Сабақ тақырыбы Наймандар, керейіттер және жалайырлар Сабақтың зерттеу сұрағы



бет1/3
Дата12.04.2024
өлшемі249 Kb.
#498509
түріСабақ
  1   2   3
Наймандар, керейіттер және жалайырлар 6 сынып


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.2A Х – XІІІ ғғ. Қазақстан территориясындағы мемлекеттер

Мектеп: № 39 гимназия

Күні: 15.11.2018

Мұғалімнің аты-жөні: Жунуспекова Б.К.

Сынып: 6

Қатысқандар саны: 22
Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Наймандар, керейіттер және жалайырлар

Сабақтың зерттеу сұрағы

Найман, керейіт пен жалайырлардың ортағасырлардағы саяси сахнадағы рөлі қандай болды?

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.3.1.3 – X ғ. – XIII ғ. басындағы мемлекеттердің даму ерекшеліктерін түсіндіріп, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау

Сабақ мақсаттары

X – XIII ғғ. қоныс аударған тайпалардың қазақ халқының этникалық қауымдастық және мемлекет ретінде қалыптасуында атқарған рөлінің маңыздылығын түсінеді, найман, керейіт, жалайырлардың даму ерекшеліктеріне баға береді.

Бағалау критерийлері

Қазақстан аумағына найман, керейіт, жалайырлардың қоныстану себептерін талдайды.
Найман, керейіт, жалайырлардың даму ерекшеліктерін анықтайды.



Тілдік мақсаттары

Келесі себептер/ факторлар қысқа мерзімді/ орта мерзімді/ ұзақ мерзімді болып келеді.
Бірқатар факторлар келесі факторларға әсер етті, мысалы...
Ең басты өзгерістер / жетістіктер болды…
X Y қарағанда маңыздырақ болды, өйткені
Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені
Біздің анықтағанымыз...
Қорытындысында...

Құндылықтарды
дарыту


Ашықтық, жауапкершілік
- өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну
- патриотизм
- өз елі үшін мақтаныш
- ұлттық сана-сезім
- тәуелсіздік

Пәнаралық
байланыстар

Дүние жүзі тарихы

АКТ қолдану
дағдылары

Сабақ барысында интерактивті тақта мен жеке ноутбук қолдануға рұқсат етіледі.

Бастапқы білім

Дамыған орта ғасырлардағы Қарақытай мемлекетінің ерекшеліктерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
5 минут



Сәлемдесу.
Жағымды ахуал орнату.
Шаттық шеңбері
Оқушыларды топқа бөлу «Мозайка» арқылы бөлінеді
1-топ. Наймандар
2-топ. Керейіттер
3-топ. Жалайырлар
Үй тапсырмасына шолу Блиц сұрақтар «Кім жылдам?»

  1. Қарақытайлардың Жетісу жеріне келуінің себебі неде?

  2. Қарақытай билеушісі ел басқаруда қандай саясат ұстанады?

  3. Қарақытайлардың жаугершілік соғыстары туралы не білесің?



Слайдтар

Сабақтың ортасы
20 минут
(әр топқа дайындыққа 10 минут, қорғауға 3 минут)

10 минут



Т 1-тапсырма. Найман, керейіт, жалайырлардың Қазақстан аумағына қоныстануының себептерін «Фишбоун әдісі» («Балық сүйегі») арқылы талдау.

Басы – негізгі тақырып – Найман, керейіт, жалайырлардың Қазақстан аумағына қоныстануы, жоғарғы сүйектері – себептері, төменгі сүйектері – себептерді көрсететін дәлелдер, құйрығы – қорытынды.
1-топ. Наймандар
2-топ. Керейіттер
3-топ. Жалайырлар
Бағалау критерийі: Қазақстан аумағына найман, керейіт, жалайырлардың қоныстану себептерін талдайды.
Дескрипторлар:

  • Найман, керейіт, жалайырлардың қоныстану себептерін анықтайды;

  • Найман, керейіт, жалайырлардың қоныстану себептеріне қатысты дәлелдер – фактілерді көрсетеді;

  • Найман, керейіт, жалайырлардың Қазақстан аумағына қоныстану салдарлары туралы қорытынды ойын жазады.

2-тапсырма. Ж.ж. Әр мемлекетке қатысты мәліметті төмендегі кестеге топтастырыңыз.



а

Тарихшы Әбілғазының «Түрік шежіресінде» оларды Шыңғысханның қолға түсірген тұтқындары ретінде көрсетеді, олар адал қызметтері арқылы монғолдарға сіңісіп кеткен Шыңғысханның қолға түсірген тұтқындары ретінде көрсетеді, олар адал қызметтері арқылы монғолдарға сіңісіп кеткен

b

Селенгі, Хилок, Орхон өзендері, Қарақорым таулы қыраттарында өмір сүрген

с

Орхон, Керулен, Селенгі, Аргун өзендерінің бойында тұрған

d

Мемлекет Наркеш Дайын кезінде күшейді

e

Халықты өз төңірегіне топтастыра білген Инанч-Білге елді өнерге, күн көріс- тіршілікке баулып, бейбіт өмір салтына тартады

f

Орталығы Улан-батор қаласы жанындағы Битөбе деген жерде болған

g

Маркус пен оның баласы Құршақұз кезінде мемлекет шарықтау шегіне жетті

h

Білге хан қайтыс болғаннан кейін, оның ұлдары Бұйрық пен Даян арасында билік үшін талас басталды

i

Жамұқа құрылтай шақырып, өзін гурхан жариялаған

j

Шыңғыс ханның құтылу үшін Күшлік Жетісуға қашты

k

Рашид ад - Дин « Монғол жерінде өмір сүрген ... – күшті дамыған ел.Олар тек Шыңғыс хан әскерінен әлсіреді. Олардың мәдениеті өте жоғары болып, көне түрік жазуларын пайдаланған»- деп жазған

l

Шыңғысханның жақын адамы, ақын, шешен, әрі батыр Мұқылай болған




Наймандар

Керейттер

Жалайырлар










Дескриптор Білім алушы

  • Найман мемлекетіне қатысты мәліметті жіктейді;

  • Керейіт мемлекетіне қатысты мәліметті жіктейді;

  • Жалайырлар мемлекетіне қатысты мәліметті жіктейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет