Ф.7.22-17
М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНАН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ОРТАЛЫҒЫ
МҰНАЙ, ГАЗ ЖӘНЕ ПОЛИМЕРЛЕР ТЕХНОЛОГИЯСЫ КАФЕДРАСЫ
|
БЕКІТЕМІН
ҒЖжХБ жөніндегі
проректор
__________ Бахов Ж.К.
«___» __________ 2011__ж
|
Химия-технологиялық факультет
6M072100 –Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы
Қабылдау емтиханының
БАҒДАРЛАМАСЫ
ШЫМКЕНТ – 2011
Қабылдау емтиханның бағдарламасы 5В072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының пәндерірің: органикалық заттардың технологиясының теориялық негіздері; органикалық заттардың химиясы және физикасы; органикалық заттардың химиялық технологиясы; органикалық және мұнай химиялық өндірісінің технологиясы; жобалау негіздері және кәсіпорындардың құрал-жабдықтары; полимерлерді өндіру және өңдеу технологиясы; мұнай мен газ химиясы және технологиясы; синтетикалық каучуктердің химиясы және технологиясы типтік бағдарламалары негізінде құрылыған
Қабылдау емтиханның бағдарламасы кафедраның мәжілісінде талқыланған
13.05.2011ж, № 11 хаттамасы
Кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Сақыбаева С.А.
Қабылдау емтиханның бағдарламасы «Химия - технологиялық» факультеттің әдістемелік комиссиясымен мақулданған 25.05.2011ж, № 11 хаттамасы
Төрайымы Богенбаева С.С.
Қабылдау емтиханның бағдарламасы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру орталығымен келісілген
ЖООКББО бастығы ________________________ Изтаев Ж.Д.
Кіріспе
Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша бакалаврдың кәсіби қызмет пәндері: негізгі және нәзік органикалық синтез өнімдері, органикалық заттар мен материалдарды өндіру және өңдеудің химиялық технологиясының аппараттары мен құрал-жабдықтары, шикізаттың, қосалқы заттар мен материалдардың әр түрлі типтері Ұсоның ішінде мұнай, газ, көмір, өсімдік шикі заты), полимерлер, мономерлер, эластомерлер, химиялық реагенттер мен реактивтер, ғылыми-зерттеу приборлары мен құрал-жабдықтары болып табылады.
Бітірушілердің кәсіптік қызмет объектісі органикалық заттар өндірісі, мұнай, газ, көмір және полимерлерді, эластомерлерді, лак-бояу материалдарын, сұйық және қатты ракета отындарын өңдеу, көмірсутекті шикі заттарды дайындау, өндіру және тасымалдау мен оларды тиімді пайдалану, ғылыми –зерттеу және салалық жобалау институттары, орташа техникалық оқу орындары, қорғаныс кәсіпорындары, тау-кен өнеркәсіп салалары бола алады.
6N0721 –Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының жоғары кәсіптік білім бағдарламаларын жетік меңгерген түлектеріне «Органикалық заттардың химиялық технологиясының магистрі» академиялық дәрежесі беріледі.
Түлектердің біліктілігі және лауазымдары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 21.11.2002 ж. № 273-П бұйрығымен бекітілген «Жетекшілердің, мамандардың және басқа да қызметкерлердің біліктілік анықтамасына» сәйкес анықталады. Магистрлер еңбек стажына талап қоймай-ақ бірінші категориялы техник, кіші ғылыми қызметкер, инженер-лаборант, ғылыми-зерттеу ұйымдарының, конструкторлық және жобалау мекемелерінің инженері және басқа да қызметтерді атқара алады.
6N0721 –Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы магистратурасының түлектері мамандарға деген мемлекет және нарық тұтынысын ескеріп келесі қызметтерде жұмыс істей алады:-технолог;
-химик-технолог;-техник-технолог;-маман;-жоғарғы оқу орындарының оқытушысы және т.б.
Бітірушілерді мұнай өңдеу, мұнай химия, полимерлерді өңдеу, геология, гидрогеология, тау-кен өндірістерінде, білім және ғылым салаларында, т.б. қодануға болады.
1 Пәндердің атаулары және олардың негізгі бөлімдері
«Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы» бойынша: Органикалық заттардың технологиясының теориялық негіздері; органикалық заттардың химиясы және физикасы; органикалық заттардың химиялық технологиясы; органикалық және мұнай химиялық өндірісінің технологиясы; жобалау негіздері және кәсіпорындардың құрал-жабдықтары; полимерлерді өндіру және өңдеу технологиясы; мұнай мен газ химиясы және технологиясы; синтетикалық каучуктердің химиясы және технологиясы.
1.1. Органикалық заттардың технологиясының теориялық негіздер
Көмірсутек шикізатын өндіру және өңдеу технологиясының теориялық негіздерінің негізгі түсініктері; Көмірсутек шикізатын өңдеу процессінің физикоөхимиялық негіздері. Технологиялық процесстредің химизмі және механизмі; органикалық заттарды өңдеу процесінің негізгі аппараттарынның технологгиялық құрал-жабдықтар және жобалау технологиясы.
1.2 Органикалық заттардың химиялық технологиясы
Көмірсутек шикізатын өңдеу тармақтары (салалары), энергетикаләқ баланс. Көмірсутек шикізатын алу және тасымалдау. Мұнай және мұнай өнімдерінің физико-химиялық қасиеттері, класификациясы және тауарлық сипаттамасы. Полимеризация реакциясына негізделген, технологиялық процесстер. Синтез әдістерінің сипаттамасы. Стирол және этиленнің хлорлы туындыларының негізінде полиолефиндер, полимерлер өндіру. Акрил және метакрил қышқылдары, жәй және күрделі винил эфирлері негізіндегі полимерлер.
1.3 Органикалық заттардың химиясы және физикасы
Көмірсутек шикізаты, оның құрамы және қасиеттері; мұнай, газ және көмірдің пайда болу заңдылықтары, оларды өңдеудің физико-химиялық негіздері; көмірсутек шикізатының гетероатомдық қосылыстарының және көмірсутектерінің физико-химиялық зерттеу әдістері, өңдеу кезіндегі олардың өзгеру заңдылықтары; өнімдерінің қасиеттері.
1.4 Органикалық және мұнай химиялық өндірісінің технологиясы
Мұнай химия және негізгі органикалық синтез өндірісінің өндірістік классификациясы. Негізгі органикалық синтез және мұнай химия кәсіб орындарының шикізаты және оларға қойылатын талаптар.
Синтетикалық жуғыш заттарды өндірісінің технологиялық схемалары. Құрамында оттегі, галоген, азот пен күкірт бар органикалық қосылыстардың өнеркәсіптік қолданылуы.
Мұнай мен кокстың біріншілік және екіншілік өнімдері негізіндегі мономер өндірісінің өнеркәсіптік тәсілдері. Қатты отындар түрлері. Көмірлер классификациясы. Көмірді кокстеу. Кокстеу процесінің физика-химиялық негіздері және технологиясы. Қатты отынды гидрлеу.
1.5 Жобалау негіздері және кәсіпорындардың құрал-жабдықтары
Көмірсутекті шикізаттардың өзіндік ерекшеліктері мен оларды өндіру және өңдеуге арналған аппараттардың классификациясы. Органикалық заттар өндірісі кәсіпорындарының негізгі аппараттары. Көмірсутекті заттарды өндіру және өңдеуге арналған технологиялық жабдықтарды жобалау және есептеу, материалдық, жылулық, механикалық есептеулер. Мұнай өңдеу және мұнайхимия зауыттарының, органикалық заттарды өңдеуге арналған биік жабдықтарының сейсмикалық және жел күшіне беріктілігін есептеу. Аппараттардың тұрақтылығы. Көп компонентті қоспаларды бөлу процестерінің аппаратуралық рәсімдеу және есептеу. Органикалық заттар өндірісінде ХТЖ талдау элементтері. Жобалау технологиясының негіздері. Жобалау жұмыстарын ұйымдастыру. Жобалаудың негізгі сатылары. Бас жоспар. Технологиялық жобалау. Технологияны жобалаудың негізгі сатылары. Химиялық өндірістің технологиялық схемасы, тұрғызу принциптері. Өндіріс ғимараттары мен құрылғыларын жобалау ерекшеліктері. Құрал-жабдықты орналастырудың негізгі принциптері.
1.6 Полимерлерді өндіру және өңдеу технологиясы
Полимерлену реакциясымен алынатын поли-мерлер негізінде пластмассалар. Поликонденсация реакциясымен алынатын полимерлер негізінде пласт-массалар. Полимерлерді өңдеу. Шикізатты дайындау. Термопластарды өңдеу. Реактопластарды өңдеу. Техникалық каучуктер және каучук тәріздес полимерлер. Ингредиенттер. Резина өндірісінің негізгі технологиялық процестері. Полимерлерді өндіру әдістері, пластмассалардың технологиялық қасиеттерін зерттеу, пластмассаларды қысыммен құю, престеу әдістерімен өңдеу, резиналарду алу технологиясы.
1.7 Мұнай мен газ химиясы және технологиясы
ҚР мұнай, газ өңдеу өнеркәсіптерінің және мұнай химиясының күйі мен даму болашағы. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің шикі зат базасы. Мұнайдың шығу тегі. Мұнайдың физика-химиялық қасиеттері. Көмірсутекті газдарды өңдеу. Мұнайды біріншілік өңдеу. Суаттарда мұнайды дайындау және оны тасымалдау. Мұнай өңдеу зауыттарында мұнайды дайындау. Электрмен тұссыздандыру қондырғысының негізді (принципиалды) схемасы. Мұнайды атмосфералық (АҚ) және атмосфералық-вакуумды (АВҚ) айдау. Мұнай мен газды өңдеудің химиялық процестерінің теориялық негіздері. Мұнай шикі затын өңдеудің термиялық және термокаталитикалық процестері. Гидрогенизациялық процестер. Мұнай зауыты көмірсутекті газдарын өңдеу. Майлар өндірісі. Синтетикалық сұйық отындар өндірісі және қолданылуы. Мұнай өңдеу кәсіпорындарын жобалау негіздері. Мұнай өңдеу зауыттарының негізгі құрал-жабдықтары және жалпы зауыттық шаруашылығы.
Мұнайды жалпы зерттеу – мұнайдың тығыздығын; оптикалық қасиеттерін; жабық тигелдегі лап ету температурасын; қату температурасын; құрамындағы су мөл-шерін; мұнайдың майлы фракциясының құрылымдық-топтық құрамын; мұнайдың фракциялық құрамын анықтау. Мұнай шикізатын өңдеудің термиялық процестерін зерттеу. Бензин-дерді пиролиздеу. Құрамында цеолиті бар катализаторларда вакуумды газойлді каталитикалық крекингтеу. Мазутты баяу кокстеу. Тотыққан битумдарды алу. Мұнай-битуминозды жынысты экстракциялау.
1.8 Синтетикалық каучуктердің химиясы және технологиясы
Каучуктер классификациясы, алу және олардың реакциялары. Синтетикалық каучуктердің типтері. Алу тәсіліне қарай бөлінуі. Каучуктердің негізіндегі резина қоспалары және вулканизаттар қасиеттері. Уретанды каучукті алу. Синтетикалық каучуктердің ісіну дәрежесін анықтау. Каучуктердегі функционалды топтарды анықтау Біліктерде резина қоспаларын араластыру. Каучук және резина қоспаларының иілімділігін пластометрде анық-тау. Резиналардың үзілуге беріктігін сынау. Дефометрде каучуктер мен резина қоспаларының қаттылығын анықтау.
2. 6M072100 –Органикалық заттардың химиялық технологиясы
мамандығының магистратураға қабылдау емтихан сұрақтарының ұсынылған тізімі
-
Полимерлердің химиялық өзгерістері.
-
Полимерлердің құрылымы (конфигурация, конформация).
-
Радикалды полимерленудің инициирлену типтері.
-
Сызықтық поликонденсацияның заңдылықтары.
-
Полимерлердің физикалық күйлері.
-
Полимерлердің иілгіштігі.
-
Полимерлердің полимераналогиялық өзгерістері.
-
Полимерлердің термомеханикалық зерттеу әдісі.
-
Поликонденсацияның заңдылықтары.
-
Иондық полимерленудің ерекшеліктері. Қатаю. Сатылары. Мысалдары.
-
Катиондық полимерлену. Сатылары. Катализаторлары.
-
Полимерлердің қарапайым ерітінділері.
-
Аниондық полимерлену. Сатылары. Катализаторлары.
-
Полимерлердің ісінуі.
-
Каучуктерді вулкандау.
-
Полимерлердің ескіруі.
-
Иондық-координациялық полимерлену.
-
Механизм ерекшеліктері.
-
Полимерлердің фотохимиялық деструкциясы.
-
Полимерлердің молекулалық құрылымы.
-
Полимерлерді ескіруден қорғау.
-
Полимерлердің тотықтық деструкция реакциялары.
-
Циглер-Натт катализаторларында алынатын каучуктердің микроқұрылымы.
-
Полимерлерді тұрақтандыру механизмі.
-
Полимерлердегі молекулааралық әрекеттесу.
-
Полимерлердің қарапайым ерітінділерінің белгілері.
-
Полимерлердің құрылымдық изомериясы.
-
Полимерлерді тұрақтандыру.
-
Антиоксиданттар.
-
Полимерлердің химиясы мен физикасының даму болашағы.
-
Терминологиясы.
-
Полимерлердің құрылымы.
-
Полимерлердің сыныптамасы.
-
Табиғи және синтетикалық полимерлер.
-
Макромолекуланың конфигурациясы мен конформациясы.
-
Реттелген, реттелмеген және кеңістікте реттелген полимерлер.
-
Орташа ММ, ММТ туралы ұғым.
-
ММ мен ММТ анықтаудың негізгі әдістері.
-
Радикалды тізбекті полимерленудің ерекшеліктері: сатылары, механизмі, инициирлеу әдістері.
-
Иондық полимерлену. Айрықша ерекшеліктері.
-
Аниондық полимерлену. Механизмі. Катализаторлары.
-
Аниондық полимерлену. Механизмі.
-
Поликонденсация реакциясымен алынатын полимерлер.
-
Фенолальдегидті полимерлер.
-
Полимердің қасиеттері және қолданылуы.
-
Қазіргі кездегі мұнай өңдеудегі термиялық процестердің типтері, олардың қызметі.
-
Эндо- және экзотермиялық реакциялар үшін тепе-теңдік константасының температуралық тәуелділігі.
-
Иондық-координациялық полимерлену.
-
Циглера-Натта катализаторы.
-
Амидальдегидті полимерлер.
-
Мочевина- және меламин-формальдегидті полимерлерді синтездеу процесінің ерекшеліктері.
-
Олардың негізіндегі пластмассалар.
-
Полимерлердің синтездеудің сатылы процестері және олардың айрықша ерекшеліктері.
-
Химиялық кинетика. Химиялық реакциялардың жіктелуі.
-
Эпоксидті полимерлер.
-
Эпоксиолигомерлердің қатаю механизмі.
-
Эпоксидтерді басқа олигомерлермен модификациялау.
-
Мұнай шикізатының термолиз реакцияларының механизмі.
-
Полимерлердің химиялық түрленуі.
-
Термопластарды өңдеу әдістерінің сыныптамасы.
-
Қысыммен құю.
-
Органикалық синтез.
-
Гетерогенді катализаторларға қойылатын негізгі талаптар.
-
Термопластарды экструзиялау.
-
Экструдерлер типтері.
-
Полимерлердің агрегаты және фазалық күйлері.
-
Полимерлердің физикалық күйлері.
-
Иондық (гетерогенді) катализ катализаторлары.
-
Полимерлерді зерттеудің термомеханикалық әдісі.
-
Термомеханикалық қисықтар.
-
Полимерлердің механикалық қасиеттері.
-
Полимерлердің деформациялық қасиеттері.
-
Талшықты толықтырғышы бар полимерлік композициялық материалдардан бұйым алу. Композиттердің компоненттері.
-
Мұнай өңдеудің гидрогендеу процестерінң маңызы мен қызметі.
-
Коллоидты жүйелер.
-
Дисперсиялар мен эмульсиялар.
-
Полимерлер қоспасы.
-
Резина өндірісінің негізгі технологиялық процестері. Сипаттама.
-
Араластыру теориясы.
-
Суспензияда полимерлену.
-
Органикалық еріткіштің ортасында полимерлену.
-
Қатты фазада полимерлену.
-
Полимерлену температурасының полимерлену жылдамдығына және полимерлердің құрылымы әсері. Ионды полимерлену.
-
Катионды полимерлену. Анионды полимерлену. Ионды полимерленудің негізгі сатылары.
-
Ионды-координациялық полимерлену. Циглер-Натт катализаторлары.
-
Поликонденсация. Гомополиконденсация және гетерополиконденсация. Поликонденсацияда қолданатын мономерлер.
-
Поликонденсация механизм бойынша макромолекулалардың түзілу сатылары. Поликонденсациялық тепе-теңдіктің константасы.
-
Полимерлердің химиялық өзгерістері.
-
Полимерлердің құрылымы (конфигурация, конформация).
-
Радикалды полимерленудің инициирлену типтері.
-
Сызықтық поликонденсацияның заңдылықтары.
-
Иондық полимерленудің ерекшеліктері. Қатаю. Сатылары. Мысалдары.
-
Полимерлерді тұрақтандыру механизмі.
-
Полимерлердегі молекулааралық әрекеттесу.
-
Полимерлердің қарапайым ерітінділерінің белгілері.
-
Полимерлердің құрылымдық изомериясы.
-
Полимерлерді тұрақтандыру.
-
Антиоксиданттар.
-
Полимерлердің химиясы мен физикасының даму болашағы.
-
Терминологиясы.
-
Полимерлердің құрылымы.
-
Полимерлердің сыныптамасы.
-
Табиғи және синтетикалық полимерлер.
-
Макромолекуланың конфигурациясы мен конформациясы.
-
Реттелген, реттелмеген және кеңістікте реттелген полимерлер.
-
Полимердің қасиеттері және қолданылуы.
-
Қазіргі кездегі мұнай өңдеудегі термиялық процестердің типтері, олардың қызметі.
-
Эндо- және экзотермиялық реакциялар үшін тепе-теңдік константасының температуралық тәуелділігі.
-
Иондық-координациялық полимерлену.
-
Мұнай шикізатының термолиз реакцияларының механизмі.
-
Полимерлердің химиялық түрленуі.
-
Полимерлердің химиялық реакциялары түрлері мен ерекшеліктері.
-
Процестің негізгі заңдылықтары.
-
Полимерлердің деформациялық қасиеттері.
-
Талшықты толықтырғышы бар полимерлік композициялық материалдардан бұйым алу. Композиттердің компоненттері.
-
Дисперсиялар мен эмульсиялар.
-
Полимерлер қоспасы.
-
Политетрафторэтиленнің полимерленуі.
-
Полиметилметакрилатты массада өндіру.
-
Полиметилметакрилатты суспензияда өндіру.
-
Қазақстанның мұнай өндірісінің қалыптасу және дамуының негізгі кезеңдері.
-
Мұнайдың пайда болуы және сұйық мұнай өнімдердің түзілуі.
-
Мұнай кен орындарының дамуының және пайдаға асырудың негізгі кезеңдері.
-
Мұнай шикізаттың айдаудың мәні және әдістері.
-
Мұнай пектер, олардың түрлері және пайдалануы.
-
қалдықтарды өңдеудің жаңа гидротермиялық әдістері.
-
Гидровисбрекинг және гидропиролиз әдістерінің айырмашылығы.
-
Мұнай өнімдердің өңдеу каталитикалық негізгі процестері.Олардың айырмашылығы, алынатын өнімдері.
-
Каталитикалық крекинг. Процестің химизмі, механизмі және негізгі факторлары, алынатын өнімдері.
-
Каталитикалық риформингтің өндірістік процестері, процестің ерекшеліктері. Каталитикалық риформинг реакциясының жылуы.
-
Технологиялық параметрлердің бензиннің сапасына әсері және каталитикалық риформинг процесінің нәтижелері.
-
Гидрокүкіртсіздену және гидрокрекингтің жаңа технологиялық сызбалары, олардың айырмашылығы.
-
Мұнай қалдықтар термокрекингінің негізгі заңдылықтары.
-
Термокрекинг процесінің химизмі, механизмі және негізгі факторлары, алынатын өнімдері.
-
Ауыр мұнай қалдықтарын өңдеу әдістері.
-
Қалдықтарды өңдеудің бейкаталитикалық процестері.
-
Газоконденсатты кен орындарын пайдалану. Гидрокрекинг процесі. Процестің технологиялық сызбасы.
-
Мұнайдағы зиянды қосындылар, олардың өңделетін шикізаттың сапасына әсері.
-
Мұнайдың булану әдістері, оптималды сипаттамалары.
-
Құрастырылған қондырғысындағы висбрекинг секциясының міндеті және негізгі факторлары.
-
Гидрогенизациялық процестерінің катализаторлары.
-
Гидротазалау және гидрокүкіртсізденудің ерекше өзгешеліктері.
-
Мұнай қалдықтардың термототығу өңдеу процесінің міндеті.
-
Мұнайдың жартылай гудронға дейін бір рет буландыратын қондырғысы.
-
Кокстеу процесінің міндеті. Кокстеу процесіне әсер ететін негізгі факторлары.
-
Инелі кокстың алу технологиясы. Газдарды механикалық қосындылардан тазалау әдістері.
-
Қазақстан Республикасындағы органикалық заттардың технологиясының дамуының перспективалары.
-
Қаныққан және қанықпаған газдардың ГФҚ міндеті. МӨЗ қондырғыларын құрастыру.
-
Полимерлену және алкилдеу процестерінің міндеті. Мұнайды өңдеуінің толассыз сызбасы.
-
Мұнай және мұнай өнімдерінің өңдеуінің толассыз сызбасын жасаудың кезеңдері.
-
Мұнайды өңдеудің термиялық процестері және олардың технологиялық ережесі.
-
Парафиндердің және күкірттің мөлшеріне қарай мұнайдың, мұнай өнімдерінің жіктелуі.
-
Мұнайды терең өңдеудің толассыз сызбасы.
-
Майлы вариант бойынша мұнайды өңдеудің толассыз сызбасы. Селективті тазалаудың мәні.
-
Каталитикалық крекинг қондырғысының материалдық балансы.
-
Мұнайды өңдеудің технологиялық сызбалардың варианттары.
-
Мұнайды терең емес өңдеудің толассыз сызбасы. Битумды қондырғы, қондырғының технологиялық ережесі.
-
Тәжіқалы мұнайды терең және терең емес өңдеудің толассыз сызбасы.
-
Октанды және цетанды сандарын анықтау. Дизелді фракцияның карбамидті депарафиндеуі.
-
ЭЛОУТ-АТ қондырғының технологиялық ережесі және оның мұнайды өңдеудің толассыз сызбасындағы ролі.
-
Өс балық мұнайды керосинді фракцияның максималды шығуымен өңдеудің толассыз сызбасы
-
ЛК-6У қондырғысында мұнайды өңдеудің толассыз сызбасы. Толассыз сызбасындағы ВТ қондырғысы.
-
Изомерлену қондырғысының технологиялық ережесі. Толассыз сызбасындағы каталитикалық риформинг қондырғысы.
-
Каталитикалық риформинг қондырғысының материалдық балансы.
-
Мұнайдың химиялық жіктелуі. Мұнайдың фракциялық құрамы.
-
Мұнайдың элементарлық, фракциялық және көмірсутектекті құрамын анықтайтын замануи әдістері.
-
Мұнайдың пайда болуы пайда болуының ғылыми болжамы.
-
Алканды көмірсутектердің химиялық қасиеттері.
-
Майлы фракциялардың құрылымдық-топтық құрамын анықтау. Кешен түзу.
-
Термиялық диффузия. Көмірсутекті қоспалардың зерттеудің замануи химиялық әдістері.
-
Мұнайдың көмірсутектерінің бөлу химиялық әдістері және анализдің химиялық әдістері.
-
Хроматография. Хроматографияның түрлері және негіздері.
-
Бензиндердің топтық көмірсутекті құрамын анықтаудың проблемалары.
-
Арендердің химиялық қасиеттері, оларды анықтау және бөліп алу.
-
Көмірсутектердің физика-химиялық константалары: меншікті рефракция, молекулалық рефракция.
-
Көмірлердің тотығу деструкцияның проблемалары. Араласқан құрамды көмірсутектер (гибридті көмірсутектер).
-
ҚЖК (қатты жанғыш кендердің) құрамына көзқарас.
-
Мұнайды физикалық әдістермен бөлу, айдау және айдаудың түрлері.
-
Мұнайдың ароматикалық көмірсутектектері. Мұнайдың ароматикалық көмірсутектерінің химиялық қасиеттері.
-
Мұнайдың көмірсутектерінің физика-химиялық константалары: тығыздық, молекулалық масса, сыну көрсеткіші.
-
Мұнай фракцияларында арендердің таралуы, олардың мұнай өнімдерінің пайдалану қасиеттеріне әсері.
-
Майлы фракциялардың құрылымдық-топтық құрамын анықтау.
-
Мұнайдың асфальтты-шайырлы заттары, жіктелуі және анықтау әдістері.
-
Көмірсутектердің бөліп алу және анықтау замануи химиялық әдістері. Мұнайдағы нафтенді көмірсутектердің таралуы.
-
Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық балансында қазып алынатын көмірлердің орны және ролі.
-
Қазып алынатын көмірлердің пайда болуы және жалпы сипаттамасы.
-
ТМД негізгі көмір бассейндері, олардың қоры және перспективалары.
-
Көмірлердің сапасының негізгі көрсеткіштері.
-
Қазып алынатын көмірлердің термиялық деструкциясының ұшпа өнімдерінің ұстау жалпы принциптері.
-
Көмірлердің жартыла кокстеуге арналған пештердің негізгі типтері.
-
Тіке айналып тұратын Борзинг-Гейссеннің пештері. Олардың міндеті, ішкі құрылысы және жұмыс істеу принципі.
-
Коксты пештегі жүретін процестер.
-
Қазып алынатын көмірлердің флотациямен байыту.
-
Метаморфиялық қатарында қазып алынатын көмірлердің органикалық массаның құрылысындағы принципиалды айырмашылық.
-
Көмірдің сұйық фазалық гидрогенизациясының технологиялық сызбасы. Оның міндеті және жұмыс істеу принципі. Көмірграфитті материалдардың қасиеттері.
-
Коксты пештердің жылу балансы. Коксты пештердің жіктелуі.
-
Ректификация. Көмірлердің термиялық өңдеудің бу газды өнімдерінің ректификация ерекшеліктері.
-
Қазып алынатын көмірлердің термиялық өңдеуімен алынған шайырлардың жіктелуі.
-
Вакуумда немесе атмосфера қысымында жүретін термиялық өңдеудің шайырын фракциялайтын қондырғының кемшіліктері және артықшылығы.
-
Кокстеу процесінің материалдық балансы. Көмірден жасалатын сұйық және газды отын технологиясының қажеттілігін дәлелдеу.
-
Көмірграфитті материалдардың қасиеттері. Көмірлердің газификациясының ерекшеліктері, кемшіліктері және артықшылығы.
-
Көмір шихтаның жартылай кокстеуге арналған үш фазалық Лурга пеші, оның міндеті, ішкі құрылысы және жұмыс істеу принципі.
-
Көмірлердің өңдеудің химиялық технологиясында қоршаған ортаны қорғау.
-
АТ және АВТ замануи қондырғылары, олардың негізгі аппараттарын жетілдіру.
-
Екінші қайтара айдау, нақты ректификация, азеотропты және экстрактивтік қондырғыларының технологиялық сызбалары. КТ-2 толассыз сызбасы және оның ерекшеліктері.
-
Табиғи және өтпелі газдар. Оларды өңдеуге дайындау және қалдықтарды утилизациялау.
-
Мұнайдың химиялық және көмірсутектік құрылымы. Мұнайдың химиялық және технологиялық сыныптамасы.
-
Отындардың сапасын көтеру туралы сұрақтар.
-
Табиғи және ілеспе газдардың дайындау және өңдеу процестерінің принципиалды технологиялық сызбалары. Процестердің зиян тастаулымдары.
-
Қазақстан экономикасында отындық-энергетикалық кешенінің маңыздылығы.
-
Мұнайды өңдеуге дайындау. Мұнайды тұзсыздандыру және сусыздандыру.
-
Жеңіл фракцияларының шығынымен күрес жүргізу және мұнайды тұрақтандыру.
-
Мұнайөнімдерін гидротазалау катализаторлары.
-
Мұнайдың біріншілік өңдеуі.
-
Бір рет, бірнеше рет және біртіндеп өткізілетін буланумен айдау.
-
Буландырғыш агентпен айдау.
-
Вакуумдық айдау.
-
Азеотропты және экстрактивтік ректификация.
-
Мұнай қалдықтар өңдеу процестердің сыныптамасы.
-
Құбырлы пештер. Сыныптамасы. Температуралық режимі. Жылу балансы.
-
Мұнайды және оның қалдықтарын өңдейтін жаңа комбинирленген жүйелері және қондырғылары.
-
Отындарға және майларға қойылатын негізгі МЕСТ талаптары.
-
Каталитикалық крекинг. Процестің шикізаттары және өнімдері. Крекинг катализаторлары.
-
ҚР мұнайды және газды шығарудың дамуы.
-
Изобутанды олефиндермен каталитикалық алкилдеу. Процестің маңызы және негізгі факторлары.
-
Отындарды өндірудегі экологиялық сұрақтар.
-
Мұнай шикізаттың термиялық айналуының өндірістік процестерінің негізгі факторлары.
-
Термиялық крекинг өнімдерінің жалпы қасиеттері.
-
Қондырғының негізгі көрсеткіштері, артықшылығы және кемшіліктері.
-
Зауыттағы газдарды компоненттерге бөлу технологиясы және оларды пайдалану.
-
Мұнай қалдықтарын өңдеу замануи және перспективтік процестері.
-
Көмірсутектектердің жеңіл нормалды парафиндердің каталитикалық изомерленуі.
-
Гидрокрекингтің негізгі көрсеткіштері мен өнімдері.
-
Деструктивтік процестер. Сыныптамасы.
-
Мұнай шикізаттың деструктивтік өңдеу технологиясының ерекшеліктері.
-
Жылу эффектілері. Айналмаған шикізаттың рециркуляциясы.
-
Каталитикалық риформинг қондырғалылар реакторлы блоктың технологиялық есептеуі.
-
Мұнай өңдеудің және мұнай химияның экологиялық сұрақтары.
-
Мұнай фракцияларын тазалау химиялық әдістері.
-
Сілтімен және күкірт қышқылымен тазалау. Сілтілік және күкіртті тазалаудың қалдықтарын утилизациялау.
-
Паушкин Я.Н., Адельсон С.В., Вилинякова Т.П.
Технология нефтехимического синтеза. М:Химия, 1973, ч.1.- 445 с. ч.2.
-
Лебедев Н.Н. Химия и технология основного органического и нефтехимического синтеза: учебник для вузов 4-е изд. перераб. и доп. – М.:Химия, 1988. –592 с.
-
П.С. Белов. Основы технологии нефтехимического синтеза. 2-е изд. перераб. и доп. – М.:Химия, 1982. - 280 с.
-
Лебедев. Н.Н., Манаков М.Н., Швец В.Ф. Теория технологических процессов основного органического и нефтехимического синтеза. М.:Химия, 1975. – 478 с.
-
Далин М.А. Нефтехимические синтезы. М.:Химия, 1961.
-
Черный И.Р. Производство мономеров и сырья для нефтехимического синтеза. М.:Химия, 1973.-264с.
-
Суербаев Х.А. Введение в нефтехимию Алматы, 2002.-129с.
-
Чернобыльский И.И. и др. Машины и аппараты химических производств. М.: Машиностроение, 1975.- 454 с.
-
Шаповалов Ю.Н., Шеин В.Р. Машины и аппараты общехимического назначения. Воронеж.: Изд. ВГУ, 1981. - 703 с.
-
Канторович З.Ю. Машины и аппараты химической промышленности. М.: Машиностроение, 1965. - 486 с.
-
Поникаров И.И. и др. Машины и аппараты химических производств. М.: Машиностроение, 1987.- 368 с.
-
Генкин А.Э. Оборудование химических заводов. М.: В.Ш, 1986.- 280 с.
-
Хуснутдинов В.А. и др. Оборудование производств неорганических веществ. Л.: Химия, 1987. - 248 с.
-
Соколов В.Н. и др. Машины и аппараты химических производств. Примеры и задачи. Л.: Машиностроение, 1982.- 384 с.
15. Жужиков В.А. Фильтрование. М.: Химия, 1980.- 398 с.
-
Шкоропад Д.Е. Центрифуги для химических производств. М.: Машиностроение, 1978. -246 с.
-
Балабеков О.С., Балтабаев Л.Ш. Очистка газов в химической промышленности. М.: Химия, 1991.- 256 с.
Достарыңызбен бөлісу: |