Бөлімдері: Математика Тақырыбы: Геометриялық үшбұрыш фигурасы. Мақсаты



Дата05.07.2016
өлшемі210.08 Kb.
#179443
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

«Жұлдыз» ІІ сәби тобы


Білім беру саласы: Таным

Бөлімдері: Математика

Тақырыбы: Геометриялық үшбұрыш фигурасы.

Мақсаты: Балаларды үшбұрыш геометриялық фигурасымен таныстыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: үш балапаны бар үйрек бейнеленген сурет, көлемдері бірдей, бірақ түстері әртүрлі шеңбер мен үшбұрыш.

Билингвальды компонент: шеңбер-круг, үшбұрыш - треугольник.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әркеті

Мотивациалық-

қозғаушылық




Ұйымдастыру -

іздестіру


Шаттық шеңбер:

Қане,қане, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Құрсақ енді шеңберді,

Алақанды ұрайық.

Балаларға үйрек қонаққа келіп, сурет әкеледі.

-Үйректер қанша?

-Балапандары қанша?

-Не үлкен?

-Не кішкентай?

Тәрбиеші бәрі қосылып:"Үйрек үлкен, ал баллапандары кішкентай.

Үйрек біреу, ал балапандар көп" деп қайталайды. Үйректер саналады: "Бір, екі,үш. Барлығы үш үйрек". -Мен қазір геометриялық фигураның суретін "саламын", ал сендер мұның қандай фигура екенін тауып көріңдер. Ауада шеңбер "саламын", балалар оны табады.Бұдан кейін балалардан үстелдің үстінен дәл осындай фигураны тауып, оны саусақпен сұлбасы бойынша айналдырып шығып, атын атауды сұраймын. - Шеңбер не істей алады? (Домалай алады.) Міне былай, дөңгелек сияқты.



Балалар шеңберге тұрады.

Суретке мұқият қарап тыңдайды.

Бір үйрек.

Балапандары көп.

Үйрек үлкен.

Балапандар кішкентай.


Домалай алады.

Дөнгелек сияқты.




Сергіту сәті:

Бір, екі, үш деп,

Орнымыздан тұрамыз.

Аққу болып ұшамыз,

Төрт, бес, алты, жеті, сегіз деп,

Қайта келіп қонамыз.

-Балалар үйрек бүгін жаңа геометриялық фигура-ұшбұрыш әкелді.

- Ол неге ұқсайды?

- Бұл ұшбұрыштың түсі қандай?

- Неден жасалған?

Балалардан фигураның атын қайталап айтуды өтінемін.

- Сендердің үстелдеріңнің үстінде түрлі геометриялық фигуралар жатыр. Ұшбұрыштың үсттіііііне шеңберді салыңдар. ( фигураларды салу тәсілін көрсету). Бұл фигуралар бір-бірінен несімен ерекшеленеді?

Мен сияқты, ұшбұрышты қолдарыңа алыңдар, оны саусақпен айналдырып шығайық. Бұл келе жатқан машина деп елестетіп көріңдер. Ол жүріп келеді, жүріп келеді - бұрышқа дейін жетті де, бұрылып, әрі қарай жүріп кетті. Балаларға шеңбер сияқты ұшбұрышты да домалатып көруді ұсынаймын. Ол домалай алмайды, өйткені оған бұрыштары кедергі келтіреді. Балалардан ұшбұрыштың әрбір бұрышына саусақты тигізе отырып қайталайды.

Самсаға,пирамидаға, үйдың шатырына.

Оны картон қағаздан қиып алған.

Олардың түстері мен пішіндері әртүрлі.





Рефлексифтік -

түзетушілік


Балаларды мақтау, мадақтау, қорытындылау.

Балалар сұрақтарға жауап береді.
Күтілетін нәтиже: а) Білу: геометриялық пішіндердің салыстыруға және сипаттауға арналған тапсырмаларын;

ә) Игеру: затты түр-түсіне қарай қалай сипаттау керектігін;

б) Меңгереді: сөйлем құрастыра білу іскерліктерін.

Тәрбиеші: Құдиярова Д.Ш. Әдіскер:


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

«Жұлдыз» ІІ сәби тобы



Күні: 06.11.2014 ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Мусіндеу

Тақырыбы: Ойық тоқаштар.

Мақсаты: Ермексазбен жұмыс істеу машығын дамыту: жұмсарту, "шұжықша" илеу, біріктірілген жерлерін сылау. "Шұжықша" илеу және ұштарын біріктіру жолымен ойық тоқаш мүсіндеуді үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Сары түсті ермексаз, пластик тақтайша. Нағыз ойық тоқаштар.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әркеті

Мотивациалық-

қозғаушылық


Шаттық шеңбер:

Армысың алтын күн,

Армысың Жер- Ана.

Армысың Көк аспан,

Армысың Жан досым.


Балалар шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасап, өлең жолдарын қайталайды.



Ұйымдастыру -

іздестіру


-Ал енді, балалар, бәріміз орнымызға жайғасып отырайық.

Балаларға бір байлақ ойық тоқаштарды көрсетемін де, бұл кішкентай нан екенін айтамын.

-Олар өте дәмді, оларды шаймен тістеп ішеді.Ойық тоқаш не нәрсеге ұқсас?

Оның түсі қаңдай? Ойық тоқаштың ішінде тесік бар, оны саусаққа кигізуге болады.

Балаларға тура сондай ойық тоқашты ермексаздан сомдауға болады.

-Қараңдар, мен сары түсті ермексаздан қандай әдемі тоқаш жасадым. Тек оны жеуге болмайды, жесең-ішің ауырады.

Қараңдар, ойық тоқаш щұжыққа ұқсайды, тек пішіні дөңгелек болып келген.

Орындарына жайғасып отырады.


Мұқият тыңдайды.
Ол дөңгелек және сақинаға, дөңгелекке ұқсайды.




Рефлексифтік-

түзетушілік

Жұмысты орындау тәсілін көрсету

1.Ермексазды қолымызбен мұқият уқалап, жұмсарту керек.

2.Ермексазды алақанның ерсілі-қарсылы қимылдарымен жайып есеміз: алға-артқа, алға-артқа. Ұзын шұжықша пайда болады.

3.Енді шұжықшаны сақина етіп ораймыз.

4. Екі ұшын біріктіріп жабыстырамыз да, қосылған жерін саусағымызбен тегістеп қоямыз, сонда тоқаш әдемі болып шығады.

Қорытыңдылау. Балаларды мақтау, мадақтау.

Балалардың жұмыстарын талдау және көрмеге қою.


Балалар өз бетінше жұмыс істеуі.

Балалар сұрақтарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:

а) Білу: ермексазбен жұмыс істеу: жұмсарту, "шұжықша"

илеу, біріктірілген жерлерін сылау.



ә) Игерді: "шұжықша" илеу және ұштарын біріктіру жолымен ойық тоқаш

мүсіндеуді игерді.



б) Меңгереді: жаңа сөздер.

Тәрбиеші: Құдиярова Д.Ш. Әдіскер:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

«Жұлдыз» ІІ сәби тобы



Күні: 07.11.2014 ж.

Білім беру саласы: Таным

Бөлімдері: Құрастыру

Тақырыбы: Бұрқақ.

Мақсаты: Бұрын игерілген дағдыларды пайдалана отырып, бұрқақ құрастыруды үйрету. Конструкторлық қабілетті, шығармашылығын дамыту.

Құрал – жабдықтары: Конструктор жиынтығы, бұрқақтар бейнеленген суреттер.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әркеті

Мотивациялық-

қозғаушылық


Шаттық шеңбері:

Армысын, алтын күн,

Армысын, көк аспан

Армысын, жер ана

Армысын, жан досым

Жылуыма жылу қос

Міне, менің қолым.


Балалар шеңберге тұрып,тәрбиешімен бірге өлен жолдарын қайталайды.


Ұйымдастыру -

іздестіру


Балаларға қуыршақ келеді. Ол бұқақтар бейнеленген суреттер әкеледі.

-Бұл құрылмалар қалай аталады? - Бұрқақтар не үшін керек? Балалар бұрқақтың өте әдемі құрылма екенін айтады. Ортасы мен бүйір жағында су беретін нүктелері болады. Су қысым арқылы беріледі, бұл судың жоғары шашпи көтерілуіне мүмкіндік туғызады. Бұрқақтан су ағып кетпес үшін, әрбірінің ернеуі болады.

Орындау тәсілін көрсету Кез келген заттан: текшеден немесе қысқа қырынан қойылған жіңішке кірпіштерден, бұрқақтын ортасын көтереміз. Су ағып кетпес үшін, құрылғының ортасын жағалай кірпішті жымдастыра қалап,ернеу саламыз.

-Ал сендер бұрқақ тұрғызғыларың келе ме? Келіңдер көрейік, кімнің бұрқағы ең әдемі болып шығады екен?


Бұрқақтар


Олар ауаны ылғалдандырады және қалаға көрік береді.

Рефлексифтік -

түзетушілік



Балалардың құрастырған жұмыстарын қорытындылау және талдау.

Қуыршақ балаларға бәрің талаптанып тырыстыңдар, сондықтан бұрқақтар өте әдемі болып шықты дейді. Шығармашылықпен жасалған, басқаларға ұқсамайтын құрылмалар ерекше атап өтіледі.





Күтілетін нәтиже:

а) Білу: бұрқақ құрастыруды.

ә) Игеру: қысқа қырынан қойылған жіңішке кірпіштерден, бұрқақтың ортасын көтеру.

б) Меңгереді: құрылыс материалдарымен жұмыс жасауды.

Тәрбиеші: Құдиярова Д.Ш. Әдіскер:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

«Жұлдыз» ІІ сәби тобы



Күні: 07.11.2014 ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімдері: Сурет.

Тақырыб: Сабын көпіршіктері.

Мақсаты: Дөңгелек тұйық пішіндерді салу, бояу түсін ауыстырар алдында қылқаламды мұқият шайып жуа білу дағдысын дамыту.

Құрал – жабдықтары: «Сиқырлы қарындаш пен қылқалам» дәптерінен алынған үлгі және түсті парақ. Сабын көпіршіктерін шығаруға қажет құрал.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әркеті

Мотивациалық-

қозғаушылық



Балаларға қонақа ертегі кейіпкері келеді, ол өзімен бірге сабын көпіршіктерін шығаратын жиынтықты ала келген екен, балаларға сонымен ойнауды ұсынады.

Балалар амандасады.

Ұйымдастыру-

іздестіру


-Балалар сендерге осындай көпіршіктермен ойнаған ұнай ма? Құтыда сабын ерітіндісі бар, сондықтан көпіршіктерді сабынды деп атайды. Сабын көпіршіктері үлкен және кішкентай болады. Тағы олар-түрлі түсті. Қазір мен қайтадан үрлеймін, ал сендер мұқият қарап тұрыңдар- сабында көпіршіктер қандай түске боялған екен. - Сабын көпіршіктерінің түрі қандай? Олар қандай геометриялық фигура?

-Біздің кейіпкерлеріміз көптеген түрлі түсті сабын көпіршіктерін ұшырды.Олар тез жырылып кетпейді, себебі сурет түрінде салынған.



Балалар сұрақтарға жауап береді.

Шеңбер




Сендер сабын көпіршіктерінің қандай түсін салғыларың келеді? Бір түспен сурет салып болғаннан кейін және бояудың басқа түсін алар алдында не істеу керек? Балаларға басқа түсті көпіршік салғылары келсе, тәрбиешіні шақырып алуларына болатынын ескертемін, қылқаламды жууға және жаңа бояуды алуға көмектесемін. Қимылдар ауада қылқалам ұстаған қолмен қайталанады: - Алдымен шығыршықтың суретін саламыз-екі ұшы түйісетіндей етеміз. Сосын шығыршықтың ішкі жағы боялады. Балалардың өз бетінше жұмыс істеу. Жеке-жеке көмек көрсетіледі.

Балалардың жауабы.


Рефлексифтік -

түзетушілік


Балалардың жұмыстарын талдау және көрмеге қою. Біз бүгін нені салуды үйрендік? Сендер сабынды көпіршіктің қандай түстісін салдыңдар?

Барлық жұмыстарға оң баға беремін. Дұрыс орындалған жұмыстарға ерекше көңіл аударамын.





Күтілетін нәтиже:

Біледі: дөңгелек тұйық пішіндерді салу, бояу түсін ауыстырар алдында

қылқаламды мұқият шайып жуа білу.



Игереді: шеңберді фигура пішінін бояуды.

Меңгереді: Гуашь бояулармен және қылқаламмен жұмыс істеу.

Тәрбиеші: Құдиярова. Д.Ш. Әдіскер:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

«Жұлдыз» ІІ сәби тобы



Күні: 7.10.2014ж.

Білім беру саласы:Таным.

Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру.

Тақырыбы: Біздің топтың ойыншықтары.

Мақсаты: Қоршаған орта заттары, олардың сапалары мен қасиеттері туралы түсініктерін жүйелеу және толықтыру.

Бірнеше сенсорлық белгілеріне қарап заттарды ажырата және ортақ қасиеттері бар ойыншықтарды топтастырып, оларды сипаттай білу дағдыларын игерту.

Ойыншықтарды күтіп ұстауға баулу.

Құрал – жабдықтары: ойыншықтар-қуыршақ, қоян, жүк көлігі, аю, машина,

доп.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әркеті

Мотивациалық-

қозғаушылық


-Балалар, біз бүгін ойыншықтар әлеміне қонаққа барамыз. Мына ойыншықтар сөресінде жиналып тұрған ойыншықтарды айтайық.

-Қуыршақ, қоян, жүк көлігі, аю, машина, доп.


Балалар ойыншықтарды атайды.



Ұйымдастыру -

іздестіру


Білімді өзектендіру.

«Сиқырлы сандық» ойыны.

Шарты:сандық ішінен ойыншықтарды бір-бірден шығарып, оларды сипаттайды, олармен қалай ойнайтындарын әңгімелейді.

«Қабырғаны тұрғызамыз» саусаққа арналған жаттығу.

Қабырғаны тұрғызамыз,

Жоғары, жоғары.

Осылайша

Шатырды да саламыз!

-Бұл заттардың бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?

-Ойыншықтарды арнайы мамандар әртүрлі материалдардан жасайды. Мысалы, резеңкеден жасалған ойыншықтар болады. Доп резеңкеден жасалған. Кәне, допты сипап көрейік, ол қандай? Салмағы қандай?

-Сонымен қатар ағаштан жасалған ойыншықтар да бар.

-Сипаттап көрейік, сипап көргенде саусаққа қалай сезіледі?

-Олар резеңкеден жасалған ойыншықтарға қарағанда қатты, соған қарамастан оны күтіп ұстау керек.

Сергіту сәті: «ойыншықтар».

Билингвальды компонент:

Ойыншық-игрушка, қуыршақ-кукла, текшелер- кубики.

Резеңкеден және ағаштан жасалған қуыршақ пен ұшақты сипаттау.

-Балалар, бізге қонаққа тағы бір ойыншық келді.

Бұл ойыншық қалай аталады?

-Қуыршақ ағаштан ба әлде резеңкеден жасалған ба?

-Мына ойыншық қалай аталады?(Ұшақ көрсетіледі).

-Ұшақ неден жасалған?

«Ғажайып қапшық» дидактикалық ойыны.

-Мына ғажайып қапшықта ойыншықтар бар. Қазір ойыншықтарды бір-бірден алып, неден жасалғанын анықтау керек. Сондықтан ойыншықтарды алып ағаштан жасалғандарды ұшақтың қасына, резеңкеден жасалғандарын қуыршақтың қасына орналастыруларың керек.




Мысалы: қуыршақпен қыздар ойнайды. Қуыршақты тербетеді, тамақтандырады, киіндіреді. Машинамен ұлдар ойнайды. Ауада саусақтармен үйдің суретін салады.

Ойыншықтар.


Текшелер.

-Жұмсақ.

-Жеңіл.


-Қатты.

Саусаққа арналған жаттығуды орындайды.


Қайталайды.

-Қуыршақ.

-Резеңкеден.
-Ұшақ.

-Ұшақ ағаштан жасалған.


Ағаштан жасалған ойыншықтарды ұшақтың жанына, резеңкеден жасалған ойыншықтарды қуыршақтың жанына қояды.



Рефлексифтік -

түзетушілік


Ойыншықтар туралы алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы қортындылаймыз

Ойыншықтарды топтастырады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ойыншықтардың қандай материалдардан жасалғанын ажыратуға арналған тапсырмаларды.

Игереді: Ойыншықтар туралы берілген мәліметтерді.

Меңгереді: Таныс ойыншықтарды негізгі белгілеріне қарап анықтай білу дағдыларын.

Тәрбиеші: Құдиярова. Д.Ш. Әдіскер:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

«Жұлдыз» ІІ сәби тобы



Күні: 9.10.2014.

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімдері: Жапсыру

Тақырыбы: Мерекелік жалаушалар.

Мақсаты: Балаларға екі бөлшектен тұратын затты-мерекелік жалаушаны желімдеуді үйрету. Көзбен мөлшерлеуді, қағаз парағы үстінде бағдарлай білуді, қолдың ұсақ бұлшық еттерін дамыту. Геометриялық фигура-шаршаны тани білуді, көгілдір, қызыл,жасыл және қоңыр түстерді ажырата адуды бекіту.

Құрал-жабдықтары:Шаршы пішіндес түрлі түсті жалаушалар. Аппликация жасауға қажет бөлшектер,»Сиқырлы аппликация» дәптерінен түсті парақ. Клейстер, қылқаламдар салынған тұғыр, мата сулық, клеенка.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әркеті

Мотивациалық-

қозғаушылық


Балаларға түрлі түсті жалаушаларды көрсетеді де, балалардан бұл заттардың қалай аталатынын сұраймын

Жалаудың түстері әртүрлі және мөлшерлері де түрліше болуы мүмкін.Балаларға тудың екі бөлшектен: саптан және матадан тұратынын әңгімелеу. Сапқа мата бекітіледі. Туды сабынан қолмен ұстаған ыңғайлы, сабынаң көмегімен туды тұғырға орнатып қоюға болады.


Балалар мемлекеттік туды қарап көреді.



Ұйымдастыру -

іздестіру


Балаларға өз үлгісін көрсету.

Желімделген жалауша да екі бөлшектен тұрады: сабы және матасы бар. Сабы қоныр түсті қағаздың жіңішке жолағы арқылы бейнеленген, ал мата-біздің мемлекеттік туымыздағыдай көгілдір түсті шаршы. Жалауша парақтың ортасына жапсырылған, мата саптың жоғарғы жағына тығыз бекітілген, саптың бос бөлігі төменгі жақта.

-Сендердің табақшаларыңда екі бөлшек жатыр: қоңыр түсті жіңішке жолақ және шаршы.

Жұмысты орындау тәсілін көрсету:

Парақ көлденеңінен орналастырылады.

1.Жалауды парақтың ортасына жазамыз. Әуелі сабын, сосын жанына матаны қоямыз.

2.Сабына желім жағып, жапсырамыз. Желімнің қалдығын сулықпен сүртіп аламыз.

3.Матаны жапсырамыз.

Сергіту сәті


Жалаушаларының түсті қандай болатынын балалардың өздері таңдайды.

Балалардың өз бетінше жұмыс істеуі.


Рефлексифтік -

түзетушілік


Жұмыстардың барлығы да оң бағасын алады. Түстердің атаулары есте бекітіледі.

«жарайсың,Ильхан. Балаларға айтып берші, сенің жалауыңның түсі қандай? Қараңдаршы, ол жалауын қалай біркелкі және мұкият жапсырып қойған. Еркежанің де жалауы әдемі, бірақ матасына желім аз жағылыпты, әне-міне құлағалы тұр. Кел былай желімдейік. Енді ол мығып тұратын болады». Барлық ескерту өте сыпайы түрде жасалады. Жұмыстардың жалпы көрмесі ұйымдастыру.







Күтілетін нәтиже:

Біледі:

Игереді:

Меңгереді:

Тәрбиеші: Құдиярова.Д.Ш. Әдіскер:

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

«Жұлдыз» ІІ сәби тобы



Күні: 01.10.2014.

Білім беру саласы:Әлеуметтік.

Бөлімдері:Экалогия негіздері.

Тақырыбы:Түлкі бізде қонақта.

Мақсаты: 1.Түлкінің тіршілік ортасы туралы түсінік беру.

2. Түлкінің жкабайы жануар екенін мысалдар келтіру арқылы түсіндіріп, балалардың есте сақтау қабылеттерін дамыту.

3. Жанды табиғатты сүюге баулу.

Құрал-жабдықтары: Түлкі мен оның балаларының суреті, сары, қызыл түсті қағаздар, қызыл және сары себеттер.


Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиеші әрекеті

Балалардың іс-әркеті

Мотивациалық-

қозғаушылық


1.Кіріспе бөлім.

-Бүгін сендерге қонаққа бір орман тұрғыны келеді.

Өзі бір қу,

Жүрген жері айғай да шу.

Ол не? (Түлкі)
(Түлкінің сурет


Түлкімен амандасады.

Жұмбақтың жауабын шешеді.

-Жұмбақтың жауабы: түлкі.


Ұйымдастыру -

іздестіру


2.Білімді өзектендіру.

Әңгіме түлкінің суретін көрсетумен басталады.

-Түлкінің түсі қандай? (Қызғылт сары)

Құйрығы қандай?(Ұзын үлпілдек)

Түлкілер орман мен далалы жерде тіршілік етеді. Ол өте сақ жануар. Түлкінің іні (нора) болады. Түлкінің баласы мыршай деп аталады. Түлкі ұсақ кеміргіштер, яғни тышқан сияқты ұсақ жануарлармен қоректенеді. Түлкіні ертегілерде қу деп сипаттайды.
3.В. Емельяновтың әдісі бойынша фонопедиялық жаттығуын өткізу.

Күзгі орманда.

Күзгі орманда жел соғады: гу-гу-гу.

Ағаштар тербеледі: ш-ш-ш.

Жапырақтар түседі: п-п-п.

4.Билингвальды компонент: қызғылт сары-оранжевый,

ұзын-длинный.

5.Үлестірмелі материалдармен жұмыс: «Күзгі жапырақтар» ойыны. Шарты: еденде шашылып жатқан қызыл, сары жапырақтарды себеттерге жинау керек.

6.Жеке жұмыс:екі баланы алдыға шығарып, «Сөйлемді аяқта» ойыны арқылы түлкі туралы алған білімдерін пысықтайды.

-Түлкінің түсі...

-Түлкі орманда...




-Қызғылт сары.


-Құйрығы ұзын үлпілдек жүнді.

-Түлкінің баласы-мыршай.

-Гу-гу-гу.
-Ш-ш-ш

-П-п-п


Қайталайды.

Қызғылт жапырақтарды қызыл себетке, сары жапырықтарды сары себетке жапсырады


Балалар жауап береді.

-Қызғылт сары.

-Тіршілік етеді.




Рефлексифтік -

түзетушілік


Сұрақ-жауап әдісі арқылы алған білімдерін қорытындылайды.

1.Түлкі жайында не білдік?

2.Түлкінің баласы қалай аталады?

3.Түлкі немен қоректенеді?


Сұрақтарға жауап береді.



Педагогпен сабақты қорытындылайды.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: оқу іс-әрекеті барысында түлкінің тіршілік ортасы туралы тапсырманы.

Түсінеді: түлкінің тіршілігі туралы және күзгі табиғат туралы берілген білімді.

Қолданады: сұрақтарға нақты жауап беру және тапсырманы орындай білу сияқты коммуникативтік дағдыларды.

Тәрбиеші: Құдиярова.Д.Ш. Әдіскер:


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет