖОСПАРЫ

Пән:биология


Сабақ тақырыбы:Нуклеин қышқылдары:ДНҚ және РНҚ.ДНҚ-ның құрылымы мен қасиеттері.ДНҚ-ның тұқым қуалаудағы ролі. РНҚ-ның құрылымы.

Сабақ түрі: білімді тексеру және бағалау сабағы.

Сабақтың мақсаты

Білімділік: білімгерлердің нуклеин қышқылдары туралы алған білім дағдыларын қатесіз, бірнеше рет қайталау нәтижесінде автоматты түрде орындауға жеткізу,нәтижелілікті, табыстылықты қамтамасыз ететін білім мен дағдыларды үйлестіру.

Дамытушылық:дүниетанымынын арттыра отырып,оқу материалдарын толық меңгерту, ойлау қабілетін, сөз байлығын дамыту.

Тәрбиелік:ұйымшылдыққа,тазалыққа тәрбиелеу.

САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ


А. Көрнекі –құралдар:1.Жалпы биология оқулығы.Т.Қасымбаева,К.Мұхамбетжанов.

Б. Таратылатын материалдар:қиықшалар.

САБАҚТЫ ЖҮРГІЗУ КЕЗЕҢДЕРІ


(негізгі және қажетті әдістемелік түсіндірмелер мен ұсыныстар)

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Биологиялық диктант.

«Білгенге не жетсін?».

ІІІ. «Кубизм» стратегиясы : биология ғылымдар саласынан.


ІV. «Лезде сұрақ» немесе «Кім жылдам?»

V.Сәйкестігін анықта.

VІ. Тесттік есептер шығару.

VІІ.Сызықтық диктант «Қатесін тап».

VІІІ. «Сандар сөйлейді».

Х.Биологиялық терминдерді дұрыс табу.

ХІ. Дидактикалық тапсырмалар.

ХІІ. Қорытынды.Тірек-сызбалармен жұмыс.

Оқытушы: Ш.К.Турлыбекова

Сабақтың тақырыбы: Нуклеин қышқылдары: ДНҚ және РНҚ. ДНҚ-ның құрылымы мен қасиеттері. ДНҚ-ның тұқым қуалаудағы ролі. РНҚ-ның құрылымы.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды нуклеин қышқылдары туралы алған білім дағдыларын қатесіз, бірнеше рет қайталау нәтижесінде автоматты түрде орындауға жеткізу,нәтижелілікті, табыстылықты қамтамасыз ететін білім мен дағдыларды үйлестіру.

2.Дүниетанымынын арттыра отырып,оқу материалдарын толық меңгерту, ойлау қабілетін, сөз байлығын дамыту.

3.Ұйымшылдыққа,тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: білімді тексеру және бағалау сабағы.(Үйымдастыру .Мақсат қою.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру.Үйге тапсырма беру,білімгерлердің білімін бағалау.

Өтілу түрі: ойын элементтерін пайдалану.

Сабақтын барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу.

2. Білімгерлерді түгендеу.

ІІ. Биологиялық диктант:

1.Тіршілікті зерттейтін ғылым- ........... ?

2. ............. - тіршіліктің өлшем бірлігі.

3. Жасушаны зерттейтін ғылым ..............

4.Тірі организмдерге тән қасиеттер өсу, даму, ...., ........, .........

5. Жасушалардың 2 типі болады: прокариоттар немесе ................жасушалар және эукариоттар яғни ...................бар жасушалар

6.Тірі табиғатты құрайды: бактериялар,.............,саңырауқұлақтар,............... және жануарлар.

ІІІ. «Білгенге не жетсін?»: 1868 жылы швейцариялық биохимик Ф. Мишер жасуша ядросының құрамынан қышқылдық қасиеті бар затты бөліп алған. Оны алғаш рет ядродан (латынша «nykleus»-ядро) тапқандықтан нуклеин қышқылы деп атады. Нуклеин қышқылдары – қарапайым құрамымен сипатталатын және нуклеотидтерден, көмірсудан, фосфор қышқылының қалдығынан тұратын жоғары молекулалық қосылыс.

Нуклеотид:1) Азоттық негіздің біреуі: А– аденин, Т-тимин (ДНҚ) ,



У-урацил (РНҚ) , Ц-цитозин,Г-гуанин.

2) көмірсу-пентоза: ДНҚ-да- дезоксирибоза, РНҚ-да-рибоза.

3) Фосфор қышқылының қалдығы

Нуклеин қышқылдары – биополимерлер, мономері болып нуклеотид (қарапайым бірлік) саналады. Чаргафф, ДНҚ молекуласының құрамына 4 нуклеотид кіретіндігін тапты. Екі нуклеотид — аденин мен гуа­нин (екі сақиналы)-пуриндік негізге, тиминмен цитозин пиримидиндік негізге жатады. Э. Чаргафф адениннің саны тиминмен бірдей: А = Т, ал гуаниннің саны цитозиннің санына Г = Ц сәйкес екенін анықтады. ДНК полимерге жатады, оның мономерлерінің рөлін төрт нуклеотид (аденин, тимин, цитозин, гуанин) аткарады. РНҚ молекуласы да ДНҚ тәрізді полимер, оның мономерлерінің рөлін аденин, гуанин, цитозин және тиминнің орнында урацил нуклеотиді аткарады. ДНҚ-ға қарағанда РНҚ бір тізбекті болып келеді. Жасушадағы қызметтеріне қарай 1) ақпаратты аРНҚ; 2) тасымалдаушы — тРНҚ; 3) рибосомалық -рРНҚ. РНҚ жасушаның ядросында да, протоплазмасында да кездеседі.



ІV. «Кубизм» стратегиясы : биология ғылымдар саласынан:

1.Ұрықты зерттейтін ғылым?

2.Көзге көрінбейтін,микроскоптың көмегімен ғана көре алатын ұсақ ағзаларды зерттейтін ғылым?

3.Тұқым қуалаушылық дегеніміз не?

4.Өзгергіштік дегеніміз не?

5.Жасушаны кашан, кім ашты?(1665ж.Роберт Гук.)

6.Ұлпаны зерттейтін ғылым?

V. «Лезде сұрақ» немесе «Кім жылдам?»

1.Нуклеин қышқылдары дегеніміз не? – ол органикалық қосылыстар: ДНҚ, РНҚ.

2.ДНҚ-ның нуклеотидтері?

3.РНҚ-ның нуклеотидтері?

4. ДНҚ – неше тізбекті?

5. РНҚ-неше тізбекті?



VІ.Сәйкестігін анықта:

ДНҚ генетикалық бағдарламаны тасымалдаушы.

РНҚ тірі организмдердің құрылымдық,қарапайым өлшем бірлігі.

Ядро генетикалық бағдарламаны сақтап,зат алмасу процестерін қадағалау.

Жасуша Шар тәрізді құрылым,басты элементы-хромосомалар.

VІІ. Тесттік есептер шығару:

1.ДНК-ның бір тізбегінде нуклеотидтер былай орналасқан:



А-Ц-Т-Г-Г-Т-А-А-Ц

Нуклеотидтердің комплиментарлық ұстанымына сүйеніп, ДНК-ның екінші тізбегін құрастыру.

2.ДНҚ тізбегіндегі кішкене бөлігі келесі нуклеотидтерден құралған:

ЦАА-АЦА-ААА...

Екінші тізбегін құрастырыңдар?

3.Генетиканың «атасы»?

А) Опарин А.А. Ә) Мусин Б.М. Б) Мендель Г.



VІІІ.Сызықтық диктант «Қатесін тап»: дұрыс жауабы:+,дұрыс емес жауабы:-

1.Жасуша-тіршіліктің өлшем бірлігі.

2.Тіршілікті зерттейтін ғылым-биология.

3.Жасушаны зерттейтін ғылым-гистология.

4.Жасушалардың жиынтығы-ұлпа.

5.Қан-дәнекер ұлпаға жатады.

6.Жануарлар ағзасында 3 ұлпа түрі бар.

7.Ұлпа-мүшені түзеді.

8.Жануарлардың сыртқы жамылғысы жүйке ұлпасынан түзілген.

9.Жүйке ұлпасы-нейрон деп аталады.

10.Жүрек-жануарлардың тыныс алу мүшесі.

ІХ. «Сандар сөйлейді».

8-конечная звезда 58-конечная звезда 68-конечная звезда 78-конечная звезда 8

2

Х.Ой қозғау: Тектілік деген не?



ХІ.Деңгейлік кесте:

30

30

30

20

20

20

10

10

10

10.1.Адам ағзасында қанша хромосомалар саны бар?

10.2.Генетикалық код неше әріптен тұрады?

10.3.Адамда қан тобы нешеу?

20.1.Вирус дегеніміз не?

20.2.Жануарларды зерттейтің ғылым?

20.3.Өсімдіктерді зерттейтін ғылым?

30.1.Қай ұлпа зақымданғанда қалпына келмейді?

30.2.Нейронның ұзын өсіндісі қалай аталады?

30.3.Нейронның қысқа өсіндісі қалай аталады?

ХІІ.Биологиялық терминдерді дұрыс табу.

1.Н..к..е.......д

2.А..е....н- ДНҚ-дағы нуклеотид.

3.У.......ил- РНҚ-дағы нуклеотид.

4.Д....о... с..ри....за.

5.Р...б.......а.



ХІІІ. Дидактикалық тапсырмалар:

1.Ақуыз, май,нуклеин қышқылдары,көмірсулар,минералды тұздар.

Бұлардың қайсысы бейорганикалық қосылыстарға мысал бола алады?

2.Су,иондар,кристалдар,ақуыз.

Бұлардың қайсысы органикалық қосылыстарға мысал бола алады?

ХІV. Қорытынды.Тірек-сызбалармен жұмыс:


ДНҚ-ның құрылысы.

прямая со стрелкой 9прямая со стрелкой 10

Спиральданған қос тізбекті


4-нуклеотидтен тұрады



РНҚ-ның түрлері



прямая со стрелкой 11прямая со стрелкой 12прямая со стрелкой 13




Ақпараттық-аРНҚ


Тасымалдаушы-тРНҚ


Рибосомалық-рРНҚ

ХV.Білімгерлерді бағалау.

ХVІ.Үй тапсырмасын беру:1.30-43 бет.оқу.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет