Сабақ тақырыбы: Файлдар мен қапшықтар.Таңбашалар.
Сабақ мақсаты:
-
Білімділік: «Файлдар», «қапшықтар», «таңбашалар» ұғымдарымен, олардың қасиеттерімен таныстыру.
-
Дамытушылық: Windows операциялық жүйесімен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.
-
Тәрбиелік: мұғалім сөзін зейін қойып тыңдауға үйрету, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекіліктер: компьютер, тұсаукесер, кітап.
Сабақтың типі: жаңа сабақ түсіндіру
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен сабақты қайталау.
ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.
Windows объектілерін негізгі және арнайы деп бөлуге болады. Негізгілеріне: қапшықтар, бағдарламалар, құжаттар және таңбашалар жатады. Ал арнайы объектілеріне: Бас меню, Басқару тақтасы, Менің компьютерім және Себет жатады.
Файл – бұл Windows жүйесінде жұмыс жүргізетін ақпараттың құрылымдық бірлігі. Файл не программа, не құжат болуы мүмкін. Файлдардың негізгі типтері: құжаттар, суреттер, бағдарламалар. Файл сақталады және өзіне ұқсас файлдардан ажырату үшін нақты аты болады. Файл аты оң және сол жақ бөліктерден тұрады. Оң жақ бөлігі үш символдан тұрады және олар файл типін анықтайды. Сол жақ бөлігінің ұзындығы 1-ден 255 символға дейін жетеді. Файл атын жазғанда әріптерді, 0-ден 9-ға дейінгі цифрларды, арнайы символдарды, дефис(-), астын сызу(_), леп белгісі(!) және мына символдарды: @, #, $, %, ^, &, (,), {, } қолдануға болады. Ал мына символдарды: жұлдызша(*), қос нүкте(:), нүктелі үтір(;), сұрақ белгісі(?), бөлгіш(/), үлкен(>), кіші(<), тырнақша(«»), нүкте(.) қолдануға болмайды.
Файл кеңейтілуі оның мазмұнын көрсетеді және олар әртүрлі болады:
-
txt, doc, dot, rtf – мәтіндік файлдар, Word және WordPad құжаттары;
-
exe, com – бағдарламалар және қолданбалар файлдары;
-
bat – командалық файл;
-
bmp – Paint графикалық қолданбасының суреті;
-
htm – Web- Internet беті;
-
rar, arj, zip – архивтік файлдар;
-
hlp – анықтама файлы;
-
lib, obj, dll – кітапханалар файлы;
-
bas – Бейсик тіліндегі бағдарламалар мәтіні;
-
bac –ескі файлдардың көшірмесі;
-
sys – жүйелік файл;
-
dbt – деректер базасы
-
wav – Фонграф қолданбасының дыбыстық файлы;
-
avi – бейнеклип;
-
xls – Excel кестелік процессорының құжаты;
-
ppt – Power Point қолданбасының презентациясы және т.б.
Қапшықтар – бұл қандай да бір белгісі бойынша файлдарды бірлестіру, мысалы, тақырыбы бойынша: барлық өлеңдерді Өлең қапшығына, ал суреттерді Сурет қапшығына орналастыру. Windows – тегі барлық файлдар, құжаттар, таңбашалар мен бағдарламалар қапшықтарда сақталады. Ол бос болуы да мүмкін. Қапшықта атттары бірдей объектілер болмауы керек.
Қапшықтар компьютерде белгілі тәртіппен орналасады, оны иерархия деп атайды (оқулықтағы 3.32 – сурет). Қапшықтар иерархиясының ең басы Жұмыс үстелі қапшығы болып табылады. Ол аналық қапшық ретінде қолданылады. Жұмыс үстелі қапшығында Мой компьютер және Себет қапшықтары орналасқан. Мой компьютер қапшығында бірнеше қапшық бар: А:, С:, D: дискілерінің белгішелері және басқа қапшықтар. С: қапшығында басқа қапшықтар, файлдар және таңбашалар салынуы мүмкін. Ол қапшықтардың ішінде басқа қапшықтар болады. Ал соңғы қапшықта тек файлдар мен таңбашалар ғана болады.
Қапшықтар жүйелік және жұмыс қапшықтары болып екіге бөлінеді. Жүйелік қапшықтарға Windows, Program Files қапшықтары және программалар арқылы құрылған қапшықтар жатады. Жұмыс қапшықтарға өздерің құрған қапшықтар жатады.
Таңбашалар – нақты бір файлдарды көрсететін арнайы белгішелер. Ол компьютер үшін жол нұсқайтын командалық файл, ал пайдаланушы үшін жай белгіше. Таңбаша жеке бір объект емес, ол файлға сілтеме ғана. Оны жойғанда файлдар жойылмайды. Таңбашаның басқа белгішеден айырмашылығы оның төменгі сол жақ бұрышында кішкене иілген бағдарша орналасқан.
Таңбашаның негізгі міндеті – объектіге әр түрлі орыннан оның көшірмесін жасамай қатынауды қамтамасыз ету.
Сабақты бекіту: өтілген тақырыпқа байланысты сұрақтар қою.
Қорытынды. Оқушылардың білімдерін бағалау, үйге тапсырма беру.
Достарыңызбен бөлісу: |