Сабақ «Шаршы,шеңбер,үшбұрыш» Дайындаған: Сейтказина Б. А. 2014-2015 жыл Тақырыбы: «Шаршы,шеңбер,үшбұрыш»



Дата08.07.2016
өлшемі25.49 Kb.
#185062
түріСабақ
Ашық сабақ

«Шаршы,шеңбер,үшбұрыш»

Дайындаған: Сейтказина Б.А.

2014-2015 жыл

Тақырыбы: «Шаршы,шеңбер,үшбұрыш»

Мақсаты: Балалардың ой-өрісін кеңейту,геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажыратып атай білуге,таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші) және санына қарай (бір-көп) салыстыруды үйрету.Қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту.Шыдамдылыққа,қызығушылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: дымбілмес,геометриялық пішіндердің суреттері,жұмбақтар.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап.

Қос тілділік: шеңбер-круг,шаршы-квадрат,ұшбұрыш-треугольник.

Сабақ барысы: кәне,балалар шаттық шеңберіне тұрып қонақтармен амандасайық.

Қайырлы күн,Алтын күн!

Қайырлы күн,Жер-Ана!

Сәлеметсіңдер ме,достары!

Сәлеметсіңдер ме,қонақтар!

«Шешуін тап» ойыны.

Әрі қызыл,әрі тәтті, Көкшіл айна үйдегі

Татқан жанды таңырқатты. (Қарбыз) Көрсетеді киноны. (Теледидар)

Ғажайып сәт: «Дымбілмес»

Есіктен Дымбілмес кіріп,балалармен амандасады. Дымбілмес өзімен бірге қорапқа салынған әр түрлі геометриялық пішіндерді ала келеді. Ол педагогтен және балалардан пішіндерді атап,ажырата білуді үйретуін сұрайды.

Балалар бүгін Дымбілмеске геометриялық пішіндерді атап,ажыратуды үйретейік.

Педагог Дымбілмеске оқу іс-әрекетіне қатысуын ұсынады.



Тапсырма: педагог суретті көрсетеді және жоғарғы жолақа неше шаршы болса, төменгі жолаққа да сонша шаршының суретін жапсыру керектігін айтады (4шаршы).

-Төменгі жолаққа неше шаршы жапсырдыңдар?

Педагог бір-біріне салыстырып көру тәсілі арқылы тапсырманың дұрыс орындалғанын тексеруді ұсынады. Содан соң педагог жоғарғы қатарда неше шеңбер болса,төменгісіне сонша шеңбер жапсыруды тапсырады (2 шеңбер).

-Төменгі жолаққа неше шеңбер жапсырдыңдар?

-Енді олардың саны нешеу болды?

Педагог тапсырманың дұрыс орындалғанын тексеруді ұсынады. Содан соң педагог жоғарғы жолақта неше үшбұрыш болса,төменгісіне сонша үшбұрыш жапсыруды тапсырады (3 үшбұрыш).

-Төменгі жолаққа неше үшбұрыш жапсырдыңдар?

-Сендер оларды қайда қойдыңдар?

-Олар енді нешеу болды?

Педагог балаларға тапсырманың дұрыс орындалғанын айтады.



Сергіту сәті: «Бес саусақ,бес бәшпай».

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Бесті беске қосқанда,

Болып шықты он саусақ.

Оң аяқта бес бәшпай,

Сол аяқта бес башпай.

Бесті беске қосқанда,

Болып шықты он бәшпай.

«Заттар қандай геометриялық пішіндерге ұқсайды» ойыны.

Педагог суреттер көрсетеді. Содан соң балалардан ондағы заттардың атын атап беруді сұрайды.



Әр затты соған сәйкес келетін геометриялық пішінді атауын сұрайды.

Күтілетін нәтиже:

Жасайды: «қанша болса,сонша...», «теңдей» сөздерін пайдалануды.

Түсінеді: заттардың қандай геометриялық пішіндерге ұқсайтынын.

Қолданады: геометриялық пішіндер-шеңбер,үшбұрыш және шаршы туралы түсінікті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет