Әр түрлі жанрдағы шығармаларды оқу Өлеңдерді оқу және талдау



Дата01.03.2024
өлшемі18.07 Kb.
#493781
Әр түрлі жанрдағы шығармаларды оқу


Әр түрлі жанрдағы шығармаларды оқу

Өлеңдерді оқу және талдау.


Мектепке дейінгі бала тәрбиесінде пайдаланылатын шығарма түрлері:әңгіме, ертегі, мысал, өлең-тақпақ, жұмбақ, мақал-мәтел, санамақ және басқалар.
Балдырғандар көркем шығарма оқиғасын шынайы өз мағынасында түсінеді. Психологтардың пайымдауы бойынша балалар көркем шығармадағы іс-әрекетті, оқиғаны тура мәнінде қабылдайтын көрінеді. Бұл әңгіме, ертегі естілгеннен кейінгі алған әсерін олардың іс жүзіне асыруға ұмтылуынан байқалған.
Шығармадағы кейіпкерлердің ғажап іс-әрекеттері балдырғандарға қатты әсер етеді. Балалар естіген оқиғаларын ойнаған ойындарында, салған суреттерінде, саздан жасаған бейнелерінде көрсетеді. Кейіпкерлерге еліктеу олар үшін өмір шындығын сезініп, тану мектебі іспетті. Есейген сайын мектеп жасына дейінгі балалардың сөздігі айналадағы заттарды түсіну негізінде молаяды. Балалар енді айтылған сөзді көбірек түсінеді. Оларды оқытуда ертегі, әңгіме, тақпақ, өлең белгілі орын алады. Баланың айтқан сөзді ұғынуы ой-түйсігінің дамуын ілгерілетеді. Сөйлеу кезінде грамматикалық құрылымды ұғуды, байланыстырып сөйлеуді дамыту, ойша сөз құрауды қалыптастыру кез келген шығарма түрлерін түсінуге негіз болады.
5-6 жастағы бала жеңіл өлеңді, контекстегі кейбір образды тіркестерді айыра алады, мағынасын түсіндіре біледі, сөйлеу сазының кейбір түрін ұғынып алады. Арнайы зерттеулер бойынша жасалған қорытындыларға қарағанда, 5-6 жастағы балалар сөйлеу сазын тек ұғынып қана қоймай (интонациясының барлық компонентінің жиынтығын), оны өзінің сөзінде белгі ишарамен(имитация арқылы) қайталайтыны да мәлім көрінеді.
Өлең сөздің тыңдаушыларын өзіне баурайтын сазды, әуезді, өрнек-нақышы, эмоциялық бояуы, үні дыбыс әуені, мәні, бүкіл бітім, табиғаты ауызекі естілгенде ғана сыр-сымбатты жарқырап шықпақ тереңірек танылмақ. Осындай сиқырлы күшінен де болар, ұлы Абай – «Өлең — сөздің патшасы сөз сарасы» деген. Өлең сөздің құдіретті, күшті қасиетін бала бойына ерте бастан, сіңіру, зердесіне жеткізу, құлағын қандыру көзделеді.
Жақсы өлең жақсы оқылмаса , оның өңі қашады, мазмұны сүреңсіз, әсерсіз шығады.
Қазақ өлеңдерінің құрылысы жөнінде бірталай елеулі еңбектер болғанмен, өлең оқу техникасы жөнінде бір-ер методикалық нұсқау мен мақаладан басқа үлгі-нұсқа болатын қомақты еңбек жоқ. Сондықтан өлең жыр, тақпақ, сюжетті шығармаларды мән-мәнеріне келтіріп оқуды, ауызша жатқа айту үлгісін тәжірибе қорытындысынан мысалдармен ұсынамыз.
Қазақ өлеңдерін нақышына келтіріп, жатқа айтуда, оқуда өлең құрылысына, тілдің дыбыстық жүйесіндегі үндестік заңы ықпал заңдарына мұқият назар аудару, сондай-ақ дыбыстық үйлесімдер алитерация мен ассонанстың дыбысталу сазын үнмен үйлестіру – негізгі шарттың бірі.
Қазақ өлеңдерінің ерекшелігі жайында ритмикалық паузада (өлең сөз кідірісінде). Өлең сөз ритм, ырғақ, ұйқас, бунақ, шумақ кідірістері- қара сөзбен жазылған шығармалардан даралап тұратын белгісі. Осы ерекшеліктер өлеңді ауызша оқығанда ,жатқа айтқанда арнайы көңіл бөлетін жәйт екенін ескерткенбіз. Сондай-ақ, қазақ өлеңінің құрылымы ерекшеліктеріне арнайы тоқталып, буын санына қарай ритмін, ырғағын ерекшелеу, ұйқасын үнмен мән-мәнеріне келтіріп оқу мен жатқа айту тағы бір шарты екенін айтқанбыз. Тармақ, шумақтардың сан мөлшерін де көрсеттік. Мұндағы мақсат – тармақ, шумақ, кідірістері кейде өлең жолындағы айтылған ой түйінін білдіру мақсатында қойылатын логикалық кідіріс не шумақтан кейінгі автордың астарлы ой қорытындысын шешуге меңзейтін психологиялық кідірістерді өлең сөздің кідірістерімен астастырылып қоя білуге назар аударады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет