Сабақ тақырыбы Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу



бет1/4
Дата06.10.2024
өлшемі413.68 Kb.
#504370
түріСабақ
  1   2   3   4
15. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу. Нұсқа 1.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6.4С Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері

Мектеп: Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Есетова Жанат

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.19
теңдеулер жүйелерін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешу.

Сабақ
мақсаттары

Оқушылар:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің анықтамасын білу;

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешуді үйрену.

Бағалау
критерийлері

Оқушылар:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің анықтамасын біледі;

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шығаруда таңдалған тәсілді негіздейді;

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешіміне түсінік береді;

  • теңдеулер жүйесін шешудің тиімді тәсілін таңдауын дәйектейді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • екі айнымалысы бар теңдеу;

  • теңдеулер жүйесі;

  • жүйенің шешімі;

  • алмастыру тәсілі;

  • мәндес жүйелер;

  • шексіз көп шешімі бар;

  • бос шешім;

  • теңдеулер жүйесінің шешімі;

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу ...;

  • теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері...

  • екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесі ...;

  • бір теңдеуден ... өрнектеп аламыз;

  • жүйенің екінші теңдеуіне ... қоямыз;

  • екінші айнымалының сәйкес мәнін анықтаймыз;

  • «х - , у - ... болсын»;

  • айнымалылар мәндері екі теңдеуді де қанағаттандыратындықтан, ... құрамыз және шығарамыз;

  • жүйені шешіп, есептің жауабын келтіреміз.

Құндылықтарды
дарыту

Сенімді қарым-қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір-бірінің пікірлерін құрметтеу, тыңдау, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен және бірлесіп оқу арқылы білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет