Бөлім тақырыбы: 5.3. Үйсіндер мен қаңлылар Сабақ тақырыбы: Үйсіндер туралы жазба деректер 3-сабақ
Қазақстан тарихы
5-сынып
Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығы
Үйсін мемлекеті Ұлы Жібек жолы бойында орналысты. Олар көршілес елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыстар орнатты. Қытай деректері: «Шығысында – ғұндармен, батыс жағында қаңлы елімен шектеседі. Жері ұлан-байтақ, кең әрі жазық, жауын-шашыны көп. Ауа райы суық. Тауларында қалың қарағай өседі», - деп суреттейді. Үйсін мемлекеті Ұлы Жібек жолы бойында орналысты. Олар көршілес елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыстар орнатты. Қытай деректері: «Шығысында – ғұндармен, батыс жағында қаңлы елімен шектеседі. Жері ұлан-байтақ, кең әрі жазық, жауын-шашыны көп. Ауа райы суық. Тауларында қалың қарағай өседі», - деп суреттейді.
Үйсіндерде тері өңдеу кәсібі жақсы дамыған. Қолөнершілер былғарыны пайдаланып, одан күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдар: ыдыстар, аяқкиім, тері шалбар, бешпент, киім-кешектер тікті. Далалықтар тері мен киізді шеберлікпен өңдеп, түрлі түске бояды. Көбінесе мұнымен әйелдер айналысты.
Еркектер қару жарақ заттарын, жүген, ер, арба, жасады, үй салды, өздеріне және әйелдерге етік тікті, аң аулады. Олардың басты міндеті отбасын асыра және мал мүлікті қорғау болды.
Қарғалы диадемасы
Алматы қаласына жақын Қарғалы шатқалынан табылған тәті (диадема) – назар аударарлық олжаның бірі. Бұл тәті (тәж тәрізді әшекейлі баскиім) б.з.б. ІІ-І ғасырларда өмір сүрген зергер- ұстаның тамаша туындысы. - Алматы қаласына жақын Қарғалы шатқалынан табылған тәті (диадема) – назар аударарлық олжаның бірі. Бұл тәті (тәж тәрізді әшекейлі баскиім) б.з.б. ІІ-І ғасырларда өмір сүрген зергер- ұстаның тамаша туындысы.
Жалпақ алтын тәтінің ұзындығы - 35 см, ені – 4,7 см. Ол, құс және адам бейнелерімен безендірілген. Бұл бейнелер неше түрлі өсімдік өрнектерімен көмкерілген. Тәті үш бөліктен тұрады. Әр бөлік тұғар үстіндегі қанатты тұлпар (пырақ) бейнелері арқылы ажыратылған. Қақ ортаға айдаһар орналасқан. Оның оң және сол жағындағы жан жануарлар бір біріне қарама қарсы бағытталған. Мұнда қанатты жолбарыс, жылқы, аждаһа, жартылай адам тәрізді қиял ғажайып бейнелер өте көп. Тәті көгілдір ақық тағы басқа түрлі тастар орнатылып безендірген. - Жалпақ алтын тәтінің ұзындығы - 35 см, ені – 4,7 см. Ол, құс және адам бейнелерімен безендірілген. Бұл бейнелер неше түрлі өсімдік өрнектерімен көмкерілген. Тәті үш бөліктен тұрады. Әр бөлік тұғар үстіндегі қанатты тұлпар (пырақ) бейнелері арқылы ажыратылған. Қақ ортаға айдаһар орналасқан. Оның оң және сол жағындағы жан жануарлар бір біріне қарама қарсы бағытталған. Мұнда қанатты жолбарыс, жылқы, аждаһа, жартылай адам тәрізді қиял ғажайып бейнелер өте көп. Тәті көгілдір ақық тағы басқа түрлі тастар орнатылып безендірген.
Қарғалы тәтісінің басты тақырыбы әлем бейнесі. Үйсіндер жан жануарла арқылы әлемді, жер бетіндегі тіршілікті бейнелеген: олардың түсінігінде құстар аспанның, қанатты тұлпар күннің белгісі саналған.
1-тапсырма. Хабарлама дайындаңдар - Неліктен қытай жазбаларында үйсіндер туралы көптеген деректер сақталған? Қытайдың бір дерегін негізге алып, «Үйсін қоғамы» туралы хабарлама дайындаңдар.
2-тапсырма. Сұраққа жауап бер. - Ұлы Жібек жолын бақылауда ұстау қаңлыларға қандай мүмкіндіктер берді?
Кері байланыс: «Бас бармақ»
Достарыңызбен бөлісу: |