Сабақ тақырыбы Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі Сабақтың оқыту мақсаты



бет1/3
Дата13.02.2023
өлшемі2.72 Mb.
#469490
түріСабақ
  1   2   3
куандыкова


САБАҚ ЖОСПАРЫ



Пән

Қазақ әдебиеті



Мұғалім

Қуандықова Эльмира

Мектеп, сынып

Атырау облысы, Атырау қаласы Дарынды балаларға арналған интернаттық мекесі бар облыстық гимназия, 7-сынып

Сабақ тақырыбы

Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы» әңгімесі




Сабақтың оқыту мақсаты

Ғ.Мүсірепов өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру. Әңгіменің идеялық мағынасын ашу, көркемдігін тану, сюжеттік-композициялық талдау жасау.

Күтілетін нәтиже



Барлық оқушылар:
Әңгіменің идеялық мазмұнын түсінеді. Ой түйінін табады. Анаға деген сый-құрмет перзенттік парыз екенін ұғынып, өмірлік ұстаным болу керектігін сезінеді.

Оқушылардың басым бөлігі:
Негізгі оқиғаларды талқылау арқылы негізгі мәселе мен түйінді ойды анықтайды. Шығарманы теориялық талдайды. Бүгінгі өмірмен байланыстыра ой толғайды.

Кейбір оқушылар:
Жазушы әңгімесіндегі кейіпкерлердің психологиялық ахуалының кілтін табады. Тарихи кезең оқиғасымен әңгіме желісін байланыстыра әңгімелейді. Болашаққа жоспар құрады. Тақырыпты игеруін шығармашылықпен біріктіріп, қабылдаған шешімін дәлел арқылы айғақтайды

Сабақ әдісі

топтастыру, салыстыру, талдау, ой қорыту, тест орындау, ой толғау, т.б.

Сабақтың түрі

Жаңа форматты сабақ. Жаңа тақырыпты меңгерту.

Керекті құрал-жабдықтар

АКТ, А3 қағаздар, маркер, оқулық, қима қағаздар, суреттер, т.б.

Сабақ барысы



Сабақ
кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Оқушылармен амандасу. Сынып оқушыларын «Мозайка» әдісі бойынша топқа бөлу. Құрастырылған сурет бойынша топтастыру. Сыныпта психологиялық жағымды ахуал туғызу.
І топ «Қуаныш»
ІІ топ «Шаттық»
ІІІ топ «Бақыт»
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
https://testmoz.com/1095411
Сайтына кіріп, С.Мұқановтың шығармашылығына байланысты («Балуан Шолақ», «Есіл бойында», «Саятшы Ораз» әңгімелері бойынша) тест тапсырмаларын орындату.

Мұғаліммен амандасады. Ортаға шығып, топқа бөлуге белсене қатысады. Сабаққа деген қызығушылығы артады.
Оқушылар дербес компьютерді қолдана отырып, берілген сайтқа кіріп, тест тапсырмаларын орындайды.

Тұсау кесер

Жаңа сабақты видеоролик көрсетуден бастау.
«Ана туралы». Сұрақтар қояды.

1. Бұл бейнебаянды тамашалағанда қандай сезімде болдыңыздар?


2. Ананың адамзат өміріндегі орны туралы не айтасыз?

Иә, Ананың адам өміріндегі алатын орны ерекше екенін бәріміз де білеміз. Бәріміз де Анадан жаратылдық. Ана бар жерде Қуаныш та, Шаттық та, Бақыт та болады. Бүгінгі сабақта жұмыс жасайтын оқушылар тобын да осындай атаулармен атап отырмыз. Өмірдегі Аналарымыздың бейнесі біздің әдебиетімізде де көркем көрінісін тапқан. Бүгінгі жаңа тақырып жазушы Ғ.Мүсіреповтің осы Ана тақырыбында жазылған әңгімесі болмақ. Назарларымызды интербелсенді тақтаға аударайық.





http://bilimland.kz/kk/


http://bilimland.kz/kk/home#lesson=15454
http://bilimland.kz/kk/content/lesson/10712-birqalypty_zhane_birqalypty_emes_qozhalystar
сайтындағы Ғ.Мүсірепов шығармашылығы және «Ананың анасы» әңгімесі туралы мәліметтерді тыңдату.

Интербелсенді тақтадан презентация бойынша Ғ.Мүсірепов туралы қосымша мәліметтермен ой толықтыру.



Оқушылар You Tube https://www.youtube.com/watch?v=rclcVTj-kaE
сайтынан алынған бейнефильмді көріп, тыңдайды, ойларын ортаға салып, сұрақтарға жауап береді.
Ғ.Мүсірепов шығармашылығы туралы қысқаша деректі, әңгіменің идеялық мәні мен жалпы мазмұны туралы мағлұмат алады.



Негізгі бөлім

Алдын ала оқушыларға әңгіме мазмұнын оқып келуге тапсырылғаннан кейін мәтін бойынша топтық жұмыс беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет