Сабақ т ың жоспары: Мүсін өнері сабағы бшд 10 жас «Б» тобы Сабақтың уақыты: 22. 02. 2016 ж. 15. 00 -16. 45 Сабақтың тақырыбы: «Сәби бейнесінің миниатюрасы»



Дата27.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#161632
түріСабақ
Ашық сабақ т ың жоспары: Мүсін өнері сабағы

БШД 10 жас «Б» тобы

Сабақтың уақыты: 22.02.2016 ж. 15 .00 –16.45

Сабақтың тақырыбы: «Сәби бейнесінің миниатюрасы»

Сабақтың мақсаты:

білімділік: оқушыларға «миниатюра» туралы

түсінік беру; оны мүсін өнері әдісімен жасау,

орындау кезеңдерімен таныстыру және

үйрету;

дамытушылық: шынайы сәби бейнесінің ұқсастығын көре

отырып, бет бөліктерінің (көз, мұрын, ерін)

салыстырмалы көлемін жеткізе білу

дағдыларын дамыту; қолдың, саусақтардың

ұсақ қозғалыстарын, пластикасын, икемділігін

дамыту.

тәрбиелік: балаларды отбасы құндылықтарын, туыстық

қарым-қатыстарды бағалауға, достық қарым-

қатынастарға, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа

тәрбиелеу, сұлулыққа баулу.

Сабақтың міндеттері: оқушылардың шығармашылық ой-

қабілеттерін арттыру, эстетикалық

тәрбие беру; жұмыс барысында

оқушыларды кезеңмен жұмыс істеуге,

жұмысты соңына дейін жеткізуге үйрету.

Сабақтың қажетті құрал –жабдықтары:

а) мұғалімге:

оқушылардың үздік орындаған жұмыс үлгілері, тақырыпқа сәйкес суреттер, сәбидің және бесіктің жасалу әдісін слайдпен көрсетілуі. Қойылған қуыршақ, бесік, бесік арба.

Жұмбақтар, сөзжұмбақ шешу, «Әй-әй бөпем» әуенін тыңдауға қосу.

ә) оқушыларға: түрлі-түсті ермексаз, стектер, тақтайша, ылғал қол сүрткіш, тістазартқыш, қосымша материал: (ұсақ моншақтар, шырпының қорапшасы және т.б.)

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Аралас, түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың әдіс-тәсілі: оқушылармен жалпы және жеке жұмыс

Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру бөлімі -2-3 мин.

2. Жаңа сабақты түсіндіру, мақсаты мен

міндеттірін түсіндіру:

а) кіріспе сөз

ә) сәби туралы сұрақ-жауап арқылы әңгіме

б) тапсырманы орындау кезеңдерін слайдтар

көмегімен түсіндіру – 22 мин.

3. Тәжірибелік жұмыс -20 мин.

4. Сергіту сәті (ойын ойнау) – 5 мин.

5. Тәжірибелік жұмысты жетілдіру,

аяқтау- 30 мин.

6. Қорытынды жасау, бағалау -15 мин.



Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңін өткізу. Оқушылармен амандасу, бүгінгі сабақ барысына құрал-жабдықтарды дайындау, оқушыларды орналастыру.

2. Жаңа сабақты түсіндіру. Кіріспе сөз.

- Балалар, бүгінгі мүсін өнері сабағымыздың тақырыбы «Сәби бейнесінің минатюрасы». Сабағымыздың мақсаты «миниатюра» туралы түсінікті ұғыну; оны мүсін өнері әдісімен жасаудың

орындау кезеңдерімен танысу және үйрену.

Осы сабағымызды біз Отанымыздың- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаймыз. Биылғы жыл Елбасымыздың ұсынысымен осы мерейтойымызға арналады. Бұл өткен жылғы Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының жалғасы болып келеді. Себебі Тәуелсіздігіміздің баяндылығы халықтар достығының, бірлігінің нәтижесі.

Елімізді мекендейтін әртүрлі халықтар бейбіт өмір сүріп, еңбек етіп, отбасылармен қызықты өмір сүріп жатыр. Елеулі қызықтардың бірі өмірге келген сәби.

Дүниеге келген сәбиге ата-аналары қамқорлық жасайды, себебі ол кішкентай, оған көңіл аударады.

А) Отбасы құндылықтарын айта аласыз ба? (Бір-бірін сыйлау, көмек көрсету, қамқорлық жасау, тату болу, туыстарды бағалау және т.с.с.)

Ә) Сәбиге қандай қамқорлық жасайды? Кім айтады? (жуындырады, киіндіреді, тамақ береді, ойнатады...).

Б) Жарайсыңдар. Ал енді қыз балаға қандай киім үлгісін таңдайды? (қызыл түсті, ашық қызыл).

В) Ер балаға қандай түсті киім кигізеді? (көк, қоңыр).

Г) Қыз балаға және ер балаға бірдей қандай түсті киім кигізеді? (ақ, сары, жасыл).

Балалар, енді жұмбақты шешейік:

Сәбиге сәнді үй

Анаға ән-күй (Бесік)

Адамның сәні

Онсыз жоқ мәні (Киім)

Кәне, балалар, кімнің үйінде кішкентай бөпелері бар? (жауап)

Кім анасына көмектеседі? (жауап)

Кішкентай сәбилер қайда жатады? (арбада, бесікте, керуетте).

Сабақтың міндеттерін қысқаша түсіндіру.

Жарайсыңдар. Балалар, біз бүгін мүсін өнері сабағында тақырып бойынша сәби бейнесінің миниатюрасын ермексаздан жасаймыз. «Миниатюра» деген сөз ол «кішкентай» деген ұғымды білдіреді. Сіздер алып келген қосымша шырпы қорапшасынан арба немесе бесік бейнесін жасап, сәбиді сонда орналастырамыз. Шынайы сәби бейнесінің ұқсастығын көре отырып, бет бөліктерінің (көз, мұрын, ерін) салыстырмалы көлемін жеткізе білу дағдыларыңызды дамытуларың қажет; қолдың, саусақтардың ұсақ қозғалыстарын, пластикасын, икемділігін де дамытамыз.

Балалар, сәби бейнесінің миниатюрасын жасаудың кезеңдерін және бесіктің жасалу кезеңдерін слайд арқылы қарайық. Мұқият тыңдаңыздар, себебі кішкентай көлемде орындалатын болғандықтан, қолмен көрсеткеннен гөрі, слайд көмегімен көргендеріңіз түсінікті әрі жақсы.

(Мұғалім слайдта орындау кезеңдерін көрсетіп, түсіндіру жүргізеді).



dsc07978 dsc07979 dsc07980 dsc07981 dsc07983

Сәбидің жасалу кезеңдері



dsc07984 dsc07985 dsc07986 dsc07988 c:\users\asus asus\desktop\бесіктің үлгісі\нәрестенің минатюра үлгісі\dsc07989.jpg

c:\users\asus asus\desktop\бесіктің үлгісі\нәрестенің минатюра үлгісі\dsc07990.jpg c:\users\asus asus\desktop\бесіктің үлгісі\нәрестенің минатюра үлгісі\dsc07992.jpg c:\users\asus asus\desktop\бесіктің үлгісі\нәрестенің минатюра үлгісі\dsc08003.jpg c:\users\asus asus\desktop\бесіктің үлгісі\нәрестенің минатюра үлгісі\dsc07996.jpg c:\users\asus asus\desktop\бесіктің үлгісі\нәрестенің минатюра үлгісі\dsc08002.jpg

Бесіктің жасалу кезеңдері:



c:\users\asus asus\desktop\бесіктің үлгісі\20160206_155504-1.jpg c:\users\asus asus\desktop\бесіктің үлгісі\20160206_155809-1.jpg c:\users\asus asus\desktop\бесіктің үлгісі\20160206_155524.jpg c:\users\asus asus\desktop\бесіктің үлгісі\20160206_155644.jpg c:\users\asus asus\desktop\бесіктің үлгісі\20160206_155921-1.jpg

c:\users\asus asus\desktop\бесіктің үлгісі\20160206_160100-1.jpg c:\users\asus asus\desktop\бесіктің үлгісі\20160206_160244-1.jpg c:\users\asus asus\desktop\бесіктің үлгісі\20160206_161312-1.jpg c:\users\asus asus\desktop\бесіктің үлгісі\20160206_161409-1.jpg c:\users\asus asus\desktop\бесіктің үлгісі\20160206_161657-1.jpg

c:\users\asus asus\desktop\интернет суреттери\414166.jpeg c:\users\asus asus\desktop\бесіктің үлгісі\14128133799159.jpg c:\users\asus asus\desktop\бесіктің үлгісі\besik-naturalnoe-derevo-ala.jpg c:\users\asus asus\desktop\бесіктің үлгісі\gallery_2122_146_1873928.jpg

3. Тәжирибелік жұмыс.

Сұрақтарыңыз бар ма? Балалар, бәрі түсінікті болса, сабаққа қажетті материалдарыңыз дайын. Жұмысты бірінші сәби бейнесінен бастаймыз, содан кейін бесікті немесе арбаны (таңдау бойынша) жасаймыз. Ең басты талап – жұмысты ұқыпты, тиянақты, соңына дейін аяқтап орындаймыз.

Балалар, айтыңдаршы, ермексазбен жұмыс жасағанда қандай қауіпсіздік техникасының ережесін сақтауымыз керек? (Қолды жұмыс кезінде ауызға салуға болмайды, стектермен ойнауға болмайды. Ермексазбен жұмыс істеп болған соң қолдарымызды жақсылап сабынмен жуу керек).

Балалар, енді жұмысты бастар алдында бейнелеу өнеріне қатысты сөзжұмбақты шешіп, кішкене серігейік.

Міне, біздің сөзжұмбағымыз.




  1. Суретті оқушылар қайда салады? (Қағаз)

  2. Сумен жағатын бояу қалай аталады? (Акварель)

  3. Мүсін өнері сабағында қолданатын негізгі материал қандай? (Ермексаз)

  4. Суретшінің қолданатын ең негізгі құралы. (Қарындаш)

  5. Акварель бояуын қағаз бетіне жағатын құрал (Қылқалам)

  6. Адамның бейнесі қалай аталады? (Сымбат)

  7. Заттардан қойылған қойылым қалай аталады? (Натюрморт)

  8. Қылқаламмен жағатын бояу қалай аталады? (Гуашь)

  9. Сурет салуға қойылатын зат қалай аталады? (Натура)


Қ А Ғ А З

2. А К В А Р Е Л Ь

3. Е Р М Е К С А З

4. Қ А Р Ы Н Д А Ш

5. Қ Ы Л Қ А Л А М

6. С Ы М Б А Т

7. Н А Т Ю Р М О Р Т

8. Г У А Ш Ь

9. Н А Т У Р А

Мұқият қарасаңдар, жұмбақ сөз шықты. Қанеки, қандай сөз? (ҚАЗАҚСТАН). Өте жақсы, жарайсыңдар, білімдеріңізді көрсеттіңдер.

Балалар, енді жұмысымызды бастайық.

Естеріңізге салайын- бірінші сәбидің бейнесін жасаймыз. Солай ма? Содан кейін бесік немесе арбаны орындаймыз. (Сәби бейнесінің жасалу кезеңдері оқушылар назарына қайта қосылады).

Осы жұмыс сізден табандылықты, шыдамдылықты талап етеді, сондықтан сендерге жұмыс жасау көңілді болу үшін

«Әлди-әлди, бөпем» әуенін тыңдап отыруға қосайын.

(Тәжірибелік жұмыс кезінде мұғаліммен жеке жұмыс жүргізіледі (кеңес беру, қатесін түзеттіру, әр оқушыға көңіл аудару).


  1. Сергіту сәті. (Балалармен ойын ойнау).

  2. Тәжірибелік жұмыстың жалғасы –жетілдіру, аяқтау.

(Оқушылармен сәби бейцнесіне ат қою, қысқаша әңгімелеу, балалардың жұмыстарынан шағын көрме ұйымдастыру)

c:\users\asus asus\desktop\практика балалардың жұмыстары\20160205_113421.jpg c:\users\asus asus\desktop\практика балалардың жұмыстары\20160205_113637.jpg

  1. Қорытынды жасау, бағалау. Оқушылардың бүгінгі сабақта алған теориялық білімдері сұрақ-жауап арқылы анықталады, қорытынды жасалады.

  • Балалар, «миниатюра» деген сөз нені білдіреді?

  • Миниатюра жасау сізден нені талап етті?

  • Қандай отбасы құндылықтарын айта аласыз?

(Оқушылар бүгінгі жұмыстарына қарай бағаланады, көрменің және жұмыстардың қорытындысы жасалады).

Келесі сабақтың қажетті материалдары жазылады. Қоштасу.



МҮСІН ӨНЕРІ САБАҒЫНАН

«СӘБИ БЕЙНЕСІНІҢ МИНИАТЮРАСЫ»

ТАҚЫРЫБЫНА АШЫҚ САБАҚ

(Бүлдіршіндердің Шығармашылық Дамуы

10 жас тобы)

c:\users\asus asus\desktop\практика балалардың жұмыстары\20160205_113637.jpg

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет