Үлкен ми сыңарлары. Ми сыңарлары екі бөлімнен тұрады: оң жақ және сол жақ. Ол ақ және сұр заттан құралған. Сұр заттан мидың сыртқы қабаты - қыртыстары түзіледі. Ақ зат ми қыртыстарының астьнда болады. Ақ заттың ішінде нерв клеткалары топтасып орналасқан. Олар - ядролар. Әрбір ми сыңарлары мандай,төбе, самай және шүйде бөлімдеріне бөлінеді. Ми сыңарларының үстіңгі жағында ми қатпарлары,олардың арасында терең сайлар жатады. Балалардың 2-3 жастарында ми қыртыстарының сайлары мен пішіні, ересек адамдарға қарағанда басқаша. Ми қыртысының шүйде жақ бөлімі үлкендеу болып келеді, онда терең сайлар жатады. Ми қыртыстары клеткаларының тез өсіп-жетілуі бала өмірінің алғашкы үш жылында байқалады. Содан кейін олардың өсіп-жетілуі баулайды да, 5 жаста сыртқы кұрылысы ересек адамдарға ұқсас келеді. Ал бірақ сыртқы ұқсастығы оның ішкі кұрылысының күрделі жағдайына байланысты сипатталмайды. Ми қыртыстарының толық дрежесінде дамуы 12 жаста байқалады. Осы жаста ми массасының үлкеюі баулайды, бірақ ми сьңарлары қыртыстарыньң ішкі органдардың қызметін реттеудегі рөлі күрделене түседі. Мидың әртүрлі жеке бөлімдерінің байланысын өткізіш жолдары жүзеге асырады. Ақ зат үш түрлі нерв талшықтарынан тұрады: комиссуральдық, ассоциативтік және проекцияльқ. Комиссуральдық, талшықтар ми сыңарларын өзара байланыстырып, ассоциативтік талшықтар бір ми сыңарының ішіндегі жеке бөлімдерді бір-бірімен байланыстырып тұрады, Бұлар өткізгіш жолдар болып есептеледі. Онтогенез процесінде өткізгіш жолдар белгілі бір реттілікпен қалыптасады. Алдымен проекциялық, содан кейін комиссуральдық, соңында ассоциативтік. Баланың жасы жоғарылған сайын жалғастыру немесе байланыс саны артып қана қоймай,сонымен бірге олар күрделене түседі. Соған байланысты ми қыртыстарының кызметі де күрделенеді.
Ми қыртыстары. Адамның ми сыңарлары қыртысы алты қабаттан тұрады. Қалыңдығы орташа өлшеммен алғанда 2-3 мм. 18 миллиардқа жуық әртүрлі клеткалардан кұралған. Ми қыртысы нерв орталықтарының жұмысын, кимыл козғалыс жағдайды және ішкі органдардың кызметін реттейді. Ми сыңарлары қыртыстарына импульстер дененің барлық рецепторларынан келіп тұрады. Соның нәтижесінде организмнң кызметі сыртқы және ішкі өзгерістер жағдайына бейімделеді. Адамның ми сыңарлары қыртысы өте жақсы дамыған және оның психикалық әрекетінің материалдық, негізі болып табылады.Өмірде ми сыңарлары қыртысы жоқ балалардьң дүниеге келетіні белгілі. Оларды анэнцефалдар дейді. Олар бірнеше күн өмір сүруі мүмкін. Анэнцефалдың 3 жыл 9 ай өмір сүрген оқиғасы да болған. Ол өлгеннен кейін, сойып қарағанда үлкен ми сыңарлары болмаған, олардың орнында екі көпіршік болған. Ондай бала алғашқы жылы тек ұйыктай берген. Дыбыс пен жарыққа реакция білдірмеген; төрт жылға жуық өмір сүріп,сөйлей білмеген, жүре алмаған, анасын тани алмаған. Міше, ми ыыртыстарының организмде қандай маңызы бар екені жөнінде осыдан белгілі тұжырым жасауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |