8-сынып
Сабақ тақырыбы: Қанайналым және жүрек.
Сабақ мақсаты: оқушыларға жүрек, қантамырлар жөнінде түсінік бере отырып, өз бетінше білімдерін тереңдетіп, қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: «Қанайналым және жүрек» таблицасы.
Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс.
Сабақтың барысы: Оқушыларды топтарға бөліп отырғыздым. Өткен тақрыпытарды ауызша сұрақтар арқылы пысықтау.
А) 1. Организмнің ішкі ортасы неден түзілген?
2. Ұлпа сұйықтығы деген не?
3. Қан неден тұрады?
4. Қан қандай қызмет атқарады?
5. Лимфа дегеніміз не?
6. Гомеостаз деген не?
Ә) Жазбаша білімін тексеру (интерактивті тақтада слайд арқылы көрсету)
Барлық қанның 55-60% -ын құрайтын түссіз, сұйықтық. ____________
Эритроцитте қанға қызыл түс беретін _________ болады.
Эритроцитте тіршілік ұзақтығы ________ күн.
Жауабы: 1. Қан плазмасы. 2. Гемоглабин. 3. 120
Мағынаны ажырату.
Үш топқа жаңа тақырып негізінде 3 түрлі мәтін таратылады.
1 топ – жүректің құрылысы.
2 топ - жүрек-қантамырлар жүйесі.
3 топ – қанайналым.
Топ мүшелері берілген мәтінді алдымен оқиды, одан кейін топпен талдайды. Белгіленген уақыттан кейін әр топ басшысы мәтіннің мазмұнын айтады.
Қорытынды: Биологиялық диктант.
... ... деп, жүрекше мен қарынша аралығында арнайы ашылып-жабылып тұратын бөлімді айтады.
Ең үлкен артерия тамыры – қолқа деп аталады. Ол жүректің ... ... ... басталады.
... – қан мүшелер мен ұлпалардан жүрекке ағатын едәуір ірі тамырлар.
Жауаптары: 1. Жақтаулы қақпақша; 2. Сол жақ қарыншадан; 3. Веналар
Мұғалімнің сабақты қорытындылауы. Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: §33 оқуға, §34-пен жұмыс: сұрақтаына жауап беру.
Достарыңызбен бөлісу: |