- Орындаған: 11 «Б» сынып Абдулла Айгул және Жанаева Аяулым
- Қабылдаған: Мусаева Мейрамкул
Жер – Күн жүйесіндегі планеталардың бірі. Ол 149 600 000 км қашықтықта шеңбер дерлік орбитамен Күнді айнала қозғалады. Жердің Күнді толық бір айналып шығуына кететін уақыт жыл деп, ал оның өз осінен толық бір айналып шығуына кететін уақыт тәулік деп аталады. Бір жылда шамамен 365 ¼ тәулік бар. Жер шарының көлденеңі (диаметрі) 12 756 км, ал оның экватор шеңберінің ұзындығы шамамен 40 000 км- ге жуық. Жер шарының болжалды осі өтетін нүктелерін полюс деп атайды. Жер шары полюс бағыттары бойынша сығылыңқы, сопақтау болып келеді. Жер осі өзінің орбита жазықтығына 66 градус бұрышпен көлбей орналасқан. Осінің осындай көлбей орналасуына байланысты, Жердің Күнді айналуы кезінде, Жер бетіне күн сәулесі әр жағдайда түседі. Сондықтан да Жер бетінде жыл мезгілдері – көктемнен кейін жаз, одан кейін күз және қыс болып ауысып отырады. Жердегі барлық тірі организмдер Жердің биосферасын, яғни «тіршілік» қабығын түзеді. Қазіргі биосфера қабығы миллиардтаған жылдарға созылған ұзақ даму процесі – эволюцияның нәтижесінде қалыптасты. Биосфера адам өмірінде зор роль атқарады. Өсімдіктер атмосфераны оттекпен байытады әрі ол жануарлармен бірге адамның азық – түлігі ролін атқарады. Адам табиғат байлығын ақылдылықпен орынды пайдалануы тиіс. Бұл – адамның табиғатты алғандарының орнын толтыру, олардың бұрынғы қалпына келуі үшін табиғаттың өзіне мүмкіндік беру деген сөз. Біз айналадағы ортаны – ауаны, суды, топырақты ластанудан үнемі қорғап отыруымыз керек. Біздің елімізде осы мақсатта көптеген жұмыстар атқарылуда. Біз айналадағы ортаны қорғау жөнінде басқа елдермен келісімдер де жасап отырмыз. - Жердегі барлық тірі организмдер Жердің биосферасын, яғни «тіршілік» қабығын түзеді. Қазіргі биосфера қабығы миллиардтаған жылдарға созылған ұзақ даму процесі – эволюцияның нәтижесінде қалыптасты. Биосфера адам өмірінде зор роль атқарады. Өсімдіктер атмосфераны оттекпен байытады әрі ол жануарлармен бірге адамның азық – түлігі ролін атқарады. Адам табиғат байлығын ақылдылықпен орынды пайдалануы тиіс. Бұл – адамның табиғатты алғандарының орнын толтыру, олардың бұрынғы қалпына келуі үшін табиғаттың өзіне мүмкіндік беру деген сөз. Біз айналадағы ортаны – ауаны, суды, топырақты ластанудан үнемі қорғап отыруымыз керек. Біздің елімізде осы мақсатта көптеген жұмыстар атқарылуда. Біз айналадағы ортаны қорғау жөнінде басқа елдермен келісімдер де жасап отырмыз.
Қазіргі кезде антропогендік факторлар әсерінің артуынан күрделі экологиялық проблемалар : кешетхана эффектісі , қышқыл жаңбыр , ормансыздандыру , ядролық қыс , озон кабатының жұқаруы мен тесілуі , шөлейттену , т . б . туындады . Антропогендік факторларға өнеркәсіп индустриясының барлық салалары , көлік , ауылшаруашылығы , орман шаруашылығы , энергетика , атом қаруын сынау , мұнай , газ және тау - кен өндіріс салалары , т . б . жатады .
Достарыңызбен бөлісу: |