Сабақ Өзін-өзі тану 10-сынып



Дата13.12.2022
өлшемі2.58 Mb.
#467189
түріСабақ
6164f93811737543912895 2

ІІ тарау Тұлғаның қалыптасуы Сабақтың тақырыбы: ӨНЕГЕЛІ ӨМІР 14-сабақ

Өзін-өзі тану


10-сынып
Мақсат: Оқушыларға «өнеге», «өмір», «үлгілі» ұғымдарын түсіндіру арқылы,
Дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер:қоғамға риясыз қызмет ету, жуапкершілік, шынайылық

Жағымды көңіл күй: «Алма ағашы»


https://youtu.be/kl2mW-pFh-w

Үй тапсырмасын тексеру


Дейл Карнеги Жақсылыққа апарар жол қайда?
Адам өмірінің мән-мағынасы неліктен оның ойынан басталады?
• Мәтіндегі «Біздің өміріміз өзіміздің өмір туралы ойларымыздан туындайды» деген оймен қаншалықты келісесіздер? Неліктен?
• Мәтіндегі «Біз өз проблемамыз туралы мазасызданудың орнына оларды шешу туралы қамдануымыз қажет» деген ойды түсіндіріп беріңіздер.
• Адам ақыл-ойының мәнді-мағыналы өмірге бастайтынын қалай дәлелдер едіңіздер?
• Жақсы ойлаудың жемісін көрген кездеріңізді еске түсіріп, айтып беріңіздер.
• Өзінің жақсы ойы арқылы жоғары көтеріліп, жеңіске жеткен өздеріңіз білетін жандар жайлы әңгімелеп беріңіздер.
Дәйексөз
«Назары әдемінің ой-санасы әдемі, ой-санасы әдемі адам өмірдің рақатын көреді..»
Халық нақылы
- Қандай адамды ой-санасы таза адам деп айта аламыз?
- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?
Оқып, үйренейік
 
«Бәрімізге үлгі болды»
З. Камалиденов
Сұрақтар:
-Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың іс-әрекетін риясыз қызмет етудің үлгісі ретінде қарастыруға бола ма? Неліктен?
-Неге Дінмұхаммед Қонаев бүкіл халыққа үлгі болды?
-Қалай ойлайсыздар, қазіргі заманауи қоғамда адамдарға риясыз қызмет ету қаншалықты өзекті?
-Риясыз қызмет етудің мысалдарын өз өмірлеріңізден сипаттап беріңіздер.
Дінмұхамед Қонаев
Шығармашылық жұмыс
«Нұрлы ақыл» тобы
1-тапсырма
Абайдың «Қаракет қыл, пайдасы көпке тисін» сөзін талдап, өз шешімдерін ұсынады.
https://youtu.be/1SC1Bj8fn-E

«Жылы жүрек» тобы

«Жылы жүрек» тобы

2--тапсырма.

  • Төмендегі берілген сөз тіркестерн пайдаланып, өнегелі өмірдің формуласын жасаңыздар. Сөз тіркестері: дұрыс мақсат, тұқымқуалаушылық, экономикалық ахуал, ішкі сенім, білім мен тәжірибе, мейірімділік, қайырымдылық, ақылдасу, адалдық, әр сәтті дұрыс пайдалану, дұрыс әрекет, кешірімділік, жақсы әдеттер, шектен шықпау, құмарлықтарға шек қоя білу, қиянат жасамау, сабырлылық, табандылық, еңбекқорлық, жасампаздық.


«Ыстық қайрат» тобы
3-тапсырма
Оқулықта берілген 61-беттегі 8-тапсырма.
Мәтінді оқып, ондағы өмірдің мәні мен мағынасы ашылған түйінді сөздер мен сөз қолданыстарын дәптерлеріңізге теріп жазып талқылаңыздар.

№15 сабақ 63-64-беттердегі Ілияс Омаровтың «Жастарға хат» мәтінін оқу


Үй тапсырмасы:

Топпен ән айту

«Бақыт деген» әні

Сөзі Мұқағали Мақатаевтікі

Әні Бақтығали Жұмалиндікі


https://youtube.com/watch?v=Mkj_yAqaC-g&feature=share
Айжан Нұрмағамбетованың орындауында

Бақыт деген

  • Бақыт деген - сенің бала күндерің Бақытсыз-ақ бақытты боп жүргенің, Бақытын да, басқасын да білмеуің Бақытсыз-ақ ойнағаның-күлгенің. Бақыт жайлы менің мынау білгенім. Бақыт деген - бірде шаттық, бірде мұң. Бақытты сол - тәрік етіп түндерін, Бақыт іздеп азаптанса, кімде-кім. Бақыт деген - әркімдерде бір арман, Сол арманның шыққан жері құмардан. Ал сен үшін бақыт деген - дәл қазір, Бақыт жайлы жаза алмаған шығармаң. Бақыт іздеп мал бақ, мейлің, тас қала, Бірақ, балам, мынаны естен тастама: Бақыттысың бақыт іздеп сорласаң, Бақытты боп сорлап жүрсең масқара!


Сабақтың қорытынды сәті
Бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік? Қандай жақсы нәрселерді үйрендік? Өзімізге нені алдық? Сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге сақтап, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап көздеріңізді ашуға болады.
Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге алғыс білдіремін. Назарларыңызға рақмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет