Сабақ Мақсаты: топырақты агрохимиялық талдау



бет1/4
Дата11.10.2023
өлшемі0.68 Mb.
#480413
түріСабақ
  1   2   3   4
ПРАКТИКА 5


ІІ. Топырақты агрохимиялық талдау
Практикалық сабақ
Мақсаты: ТОПЫРАҚТЫ АГРОХИМИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
Жұмыс барысы: Топырақты талдаудың зертханалық әдістері оның құрамындағы өсімдіктің өсіп-жетілуіне пайдалы және зи- янды әсер ететін қосылыстардың түрлерінің мөлшерін анықтау үшін маңызды рөл атқарады. Топырақты агрохимиялық талдаудың мәліметтерін тыңайтқыш қолдануға байланысты мәселелерді шешуде пайдалануға бо- лады. Өйткені топырақтың агрохимиялық қасиеттерін еске- ру және құрамындағы қоректік заттардың өсімдікке сіңімді түрлерінің мөлшерін білу тыңайтқышты тиімді қолдануға көмектеседі.
Агрохимиялық талдауда топырақ типіне қарай қоректік заттардың әртүрлі формаларының мөлшерін анықтау үшін химиялық тәсілдерді қолданады. Топырақты агрохимиялық талдаудың басты мақсаты:
1. Химиялық жолмен талдау арқылы өсімдік, топырақ және тыңайтқыштардың өзара әрекеттесу процестерінде өте маңызды рөл атқаратын топырақтың негізгі қасиеттерін жан-жақты зерттеуге болады.
2. Топырақтың сіңіру кешенінің (топырақ реакциясы, сіңірілген негіздер жиынтығы, негізбен қанығу дәрежесі) қасиеттерін анықтайды. Оның мәліметтерін топырақты химиялық жолмен мелиорациялауда пайдаланады.
3. Агрохимиялық талдаудың арнаулы әдістерін қолдану топырақтың тыңайтқыштармен әрекеттесу процестерін және қоректік заттардың өзгеру заңдылықтарын тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді. Мысалы, әрбір топырақтағы фосфор тыңайтқышының өзгеру процестерін жан-жақты зерттеу оның формасын, дозасын, беру әдісі мен мерзімін белгілеуде тек қана фосфордың жылжымалы түрінің 188 189 мөлшерін анықтау жеткіліксіз екенін көрсетеді. Сондай- ақ топырақ құрамындағы минералды фосфаттардың жеке фракцияларында анықтау керек.
4. Топырақтың қоректік заттарының режимі мен ди- намикасын зерттеуде азот, фосфор, калий және басқа элементтердің қосылыстарының әртүрлі топтарын анықтаудың маңызы зор. Ол үшін атомдық-абсорбциялық, рентген-флуоресценттік, атомдық-эмиссиялық әдістерді қолданудан дәлдігі жоғары мәліметтер алуға болады.
5. Топырақты агрохимиялық талдаумен агротехникалық тәсілдердің оның құнарлылығына әсерін анықтайды.
6. Топырақты талдау нәтижелерін егіс алқаптарының дақылдарының тыңайтқыштың құрамындағы қоректік зат- тарды пайдалануын анықтауда және тыңайтқыш қолдану жоспарын дайындауда пайдаланады.
7. Топырақ үлгілерін химиялық жолмен талдау өсімдіктің әртүрлі тыңайтқышқа реакциясын анықтауға көмектеседі. Топырақтағы қоректік заттардың құрамына өсімдік қалдығының күлінде кездесетін биоэлементтер де зор әсер етеді. Сондықтан, өсімдік қалдықтарының күліне талдау жасаудың маңызы зор. Топырақтағы өсімдік қалдықтарын талдау арқылы олардың минералдануы және гуминденуі нәтижесінде элементтердің босау ретін біледі. Химиялық талдау арқылы топырақтың минералдық және органикалық құрамын, коллоидтар мен алмаспайтын элементтердің иондарын да анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет