Сабақ тақырыбы: §41. Көз- оптикалық жүйе ретінде, көру кемшіліктері және оларды түзетудің тәсілдері



Дата23.07.2023
өлшемі30.71 Kb.
#475795
түріСабақ
Өтеген Ару қмж





Пән: Физика Мектеп: «Республикалық физика – информатика мектебі»


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Мұғалімнің аты-жөні: Өтеген Аружан Алмасқызы
8.4 А Жарық құбылыстары


Күні:2023.04.27 Қатысушылар саны: Қатыспағандар:
Сынып: 8 «С»

Сабақ тақырыбы:

§41.Көз- оптикалық жүйе ретінде, көру кемшіліктері және оларды түзетудің тәсілдері.
§42.Оптикалық аспаптар.

Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты
(оқу жоспарына сілтеме)

8.5.1.15 – көздің алыстан көргіштігі мен жақыннан көргіштігін түзетуді сипаттау

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар істей алады:

  • Көздің жақыннан көргіштігін және алыстан көргіштігін түзету жолдарын берілген сурет арқылы ұсыну;

  • Оптикалық құралдардың құрылысын білу.

Көптеген оқушылар істей алады:

  • Көздің құрылысы мен линзаны байланыстыра отырып көздің оптикалық жүйесінің үш типін жіктеу;

  • Кескіндер алуда жарықтың таралу және шағылу заңын пайдалану.

Кейбір оқушылар істей алады:

  • Сапалық есептер бойынша көздің ақауын салыстыру, қажет линзаның түрін біріктіру;

  • Қажетті кескіндерді алу үшін жазық айналарды перископта орналастыруды,құрастыру арқылы көз жеткізу.




Бағалау критерийі (жетістік критерийлері, табыс критерийлері, күтілетін нәтиже)



  • көздің көру кемшіліктерін анықтай алады;

  • көздің алыстан көргіштігі мен жақыннан көргіштігін түзетуді сипаттайды;

  • көздің көру кемшіліктерін түзету мақсатында өз тұжырымдарын

  • көрсетеді;

  • оптикалық құралдардың құрылысын біледі;

  • кескіндер алуда жарықтың таралу және шағылу заңын пайдалана алады;

  • қажетті кескіндерді алу үшін жазық айналарды перископта орналастырады,құрастыра алады.

Тілдік мақсаттар

Оқытудың тілдік мақсаты:
1. Көз-оптикалық жүйе тақырыбын түсіндіреді
2. Оқушылар берілген мәтінді оқиды
3. Әртүрлі мақсаттағы тапсырмаларды орындайды
4. Оптикалық аспаптарға ауызша анықтама береді терминға телескоп ,микроскоп,лупа, проекциялық аппарат,фотоаппарат,Обскура камерасы ,перископ.
Пәндік лексика және терминология:

көру бұрышы, көз бұршағы, сау көз.

  • телескоп ,микроскоп,лупа, проекциялық аппарат,фотоаппарат,

Обскура камерасы ,перископ.

Алдыңғы оқу

Линзалар, линзаның оптикалық күшi, жұқа линзаның формуласы. Линзаның көмегімен кескiн алу

Алматы қаласы,Бостандық ауданы
КеАҚ «Республикалық физика-
математика мектебінен»
Педагогикалық практикадан өтуші
4-курс студент-практиканты
Өтеген Аружанға
Мінездеме

Абай атынданы Қаз ҰПУ «Физика-информатика» мамандығынын 4-курс студенті Өтеген Аружан Алмасқызы 2023 ж. 6 наурыз -2023 ж. 28-


сәуір аралығында Алматы қаласының КеАҚ «Республикалық физика-математика мектебінде» педагогикалық практикадан өтті.
«Студенттердің педагогикалық практикасының бағдарламасы»
бойынша Аружан Алмасқызы 8 «C» сыныбына сынып жетекші ретінде бекітілді.Сынып жетекшісінің көмегімен мектептегі, сыныптағы тәрбие жұмыстарымен танысып, осы бағытта тиісті әдістемелік көмек алды; сынып жетекшісінің озық педагогикалық тәжірибесімен жан-жақты танысып,сынып оқушыларын тәрбиелеу әдістері мен тәсілдеріне сипаттама беріп талдау жасады.Аружан Алмасқызы 8 «C» сыныбымен тез тіл табыса отырып,оқушылармен түрлі жұмыстар жүргізді. Физика пәнінен сабақ беру барысында интерактивті тақтаны,эксперименттік құралдарды, көрнекіліктерді дұрыс,ұтымды пайдалана біледі.Физика пәнінен ашық сабақты 8 «С»сыныбына «Линзалар.Линзаның оптикалық күші.Жұқа линзаның формуласы.Линзаның көмегімен кескін салу» тақырыбына өткізді. Жаңартылган білім бағдарламасы бойынша, әдіс-тәсілдерді, дидактикалық материалдарды дұрыс қолдана білді. Сабақ барысында оқушылармен байланыс орната білді.Сабақ жүргізуде, сабақ түсіндіруде оқушыларды өзін тыңдаттыра алды ,қызығушылығын оята білді.Аружан мінезі ашық,ұйымдастырушылық қабілеті бар,өз жұмысына жауапкершілікпен қарайды.Сабақ барысында оның білімділігі,шеберлігі және балаларды өзіне бейімдей алу қабілетіне ие екенін дәлелдеді.
Аружан Алмасқызы физика пәні ретінде де,сынып жетекші ретінде де өзінің әдістемелік,педагогикалық жұмыстарға дайын екенін көрсете білді.
Педагогикалық практикасын « »деп бағалаймын.


Тәлімгер: Туякбаев С.Т
Сынып жетекшісі: Бұлақбаева И.М
Мектеп директоры: Кунгожин A.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет