Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6.4С Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері
|
Мектеп: Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Есетова Жанат
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.2.2.19
теңдеулер жүйелерін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешу.
|
Сабақ
мақсаттары
|
Оқушылар:
екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің анықтамасын білу;
екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешуді үйрену.
|
Бағалау
критерийлері
|
Оқушылар:
екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің анықтамасын біледі;
екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешеді.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шығаруда таңдалған тәсілді негіздейді;
екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешіміне түсінік береді;
теңдеулер жүйесін шешудің тиімді тәсілін таңдауын дәйектейді.
Пәнге тән лексика мен терминология:
екі айнымалысы бар теңдеу;
теңдеулер жүйесі;
жүйенің шешімі;
алмастыру тәсілі;
мәндес жүйелер;
шексіз көп шешімі бар;
бос шешім;
теңдеулер жүйесінің шешімі;
екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі.
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу ...;
теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері...
екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесі ...;
бір теңдеуден ... өрнектеп аламыз;
жүйенің екінші теңдеуіне ... қоямыз;
екінші айнымалының сәйкес мәнін анықтаймыз;
«х - … , у - ... болсын»;
айнымалылар мәндері екі теңдеуді де қанағаттандыратындықтан, ... құрамыз және шығарамыз;
жүйені шешіп, есептің жауабын келтіреміз.
|
Құндылықтарды
дарыту
|
Сенімді қарым-қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір-бірінің пікірлерін құрметтеу, тыңдау, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен және бірлесіп оқу арқылы білім алуына қажетті дағдыларды қалыптастыру.
|
|