Әлемдегі ең алғашқы кітапсыз кітапхана. (Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған күрделі үстеулер)
Оқу мақсаттары
6.2.4.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты,көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру;
6.4.4.3 үстеудің мағыналық түрлерін ажырату,синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану.
Сабақ мақсаттары:
Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты анықтайтын сұрақтар құрастырады;
Мәтіннен көтерілген мәселені анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады;
Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады.
Бағалау критериі:
Нақты және қосымша ақпаратты анықтайды, сұрақтар құрастырады;
Көтерілген мәселені анықтайды;
Үстеудің мағыналық түрлерін анықтап, синонимдік баламаларын жазады;
Үстеулерді қатыстырып көтерілген мәселе бойынша өз ойларын білдіреді.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Сабағымыздың тақырыбы: Әлемдегі ең алғашқы кітапсыз кітапхана. (Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған үстеулер)
Бүгінгі сабақта
Сенің білетінің:
Әлемдегі ең ірі кітапханалар
Үстеу және оның мағыналық түрлері
Сенің меңгеретінің:
Әлемдегі ең алғашқы кітапсыз кітапхана қай елде ашылғаны туралы мәлімет аласың;
Электронды оқулық пен кәдімгі оқулықтың тиімді және тиімсіз тұстарын түсініп, өз ойыңмен бөлісесің;
Сөздердің тіркесуі арқылы жасалған үстеулерді меңгеріп, мысалдар келтіресің.
Видео - аудио , кесте, диаграмма, презентация.
5 - минут
Қызығушылықты ояту
Ойқозғау
Психологиялық даярлық мақсатында бірнеше сұрақтар қоямын:
Суретке қарап кітапсыз кітапхана дегенді қалай түсінеміз деген сұрақ төңірегінде әңгімелесу.
5 минут
Жаңа сабақ
2013 жылы күзде техастың Сан - Антанио қаласында BiblioTech кітапсыз кітапханасы ашылады. Бұл кәдімгі кітаптарды электрондық нұсқамен ауыстырған әлемдегі ең бірінші кітапхана болмақ. Жобаның жүзеге асуына жергілікті судья Нельсон Вулф мұрындық болған дейді. Оның электрондық кітап ашуға деген құштарлығына CNN – нің бұрынғы топ менеджері мен The Time апталығының редакторы Уолтер Айзексонның Apple корпорациясының іргетасын қалаушы Стива Джобс туралы жазған өмірбаяндық естелігі себеп болған.
Алғашқы кезде кітапханада электрондық кітаптарды оқуға арналған 100 құрылғы орнатылған. Оны кітапхана залында пайдалануға немесе белгілі бір мерзімге үйге алып кетуге болады.Сондай ақ, кез келген адам Biblio Tech –ға өз құрылғыларымен келіп, ұнаған кітаптарын көшіріп алуға да рұқсат берілген.
«Кіткпхана тегін жұмыс істейді. Тек, материалды басып шығару үшін азғантай ақша алынады, » - деді жоба иесі.
Тапсырмалар