Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары



бет1/64
Дата15.12.2023
өлшемі172.88 Kb.
#486670
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64
okush. fiziol. damu - darister 2


ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ

1 Дәріс тақырыбы: Оқушылардың физиологиялық дамуы пәніне кіріспе (1 сағат)


Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру
Сабақ жоспары:
1. Физиология пәніне кіріспе. Негізгі міндеттері мен мақсаты
2. Физиологияның дамуы, салалары, процесс
3. Жас ерекшелік физиологиясы


1. Физиология пәніне кіріспе. Негізгі міндеттері мен мақсаты
Физиология (грекше physis-табиғат, logos-ілім)- организмнің тіршілік әрекетін, жеке мүшелердің, жүйелердің және тұтас организмдердің тіршілік әрекеттерін, қызметін зерттеп, олардың ерекшеліктерін, биологиялық маңызын анықтайды, организмнің сыртқы ортамен қарым- қатынастарындағы заңдылықтарды ашады.
Оқушылар физиологиясы- организмнің бүкіл өмірі бойындағы физиологиялық функциялардың қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, өзгерістерін зерттейді. Пәннің негізгі бағыты- баланың өсуі және даму жағдайына қарай организмдердің және біртұтас организмдердің қызметін зерттеп білу. Бұл пән педагогикалық мамандықтармен тығыз байланысты, себебі болашақ мұғалімдердің іс тәжірибесі тікелей оқушылармен байланысты.
Жас ерекшеліктер физиологиясы курсында жас балалар мен жас өспірімдер организміндегі тіршілік әрекетінің сандық және сапалық белгілері оқылады, сондықтан оқушылардың физиологиясында гигиена жайлы мәліметтер қарастырылады.
Жасөспірімдер гигиенасы- жас ұрпақтың денсаулығын қорғау және нығайту туралы ғылым. Ол жалпы гигиенамен тығыз байланысты және өсіп келе жатқан организм мен қоршаған ортаның, өзара әсерін зерттейді. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының негізгі міндеті- өсіп отыратын организмнің тіршілік әрекеттері процестерінің қалыпты өтуін қамтамасыз ететін жағдайлар мен ауруларды болдырмауға бағытталған гигиеналық шараларды алдын ала жасау. Бұл мектептегі профилактикалық дәрігерлік іс.
Оқушылардың физиологиялық дамуы– балалар мен жас өспірімдердің физиологиялық ерекшеліктерін, олардың жеке дамуының қалыптасу заңдылықтарын, тәрбие жұмыстарының әсерінен пайда болатын физиологияның ерекшеліктері қарастырылады. Өсу, даму, жоғары жүйке әрекеттерін зайдылықтары және балалар, жастардың жүйке жүйесінің жасына байланысты ерекшеліктері жатады. Жасқа байланысты физиология, гигиена –жас ұрпақтарды тәрбиелеудің оларға жасына сай білім берудің, ақыл-ойын дамытудың, дені сау, сымбатты сұлу етіп өсіру. Ол балалар, жастардың денесінің дұрыс өсіп дамуын, ақыл-ойының жетілуін қамтамасыз етіп, оған қажетті жағдайларды ұсыну арқылы түрлі аурулардың алдын алады.
Мектеп гигиенасы- балалардың өсіп- даму процесін және олардың денсаулық жаңдайын сыртқы орта факторларының организмге әсер етуін зерттейтін ғылым саласы. Баланың жас ерекшелік жағдайын ескеріп, оның денсаулығын нығайтуға, үйлесімді дамуына және дұрыс тәрбиелеуге арналған шаралар белгілейді. Ол мектеп мамандарын қажетті гигиеналық ережелері, нормативтермен қаруландырып, балалардың жұмыс қабілеті жоғары болуы, әрі қарулы, әрі психология жағынан дұрыс өсіп- дамуын тәрбиелеуге бағытталады.
Мектеп гигиенасына қатысты жасалатын мәселелердің кеңеюіне байланысты 1958 жылы мектеп гигиенистерінің Халықаралық II съезі (Высокие Татры, ЧССР) оны балалар мен жасөспірімдер гигиенасы деп атады. Организмде жүретін процестерді зерттеу үшін әр түрлі: электрофизиологиялық, биохимиялық, микроскоптік, гистохимиялык, т. б. әдістер қолданылады. Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы сол сияқ­ты зиянды әсер ететін факторларды жою немесе әлсірету және еңбек, оқу, өмір жағдайларын жақсарту, денсаулықты нығайту жөніндегі ұсыныстар жасауға міндетті.
Жас ерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигиенасының міндеттері: студенттерді, болашақ тәрбиешілерді өсіп келе жатқан жас организмдердің даму ерекшеліктері жөнінде қазіргі кездегі ғылыми мәліметтермен таныстыру. Сонымен қатар оқушылардың әр түрлі оқу және еңбек жұмыстары кезіндегі жұмыс қабілетінің жоғары болуына көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет