Практикалық сабақ тақырыбы:
Экологиялық мониторинг. Мониторинг терминіне анықтама беру.
Мониторинг арнайы түрлері және оны ұйымдастыру жолдары.
Экологиялық мониторинг - бұл экологиялық, жүйелердегі (биогеоценоздардағы)
және табиғи кешендердегі өзгерістерді зерттеу, сондай-ақ су, жер және
өсімдік ресурстарының қозғалысын айқындау. Табиғи кешендер,
биогеоценоздар, биосфераны құрастыратын жеке құрамбөліктердің бұзылу
дәрежесі олардың өзгерістерді есептеуге болатын қозғалысы бойынша
бұзылмаған экожүйелердің бірқатар белгілерін және сипаттарын салыстыру
жолымен анықтайды. Биогеоценоздың биологиялық өнімділігі, белгілі уақыт
аралығындағы құрлық немесе су аудандарының бірлігі аса маңызды көрсеткіш
болып табылады. Қоршаған ортаға адамның антропогендік өзара әсерінің
дәрежесі туралы жер құнарлылығының, тұщы су қоры мен сапасының төмендеуі,
тұрғылықты жердің шөлге немесе батпақты жерге айналуы, минералдық ресурстар
қорының төмендеуі бойынша пікір айтуға болады. Табиғи құрамбөліктердің
сипаты мен бұзылу шамасы туралы пікір айтуға болады. Олар қорғалатын,
қорыққа айналған аумақтармен, үлгі өлшем (эталон) деп аталатын тұрақты
тәжірибелік үлескілермен байланыстырылып, жануарлар қылығымен (олардың
жылыстауы, тағамдық байланысының өзгеруі және т. б.) теңдестіру немесе
салыстыру жолымен жүзеге асырылады.
Биосфералық мониторинг
Биосфералық мониторинг табиғаттағы жаһандық өзгерістерді
(радиация дәрежесі, атмосферада көмірқышқыл газының,озонның,жылудың болуы
және оны шаң басу дәрежесі, мұхит және Жер ауалы қабағы арасындағы газ
айналымы, құстар,сүтқоректілер, балықтар және бунақденелілердің әлемдік
жылыстауы, ғаламшардағы ауа райы - климаттық өзгерістері) анықтауға
мүмкіндік берді. Биосфералық мониторингтің басты әдісі әр алуан жер
серіктерінің жәрдемімен биосфера күйін бақылау болып табылады. Олар озои
қабатының, радиациялық аясының, жер температурасы тәртібінің жағдайларын
тұрақты бақылау жасауға мүмкіндік береді.
Ғарыштан бақылау жасау
Ғарыштан бақылау жасау (мониторинг) жанартаулардың атқылауы, су тасқыны,
қуаңшылық, орман және даладағы ірі өрттер, үлкси кеңістіктердегі өсімдік
жабындарына, бунақденелілерге, мысалы, шегіртке немесе
басқа зиянкестердің үлкен зиян келтіруі тәізді ірі табиғи құбылыстарды
бақылауға мүмкіндік береді. Мұндай құбылыстар туралы ақпараттар шынайы
уақыт тәртібінде түсетіндіктен, елдер үкіметі мен халықаралық экологиялық
ұйымдар осы құбылыстардың келеңсіз салдарларын жою немесе бәсеңтуге тез
және тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Ғарыштық мониторингтен
басқа аспаптық мониторинг өткізіледі. Бұғап әр түрлі ұшу құралдары
(ұшақтар, тікұшақтар), автомашиналар, тіпті жаяу экспедициялық бағдар да
пайдалануы мүмкін. Бұдан басқа атмосфера, гидросфера және литосфера
жағдайына тұрақты бақылау өткізетін стансалардың кең торабы болады. Алынған
ақпараттар барлығы жергілікті, аудандық, облыстық және республикалық
арнаулы экологиялық мекемелерге жиналады. Жаһандық мониторинг торабының
құрылуы арқасында табиғат қорғау шараларын тиімдірек өткізуге мүмкін
болады.[
Мониторинг түрлері – фондық мониторинг: көп мезгілді және қысқа мезгілді; мониторинг тенденциялары мен нысандары; геожүйелік мониторинг – геоэкологиялық немесе табиғи – шарушылық, биоэкологиялық – санитарлық – гигиеналық; биосфералық – глобальды. Мониторинг жіктелуі. Климаттық мониторинг. Ластауының алыс ауысуының мониторингі. Мониторингтің жалпыланған схемасы: экологиялық мониторинг биосфералық мониторингтің жүйешігі, бәрақ геофизикалық мониторингпен бірге. Интегралдық көрсеткіштердің өзгеруі, сипаттамалардың жалпы сипаты. Климаттық мониторинг – геофизикалық мониторингтің бөлімң. Климаттың өзгеру тенденциясын және атмосфералық құбылыстардың негізгі метеорологиялық көрсеткіштердің өзгеруі. Әлемдік гляциологиялық ақпарат торы және атмосфераның фондық ластану торы. Алыстанған нысандарға ластаушы көздерден ластаушы заттардың және ауа массаларын жылжуын талдау (Европа мониторинг бағдарламасы, басқа мемлекеттердің мониторинг торы).
Дистанциондық зондылаудың технологиялары мен әдістері. Космос ақпаратқа қойлатын шарлар, жердің зондылау космос жүйесі. Спутник бақылауының авиациялық тәсілдері. Ландшафт-көрсеткіш әдістер. Дешифрирования ерекшілері. Ғылыми – зерттеу полигондар. Космос ақпараттың өңдеу және қабылдау жер жүйелері. Сканер және оптико-электронды жүйелермен зондылау – пасивтік микротолқындар, радиолокациондық активтік зондылау. Атмосферадағы газдық ластаушылардың дистанциондық бақылау. Радиоактивтік, антропогендік, табиғи аэрозольдарды зондылау.Жер бақылау әдістері. Жер суреттеу, тест-полигон әдістері, стационарлық бақылау әдістері – ландшафт – геофизикалық, бақылау станциялар. Техникалық қамтамасыз ету мүмкіндігі – техникалық тәсілдердің автоматталған сынақ алу үшін, лабораториялық жұмыстар стационарлық және жүргізілу лабораториясы ақпаратты беру жинау жүйесі. Өндеу мәлеметтік әдісі және олардың унификациясы.
Қоршаған ортаның аумақ және локальдық мониторингі. Қоршаған ортаның сапасының баға критериялары. Табиғи ортаның жағдайын бақылау қызметінің жалпы мемлекеттік жүйешіктері: ластану көздерінің мониторингі, атмосфералық ауаның ластануының мониторингі; құрлық суларының ластану мониторингі; трансшекаралық өзендердің және атмосфераның ластануын тоқтату туралы халықаралық конвенцияларындағы Қазақстанның болуы; фондық мониторинг; стратосфера жағдайының мониторингі.
Достарыңызбен бөлісу: |